Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

19.05.2016

Алмалы ауданы әкімі аппаратында аудан әкімі Жасұлан Естенов Корея Республикасының Канвандо провинциясындағы Донхе қаласының пелагогтерімен кездесті


Кездесуге сондай-ақ, Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Бекжанова Айнұр Серікқызы, Донхе қаласындағы жоғарғы мектебінің директоры Ли Зе Ха; Донхе қаласындағы жоғарғы мектептің орыс тілі пәнінің оқытушысы У Светлана; «Достар» Халықаралық мектеп-лицейінің директоры Ким Леонид Леонидович; «Достар» Халықаралық мектеп-лицейінің география пәнінің оқытушысы Серғазина Светлана Серікқызы қатысты. Дөңгелек үстел басында екі тарап та педагогика саласында қазақстандық-корейлік әріптестіктің маңыздылығы мен жемісі, педагогтер, шәкірттер арасындағы тәжірибе алмасу қажеттілігі мен білім саласындағы шығармашылық шыңдалу жолдарын іздеу туралы әңгіме жылы өрбіді. Заманауи болмыс әр  мемлекеттің басты көрсеткіші адами әлеует екендігін, сондықтан білім саласындағы халықаралық тәжірибе алмасу  жүйесін дамытудың соншалықты маңыздылығын көрсетуде, бұл қазақстандық түлектердің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін ұлғайта түспек. Кездесу соңында Жасұлан Тоққожаұлы Ли Зе Хаға Қазақстанға деген қызығушылығы үшін ыстық ықыласын білдірді. 
«Достар» Халықаралық мектеп-лицейі Алматы қаласындағы 2000 жылы негізі қаланған мемлекеттік меншікке жатпайтын заманауи мектептердің бірі. 
Алматы қаласы мен Канвонда провинциясы арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес әріптестік нығайды. 2006 жылы қалалық білім беру басқармасының басшысы Гүлмира Исимбаева мен «Достар» ХМЛ директоры Леонид Ким жоғарғы мектеп директоры Ли Зе Ха өкіл болып табылатын корейлік тараппен білім саласындағы әріптестік туралы шарт жасасты. Қазақстан мен Кореяның 10 жыл бойғы бірлескен қызметі барысында әр мемлекетте 50-ден астам білім алушылар болды. Жыл сайын корейлік тараптан біздің делегацияны Донхэ қаласының мэрі қабылдайды. Аталған әріптестік Қазақстан мен Корея арасындағы білім және мәдениет салаларындағы байланысты нығайтып, білім саласындағы үздік технологияның шетелдік тәжірибесін қабылдай отырып, білім беруді барынша өнімді дамытуға көмектеседі. 
Жұмыс істеп тұрған  15 жыл ішінде «Достар» мектебінде 112 аудандық, 15 қалалық және 2 республикалық пәндік олимпиада жүлдегерлері,  республикалық  деңгейдегі ғылыми жоба байқауының 4 жеңімпазы мен 4 Жыл сайын «Алтын белгі құрмет белгісіне үміткерлер артқан үмітті ақтап келеді. 14 түлек «Алтын белгі» төсбелгісімен марапатталған. Үздік аттестатқа 13 оқушы қол жеткізді. Педагогикалық ұжым жұмысының маңызды көрсеткіштерінің бірі Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің нәтижесі болып табылады. «Достар» ХМЛ үздік мектептер ондығынан төмендеген емес. 2015 жылы ҰБТ орташа балл 109 ұпайды құрады. Мектеп Алматы қаласындағы мектептердің көрсеткіші бойынша 4-орынды, ал жекеменшік мектептер арасында 1-орынды иеленді. 
 




19.05.2016