Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.12.2016

Алмалы ауданында ҚР Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара болып өтті


М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының акт залында Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.



Аталмыш іс-шараға қалалық мәслихаттың депутаттары, аудандық құрылымдардың басшылары, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушылары, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт салаларының қызметкерлері, бизнес, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.



Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлы ҚР Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен  жиналған қонақтарды құттықтады.



Сонымен қатар, аудан әкімі мереке күні ауданымызға еңбегі сіңген азаматтарды «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен және алғыс хаттармен марапаттады.



Іс-шарада Н.Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі, Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының опера әншісі Жәмиля Баспақова,


ауданның жас жұлдыздары мен халықаралық конкурстардың лауреаттары өз өнерлерін көрсетті. 


14.12.2016