Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.09.2015

Алмалы ауданында «Хип-хоп диабетке қарсы!» атты фестиваль өтті


Алмалы ауданында орын тепкен көпшілікке танымал Арбат алаңында Алматының хип-хоп қозғалысы «Хип-хоп диабетке қарсы!» фестиваліне қатысты.Рэпер, битбоксер, брейкдансерлер мен граффити суретшілері  бірауыздан «диабетке жол жоқ!» деп ұрандатты. 

«Хип-хоп диабетке қарсы!» фестивалі екі мақсатты көздеді: жастарға қант диабеті және ол індетті алдын алу туралы ақпаратты жастар тілінде түсіндіріп жеткізу, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау. 

Аталмыш шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан Республикасында қант диабеті бойынша ағартушылық  қоры» ҚҚ өткізілетін шара шеңберінде Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінің қолдауымен «Назар аударыңыз қант диабеті қасыңызда!» жобасы аясында өтті. 

Фестивальға 100-ден аса рэпер, битбоксер, брейкдансерлер мен граффити суретшілері, сонымен қатар 3000 қала тұрғындары мен қонақтар қатысты. 

Шараға қатысушылар мен көрермендер салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыбында рэп жарысын тамашалады, ал  суретшілер  осы тақырыпты графити арқылы жеткізді. 

Кең көлемді бұл жоба қоғам арасында қант диабетін ауқымды түрде ақпараттандыруға бағытталған. Жоба аясында Алматы және Астана  қаласы тұрғындар мен студенттер және оқушылар  арасында қант диабетін анықтау және ақпараттар тарату мақсатында түрлі акциялар мен шаралар өткізуге бағытталған.

28.09.2015