Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.08.2018

Алмалы ауданында «Нұр Отан» партиясының байқаулары өтті


«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалында «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» атты байқаудың бірінші кезеңі өткізілді. Байқауға 50-ден астам бастауыш партия ұйымдары өтініш беріп, өз бақтарын сынады. 

Байқауға қатысушылар 3 топ бойынша бағаланды: партия мүшелері саны 100-ге дейін; партия мүшелері саны 100-ден 500-ге дейін; партия мүшелері саны 500-ден астам. «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының басты мақсаты – партия аудандық филиалының үздік бастауыш партия ұйымдарын анықтау, белсенді БПҰ төрағаларынан кадрлық резерв құру, БПҰ жұмысының белсенділігін арттыру. 

Байқау комиссиясы құрамында «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиала төрағасының бірінші орынбасарының м.а Ағжан Сабенова; «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, Ішкі аурулар және кардиология ғылыми зерттеу институтының ғылыми хатшысы Нұрлан Әбдіқалиев; партияның Алмалы аудандық филиалының Саяси кеңес мүшесі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әлеуметтік жұмыс департаментінің басшысы Аслан Байзаханов; Алматы қалалық мәслихат депутатының көмекшісі Дмитрий Саврас, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының кеңесшісі Самат Төрехан; партияның Алмалы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Рахмидин Ходжаев болды. 

Партия мүшелері саны 100-ге дейінгі топ бойынша бірінші орынды «Алмалы – библиотека» бастауыш партия ұйымы иеленсе, партия мүшелері саны 100-ден 500-ге дейінгі көрсеткіш бойынша «Қазақ ұлттық онкология және радиология зерттеу институты» және «Денсаулық – Қалалық кардиологиялық орталық» бастауыш партия ұйымдары алса, партия мүшелері саны 500-ден асатын топ бойынша бірінші орын «Ұлағат» бастауыш партия ұйымына берілді. Сонымен қатар, осы күні «Үздік партиялық» байқауы да өтті. 

Байқау комиссия мүшелерінің шешімі бойынша, «Үздік партиялық» атағы №181 балабақша әдіскері Гүлнәр Оспановаға берілді.

02.08.18_нуротан_внутрь.jpeg

02.08.18_нуротан_внутрь1.jpeg

 

03.08.2018