Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.04.2016

Алматы қаласының Алмалы ауданында ХV Халықаралық джаз фестивалінің қорытынды концерті өтті


Алматы қаласының Алмалы ауданында ХV Халықаралық джаз фестивалінің қорытынды концерті өтті
Алматыда  ХV Халықаралық джаз фестивалінің шымылдығы түрілді. Дәстүрлі  шара жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен келген джаз шеберлерінің басын қосып, үш күн  қатарынан концерт берді. Музыка сүйер қауымның құлақ құрышын қандырып қана қоймай, джим-сейшннен джазмендердің өздері ләззат алды. 
Джаз фестивалінің ашылу салтанаты Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияның концерт залында өтті. Ал, қалған күндері танымал музыканттар «Қазақконцерт» сахнасында өнер көрсетті.
Жалпы  шара джаз жанрының майталмандарын жинады. Олар француздық Боян Зед дуэті мен Жульен Луро дуэті және Австрия, Венгрия, Польша, Израиль, сондай-ақ  Германияның музыкалық топтары тағы бар. Мұнда алғаш рет италиялық музыканттар «Лука Чиар» триосы мен Джулиано Периннің квартеті алғаш рет өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынды. Алматылық өнерсүйер қауым тарапынан да фестивальге деген қызығушылық айрықша.
Айта кетейік, бұл шара бұған дейін атауын бернеше рет өзгертті. 15-ші рет өткізіліп отырған дәстүрлі шараға Алматы қаласының әкімдігі мен алып шаһардағы дипломатиялық миссия өкілдіктері мұрындық болды.  Негізгі ұйымдастырушысы — Алматы джаз мектебі. Тілге тиек етерлік, жастарға арналған мұндай білім ордасы Орталық Азиядағы жалғыз ғана. Онда 6 жас пен 18 жас аралығындағы оқушылар тәлім алады. Өткізіліп жатқан фестиваль шәкірттер үшін керемет мүмкіндік, шетелдік музыканттарға қарап бой түзейді. Шеберлік дәрісі деуге болады.  Ал өз өнерін көрсетуге келген қонақтар үшін Алматы қаламыз бен тұрғындарының өнер түсінуі керемет әсер етті. 
11.04.2016