Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.01.2017

Универсиада-2017 күндері Медал Плаза жобасы қызмет жасамақ


Қысқы ойындарды өткізу кезінде Алматыдағы Республика сарайы алаңында Универсиада-2017 спорттық емес нысаны – Медал Плаза қызмет жасамақ. 29 қаңтардан бастап 8 ақпан аралығында осы нысанда сағат 15:00-ден 22:00-ге дейінгі аралықта күнде Универсиаданың хаттамалық және мәдени бағдарламасы аясындағы іс-шаралар өткізіледі.
Хаттамалық бағдарламаға Медальмен марапаттау салтанаты жатады, ол ресми түрде өткізілетін болады. Алматы қаласы әкімдігінің және Халықаралық студенттік спорт федерациясының (ФИСУ) өкілдері, сондай-ақ, басқа да ресми тұлғалар Универсиада жеңімпаздарын медальдермен және бойтұмарлармен марапаттайтын болады.



Салтанат кезінде «Gaudeamus» әнұранын шырқай отырып, жеңімпаз елдің туы көтеріледі. Медальмен марапаттау салтанаты сағат 20:00-де басталады. Медал Плазада күн сайын 2-10 марапаттау салтанаты өткізіледі. Хаттамалық сценарийге сәйкес бір медаль жиынтығын табыстауға 10 минут уақыт бөлінеді. Сөз орайында айтып өтелік, Универсиада-2017 кезінде 12 спорт түрінде 85 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Медал Плазада өткізілетін кең ауқымды мәдени бағдарламаға «Тарих тереңінен болашақ биігіне» деген атау беріліп отыр. Универсиаданың әрбір 11 күні Қазақстанның шығармашылық және спорттық әлеуетін тартымды түрде ашып көрсететін ерекше тақырыпқа арналады. Медал Плаза жобасы аясындағы мәдени оқиғалардың барлығына Астана Банкі демеушілік жасап отыр.
Мәдени бағдарлама аясында Республика сарайы алдындағы алаңда келесі аймақтар қызмет жасамақ: Wi-fi ұсынылған және балаларға арнап шеберлік сабақтары өткізілетін «жылы» аймақ, алаңның орталығындағы үлкен шатырда кино тамашалауға болатын аймақ, «Красноярск – Универсиада - 2019» үрлемелі шатыры, Flappy Сұңқар ойыны, Қазақстанның белгілі спортшылары құттықтау сөзін сөйлейтін спорттық аймақ және қазақстандық жұлдыздардың шоу бағдарламасы.



Ұйымдастырушылар би ұжымдары, акробаттық топтар мен әншілердің қатысуымен жарқын әрі естен кетпес шоу-бағдарламаны өткізуді жоспарлап отыр. Медал Плазаның музыкалық қонақтары ретінде Әли Оқапов, Мәдина Сәдуақасова, Жанар Дұғалова, Ерболат Құдайбергенов, Ринго, Рензо, Аюми топтары және тағы да басқа көптеген Қазақстан эстрадасының жұлдыздары шақырылып отыр. Сондай-ақ, шоу-бағдарлама аясында «Биле Қазақстан» TV-жобасының финалына қатысушылар, «МузАрт LIVE»  және «Қазақстан дауысы» талант-шоуларына қатысқан ең үздік биші-әншілер өнер көрсетеді. Ал Медал Плаза көрермендері мен қонақтары арасында «Универсиада-2017 дауысы» атты арнайы халықтық ән байқауы өткізіледі. Шоу-бағдарламаның жүргізушілері ретінде Әділ Жүмекенов және Аида Тілеухан шақырылып отыр. Спорттық аймақтың жүргізушісі – Фима Иванов. Шоу-бағдарлама Универсиада кезінде күн сайын сағат 18:30-да басталады. 


18.01.2017