Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.08.2015

Алмалы ауданында қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай шығармашылық кеш өтті


Алматы жастары Алмалы ауданы әкімі аппаратының қолдауымен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай шығармашылық кеш өткізді.

«Бүгінгі кешті өткізудегі басты мақсатымыз қазақ жастарына Абай тұлғасын патриоттық, азаматтық, ақын, ойшыл, философ қырынан тағы да аша түсу. Абайдың сөз мұрасы келер ұрпақтың, тіпті қоғамның рухани дамуына үлкен септігін тигізері сөзсіз. Жастар Абайдың кім екендігін білуі керек. Оның әндерін, өлеңдерін жатқа айтып, жадында сақтауы керек», - деді кештің ұйымдастырушысы Ғалия Жаныманова.

Қазақтың ұлы ақынын еске алуға жиналған халықта есеп болмады. Әсіресе, жастардың қызығушылығы өте үлкен.

Кеш барысында ақынның өлеңдері мәнерлеп оқылып, классикаға айналған «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» әндері шырқалды.

Қатысушылар құрмет грамотасымен мапаратталды.

12.08.2015