Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.09.2015

Алмалы ауданында Универсиада-2017 символы орнатылды


«Алматы қаласының Халықаралық спорт жобалары Дирекциясы» Мемлекеттік Қоры баспасөз қызметінің айтуынша, «Сұңқар» деп аталған балапанның бейнесі Алматыда 2017 жылы өтетін қысқы Универсиаданың символы ретінде 2012 жылы «Қанатыңды кең серпі» деген жарнамалық ұран бойынша әзірленген.

«Сұңқар» ескерткіші «Бүгінгі балапан ертең қанатын кең жазып, талай Олимпиаданың жеңімпазы болады» - деген мағынаны білдіреді.

Сноубордшы және хоккейші ретінде бейнеленген стелла темір қаңқадан жасалып, шыны талшықтармен және пенопластпен толтырылған. Бұл оның беріктігі және төзімділігін қамтамасыз етеді.

Енді әрбір алматылық «Сұңқарды» өз көзімен көріп, фотосуретке түсе алады. Осылайша 2017 жылы болатын Универсиадаға қолдау көрсете отырып, спорттық өмір салтын ұстана алады.

Стелланың ашылу құрметіне орай, «MEGA Park» сауда ойын-сауық орталығы алаңында Универсиада еріктілері би-флешмоб ұйымдастырды. Ондағы мақсат - елімізде волонтерлік қозғалыстың күш алып келе жатқандығын, Универсиада волонтері болу көңілді де сәнді екендігін көрсету. Келушілер жастарды қолдап, олар көрсеткен би қозғалыстарын ризашылықпен орындады.

03.09.2015