Хабарландыру
Жаңалықтар
мұрағаты
мұрағаты

06.05.2019
Жеңіс күні қарсаңында Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев ардагер Исмагулов Сиражды 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
Алмалы ауданы әкімінің аппараты Ардагерлер Кеңесімен бірге, Ұлы Отан соғысының ардагері Исмагулов Сираж Исмагуловичты мерейтойымен және алдағы Жеңіс күнімен құттықтады.
Соғыс кезінде Ленинград майданының 314 атқыштар бөлігінің ракетасында қызмет еткен майдангер Сираж Исмагуловичке мерекелік қоржын сыйға тартылды. Исмагулов Сираж - І және ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы және Қызыл жұлдыз, сондай-ақ «Ұлы Отан соғысындағы жеңіс үшін» медальдарымен марапатталған. Аудан әкімі мен ардагер соғыс кезіндегі сарбаздар мен офицерлердің оқиғалары мен ерлігі туралы біраз әңгімелесіп еске алды.
Ұлы Отан соғысының ардагерлерін және тыл еңбеккерлерін құттықтау үшін аудандағы барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелері, соның ішінде жеке ұйымдар да қатысады. Бүгінгі күні Алмалы ауданында 53 ҰОС қатысушы мен мүгедектер тұрады. Сонымен қатар, 2 соғыста қаза тапқан ардагерлердің жесір әйелдері, 15 Ленинград блокадасына қатысқандар, 14 концлагерь тұтқыны болғандар және 2885 тыл ардагері тұрады.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына орай, 2019 жылы 09 мамырда сағат 11.00-де Әлия мен Мәншүктің (Абылай хан даңғылы Төле би көшесі) орталық алаңында мерекелік іс-шара өтеді.