Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.03.2015

«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының кезектен тыс конференциясы Алмалы ауданы әкімі аппаратында өтті


Конференцияны «Нұр Отан» партиясының Алмалы аудандық филиалының төрағасы, Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов ашып, жүргізді.

Конференцияның жұмысына партияның қалалық және аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, Алматы қаласы мәслихатындағы депутаттық фракцияның мүшелері қатысты.

Конференцияның талқылауына келесі күн тәртібі ұсынылды:

1. «Нұр Отан» партиясының XVI съезіне Партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Президенттікке ұсыну туралы бастауыш партия ұйымдарының ұсыныстарын талқылау

2. «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының XVІ кезектен тыс конференциясына делегаттар сайлау туралы

«Кезектен тыс өтетін Президент сайлауы – үздіксіз даму үдерісіндегі Қазақстан Республикасы үшін тарихи маңызды сәт. Өздеріңіз білесіздер, халықаралық деңгейде беделі күн санап артып келе жатқан Қазақстан өз егемендігінің 23 жылдығында ғасырға бергісіз даму сатыларынан өтті. Дүние жүзінің алпауыт елдері татулық пен ынтымақтастықтың негізіне айналған елімізді өздеріне үлгі тұтып, кез келген жағдайда ерекше ықыласпен танып біледі. Бұл – біртұтас Қазақстанды «Мәңгілік Елге» ұластырып, бүкіл әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосу бағытын ұстанған ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің, сарабдал саясатының арқасы екені даусыз. Елбасының «Мәңгілік Елге» айналу идеясы – төл еңбегі «Қазақстан–2050» Стратегиясынан бастау алады. Оны жүзеге асыру тетігі – «Нұрлы жол» бағдарламасында жатыр. Осы орайда, біз Тәуелсіз Қазақстанды Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлынан бөліп-жарып қарай алмаймыз. Біз үшін Тәуелсіз Қазақстан мен Тұңғыш Президент – егіз ұғым, тоғысқан бір арна. Сондықтан, Елбасына осы келешегі кемеңгер идеяларын іске асыру үшін Президент ретінде жаңа мандат беруіміз керек» - деді өз сөзінде Серік Құсайынов.

2015 жылдың 16 ақпанында Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінде жасалған ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу туралы ұсынысы бүкіл қазақстандық азаматтардың қызу қолдауына ие болды.

02.03.2015