Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

31.07.2015

Алмалы ауданында № 62 гимназия мектебінің спорт алаңында аула клубтары арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды


Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу және «Біздің жазғы эстафета» акциясы аясында Алмалы ауданы әкімі аппаратының және Алмалы ауданы бойынша «Нұр Отан» партиясының филиалының бастамашылығымен №62 гимназия мектебінің спорт алаңыныда аула клубтарының арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды. Спорттық шараға 12 футбол командасы қатысып, дүбірлі сайыстың қорытындысы бойынша ең үздік үштік анықталды.

1-ші орынды «Алматы Юнайтед-2001», 2-ші орынды «Синалко-Бейбарыс» және 3-ші орынды «Алматы Юнайтед-2000» командалары иеленді.

Жарыс жеңімпаздары грамоталар мен естелік сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараның маңыздылығы балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын сақтау, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, ұлтаралық бейбітшілікті нығайту және т.б.

Іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткендер: Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Алматы қаласы Ішкі істер бөлімінің нашақорлықпен күрес басқармасы.

31.07.2015