Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Турнир по волейболу, посвященный Дню Независимости 18.12.2014

Мерекелік-спорттық іс-шара


Алмалы ауданы әкімінің аппараты ағымдағы жылдың 17 желтоқсанында Қазақ спорт және туризм академиясының спорт залында 2001-2003 жж. туылған қыздар арасында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» орай волейболдан мерекелік турнир ұйымдастырды.

Бұл спорттық мерекенің басты мақсаты - еліміздегі жастарды салауатты өмір салтын ұстауға шақыру, олардың бойындағы отансүйгіштік, төзімділік пен табандылық қасиеттерін арттыру болып табылады.Әрі аталмыш іс-шара Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы аясында өтті. Жарыстың жеңімпаздары естелік сыйлықтармен, аудан әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Алмалы ауданы әкімінің аппараты, «Нұр Отан» ХДП Алмалы ауданы бойынша филиалы, Алматы қаласының «Волейбол Федерациясы» ҚБ, Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ, «Irish Pub Dublin» ЖШС, «Ақ ниет» емдеу сауықтыру орталығы, «Ұлттық Медициналық Ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қорғау HR» ҚФ, Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.

Жарыстың қорытындысы бойынша 1-ші орынды Талғар ауданының командасы, 2-ші орынды Қазақ спорт және туризм академиясының командасы, 3-ші орынды Алматы облысының Жамбыл ауданының командасы иеленді. Мерекелік турнирге Алматы қаласы мен облысының ең үздік волейбол командалары қатысты. Барлығы 7 команда.

 

18.12.2014