Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.06.2017

Алмалы ауданында «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» атты байқау өтті


«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалында «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» атты байқаудың бірінші кезеңі өткізілді.  



Байқауға 50-ден астам бастауыш партия ұйымдары өтініш беріп, өз бақтарын сынады. Байқауға қатысушылар 3 топ бойынша бағаланды: партия мүшелері саны 100-ге дейін; партия мүшелері саны 100-ден 500-ге дейін; партия мүшелері саны 500-ден астам.
«Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының басты мақсаты – партия аудандық филиалының үздік бастауыш партия ұйымдарын анықтау, белсенді БПҰ төрағаларынан кадрлық резерв құру, БПҰ жұмысының белсенділігінарттыру.



Байқау комиссиясы құрамында «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиала төрағасының бірінші орынбасары Найля Ордабаева, Алматы қ. Мәслихат депутаты, партия Алмалы аудандық филиалының Саяси кеңес Бюросының мүшесі, партия депутаттар фракциясы мүшесі Сабина Амангелді,партия Алмалы аудандық филиалының Саяси кеңес мүшесі, «Қазақстан балалары» ҚҚ президенті Гаухар Танашева, партия Алмалы аудандық филиалының Саяси кеңес мүшесі, Алматы технологиялық университетінің тәрбие жөніндегі проректоры Қалтай Батхолдин,   партия ардагері, Алматы мемлекеттік көлік және байланыс колледжі директорының тәрбие жөнідегі орынбасары Бағдаулет Абызбаев болды.



Партия мүшелері саны 100-ге дейінгі топ бойынша бірінші орынды «Ақ жүрек» және «Есепшілер және аудиторлар ассоциациясы» бастауыш партия ұйымдары иеленсе, партия мүшелері саны 100-ден 500-ге дейінгі көрсеткіш бойынша «Қазақ ұлттық онкология және радиология зерттеу институты» бастауыш партия ұйымы алса, партия мүшелері саны 500-ден асатын топ бойынша бірінші орын  «Ұлағат» және «Қазақстан темір жолы» бастауыш партия ұйымдарына берілді. 


28.06.2017