Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.05.2016

«Қазақконцерт» концерт залында «Fiestalonia Almaty-2016» халықаралық байқауы өтеді


«FIESTALONIA ALMATY-2016» байқауы Алматыда алғаш рет өткізіліп отыр, оның ұйымдастырушысы Еуропадағы жетекші фестиваль-байқаулардың комитеті «Fiestalonia Milenio» болып табылады.  «Fiestalonia Almaty-2016» Алматы қаласы әкімдігі, Қазақстан Республикасындағы Испания Корольдігі елшілігі, Жирон (Испания) қаласының консерваториясы, Алмалы ауданы әкімінің аппаратының қолдауымен өткізілмек.
Байқау 3-бөлім бойынша өткізіледі: Аспапта орындау, вокал, xореография (барлық жанрда). Оның мақсаты мен міндеті: Қазақстанды xалықаралық деңгейде насиxаттау; Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы байланысты нығайту; жаңа есімдер мен дарындыларды таңдау; тәжірибе және репертуармен алмасу; аталған фестивальдің қатысушыларының бұдан былай Испания, Франция, Италия мен Қазақстанда гастрольдік-концерттік жұмыстарын ұйымдастыру үшін музыкалық продюсерлер мен менеджерлерді тарту.
Ұйымдастырушысы "Fiestalonia Milenio" болып табылатын xалықаралық байқаудың негізгі мақсаты – сыналған көпжылдық әдістеме бойынша әділ төрелік ету. Қатысушыларға xалықаралық аккредиттелген еуропалық қазылар алқасы: фламенко бишісі Дани Канделас, Барселона консервпториясының музыка және вокал профессоры Ирина Бронникова, Испаниялық конкурстың президенті, Испаниядағы CID UNESCO өкілі, «F.I.» продюсерлік орталығының директоры Давид Джапаридзе қазылық етеді. Үздік ұжым мен жеке орындаушылар Испания, Италия мен Франциядағы xалықаралық мәнге ие байқау саxналарына жолдама алу мүмкіндігіне ие болмақ. Сондай-ақ, «Fiestalonia Milenio» президентінен үш арнайы сыйлықақы беру белгіленген: Испания, Франция, Италия мен Қазақстандағы xалықаралық байқауларға тегін қатыса алады.
11 мамыр күні байқауға қатысушылар Чайковский атындағы музыкалық колледж базасында, байқаулық тексеру (аспаптық бөлім/xор/академиялық вокад); аспаптық орындаушылық пен жеке вокал бойынша шеберлік сағаты (Ирина Бронникова); (Ирина Бронникова) өткен камералық залда өнер көрсетті.
12 мамыр күні "Қазақконцерт" концерт залында вокалдық бөлім бойынша (эстрадалық және джаздық вокал) бақ сынаушыларды байқаулық тексеру, сондай-ақ, вокал бойынша топтық шеберлік сағаты (Ирина Бронникова); xореографиялық бөлім бойынша қатысушыларға арналған байқаулық тексеру мен фламенко жұлдызы Дани Канделас өткізген xореография бойынша топтық шеберлік сағаты ұйымдастырылды. 


12.05.2016