Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.03.2017

Алмалы ауданында мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа жолдауын талқылау үшін кездесу өтті


Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау үшін, халық арасында кең ауқымды ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізілді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы мен «Өрлеу» жобасында қарастырылған белсенді жұмыспен қамту шараларына азаматтарды тарту, аудан тұрғындарына әлеуметтік қолдау мен әлеуметтік қамтамасыз етудегі жаңа қадамдар жайлы ақпарат берілді.



Іс жүзіндегі заңнама мен әлеуметтік-еңбек саласындағы жаңашылдықтарды дұрыс түсінбеуге және де қоғамда әлеуметтік шиеліністерге жол бермеу мақсатында,  № 15 мектеп гимназиясында Алмалы ауданындағы мекемелердің еңбек ұжымдарымен, қоғамдық ұйымдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, жұмыссыз азаматтар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өткізілді. Кездесуе келгендер қажетті мәліметтерін алып, туындаған сұрақтарына жауаптарын алды.



Осы аталған  түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында, құрамына Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің, Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар Басқармасының, Алматы қалалық жұмыспен қамту Орталығының, «Азаматтарға арналған үкіметі  Мемлекеттік корпорациясы»
КеАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы «Әлеуметтік төлемдерді  ведомствоаралық есептеу Орталығы» Департаментінің, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» Акционерлі Қоғамының, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» Акционерлі Қоғамының қызметкерлері  және азаматтық қоғамдардың өкілдері қатысты.
     




18.03.2017