Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.05.2016

«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалында Қазақстанның Бірлік күніне арналған «Қазақстан – татулық пен бірліктің ордасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті


Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы басшысының бірінші орынбасары Н.Ордабаева, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик С.Мажитов, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері А.Осман, Н.Ниязова, Е.Әсмәтов, «Ариана» Ауған Орталығы» ҚБ басшысы В.Ахмадулла, «Қоғамдық бірлестік» КММ директорының орынбасары Б.Шанин, Алматы қаласы «Нұр Отан» партиясы филиалының баспасөз хатшысы К.Табеев қатысты. Белгілі қоғам қайраткері Асылы Әлиқызы Осман «Қазақстан – татулық пен бірліктің мекені» атты тақырыпта сөз қозғап, халықтар татулығы жайында ой өрбітті. Оған қоса,  басқа да дөңгелек үстелге қатысушылар осы тақырып аясында өз ойларымен бөлісті. 
Іс-шара барысында барлық қатысушылар сөз сөйлеп, еліміздің бірлігіне байланысты болып жатқан оқиғаларды, ел татулығын нығайту жайын  талқылады. Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері 26 сәуір күні болған ХХІV съездінде алған әсерлерімен бөлісті. Еліміздің өскелең ұрпағына зор тәрбие беретін осындай дөңгелек үстелдер көбірек өтсе деген ниеттерін білдірді. Алдағы уақытта бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады.


03.05.2016