Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.07.2018

Алмалы ауданында қарттар үшін ағылшын тілі сабақтары өткізіледі


Тіл – ақылдың өлшемі, ұлттың жаны дегендей, тілдің маңыздылығы әрқашан ерекше бағаланған.  Осыған байланысты, «Белсенді ұзақ өмір сүру» бағдарламасы шеңберінде қарт адамдарға арналған тегін ағылшын сабақтары басталды. 



Бұл Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен «Skada Ls» ағылшын мектебінің бірлескен жобасы, мақсаты қарт адамдар үшін арнайы курс әзірлеп, негізгі және кәсіби ағылшын тілін үйрету болып табылады. Есте сақтау қабілетінің нашарлауына байланысты, егде жастағылардың жаңадан шетел тілін оқып үйренуге шамалары келмейді деген пікір қалыптасқандықтан көп адамдар тап осылай ойлайды. Тап осыны болдырмау мақсатында, еске сақтау қабілетін шындау үшін, ғалымдар тақпақ-өлеңдерді жаттауды және шет ел тілдерімен шұғылдануға кеңес береді – бұл адам миы үшін өзінше бір жаттығу болып табылады.



Егер сіз ағылшын тілін түсінуді армандаған болсаңыз – зейнеткерлерге арналған ағылшын тілі курстарына жазылыңыз! 
Осыған орай,  қарттарға арналған ағылшын сабақтары сейсенбі және бейсенбі күндері сағ. 12.00-де, «Skada Ls» ағылшын мектебінде (Шарипов көшесі,  32, Әйтеке би  қыйылысы) өтеді. Алдын ала жазылу мен қосымша акпаратты мына телефон номерлері арқылы біле аласыздар: 261-51-20; 272-79-12.


19.07.2018