Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2017

Алматыда «Мен ̶ қазіргі заман куәгерімін» заманауи өнер көрмесі ашылады


Алматыда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ̶ Ұлт көшбасшысы қорында «Мен – қазіргі заман куәгерімін» заманауи өнер көрмесі өтеді. Шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ̶  Ұлт көшбасшысы қорының, Алматы қаласы Әкімдігінің және ҚР Суретшілер одағының қолдауымен ұйымдастырып отырған – ҚР Жас суретшілер одағы.



Көрмеге әрбір суретші өзінің шығармашылық әлеуетін және өмірдегі ең маңызды нәрсе туралы, ақиқат пен сұлулық туралы түсінігін көрсетіп, «100х100» конкурсына қатысқан авторлардың жұмыстары қойылады.



«Мен   ̶  қазіргі заман куәгерімін» басқаша «қазіргі заман адамы» сияқты естілуі мүмкін. Және осылайша оқу бір суретшілерге өзінің жанында жүрген ортаның өмір сүру арқауын ̶ отбасын, достарын, терезенің ар жағындағы табиғатты көруі үшін айналасына көз салуға мүмкіндік берді. Ал екінші біреулерге  ̶  тек өзі туралы ғана емес, болмыстың мәні  туралы, адамның өмірде және тарих кеңістігінде орны туралы ойлары мен сезімдері мекендейтін өзінің ішкі «меніне» көз жүгіртуіне септігін тигізді.



Композицияға берілген формат барлық суретшіні теңдей жағдайға қалдырып, мәселені күрделендіріп жіберді: әркім қандай сюжетті таңдаса да, ол жасаған образ тұрақты әлемнің символы болатын шаршыға келіп тірелді. Өнер  ̶  еліміздің мәдени өміріндегі визуалдық шежіресінің қажетті парағы. Ол көзге көрініп тұрған болмысты сипаттап қана қоймай, мәңгілік пен өтпелінің, махаббат пен достықтың, ұлттық пен жалпыадамзаттықтың теңеулері мен символдарына орын табылатын қиялда жүрген өмірдің образдарын сомдайды. Өнер суретші жасаған бейнелердің сұлулығымен, қуатымен, бейнелілігімен өмірдегі құбылыстардың құндылығын айқындайды. Бұл көрменің бірегейлігі сол  ̶  ұсынылған жұмыстардың бәрі де бірдей көлемде  ̶  100х100 және 2016 жылы Тәуелсіздігіміздің мерейтойлық жылы салынған. Көрмеде бейнелеу өнерінің барлық жанрын көрсету жоспарымызда бар, олар  ̶  кескіндеме, графика, мүсін, инсталляция және т.б.
Көрме 31 қаңтарға дейін көрсетіледі. Кіру тегін.


20.01.2017