Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.05.2016

М.Әуезов атындағы академиялық мемлекеттік драма театрда Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 80 жылдық мерейтойына арналған кеш өтіп жатыр


Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың  және Тәуелсіз платиналы «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері  Қабдеш Жұмаділов  24 сәуірде 1936 жылы ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданында дүниеге келген. 
Шәуешек гимназиясын бітіріп, жолдамамен ҚазҰУ-не (1956) түседі. 1958 жылы Қытай үкіметі органдары кері шақырып алады. Кейін 1962 ж. Бақты шекарасын бұзып өткен қазақ жастарымен Қазақстанға біржола оралған соң, ҚАЗҰУ-тін бітірді (1965).
«Қазақ әдебиеті» газетінде (1965-1967) «Жазушы» баспасында (1967 –1976). Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. кабинетінде (1976 – 1981) қызмет істеген.
1981 жылдан шығармашылық жұмыста. Алғашқы өлеңдері 1954 жылдан жергілікті баспсөз беттерінде, ал «Жамал» тырнақалды әңгімесі 1956 ж. Үрімжіде шығатын «Шұғыла» журналында жарияланған. 1 өлеңдер жинағы, 8 роман, 5 повесть, ондаған әңгіме, мақалалар жинақтары жарық көрген.
Олардың негізгілері «Қаздар қайтып барады» (1967) атты әңгімелер жинағы, «Көкейкесті» (1969), «Соңғы көш» (1974-1981), «Атамекен» (1985), «Тағдыр» (1988) романдары, «Дарабоз» (1-кітап 1994; 2-кітап 1996) дилогиялары Жұмаділовтың соңғы жылдардағы көлемді шығармасы – «Таңғажайып дүние» (1998) ғұмырнамалық «Қылкөпір» (2003) романдары.
Жазушының публицистикалық мақалалары «Қалың елім қазағым» (2000) жинағында жарияланды. Шығармалары орыс, украин, белорусь, өзбек, ұйғыр, қырғыз тілдерінде, «Соңғы көш» романы түрік тілінде басылып шыққан.
Негізгі еңбектері 2003-2004 ж. Он екі томдық шығармалар жинағына топтастырылған. Медальдармен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының, (1983), Қазақстанның Мемлекттік сыйлығының (1990), Тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты,Үржар ауданының «Құрметті азаматы».(Источник: Управление культуры города Алматы)
 Қабдештің ерекшелігі - ең алдымен ол қаламгерлігін ақындықтан бастаған. «Жас өрен» деген өлеңдері шыққан. Көргені өлеңге симайтынын біліп, прозаға ауысқан. Өлеңнен бастаған соң шығармаларында көркемдік тұнып тұр. Прозасының өзі поэзия сияқты. Тума талант», - деді қаламдасын құттықтауға келген белгілі ақын Оразақын Асқар.
Кеште Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ,  Майра Ілиясова, Мәдина Сәдуақасова, «Сазген сазы» ансамблінің орындауында мерекелік концерт берілді.



24.05.2016