Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.05.2016

Отан қарғаушылар күнінің алдында 5571 әскери бөлім басшылығы жеке құрамды құттықтады


С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күніне орай Алмалы ауданы әкімі аппараты мен №5571 Әскери бөлімінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама өтті.
Мерекелік іс-шараға бөлімнің жеке құрамы мен басшылығы, әскери қызметкерлердің отбасы, ардагерлері, «Арыстан» мамандандырылған лицейдің түлектері Алмалы ауданының әкімі қатысты. 
Жыл сайын біздің егемен мемлекетіміз әскери қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып есептелетін 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнін тойлайтыны белгілі. Осы айтулы мейрам қарсаңында №5571 әскери бөлімнің қызметкерлері қызметтік-әскери істерінде жоғары нәтижеге қол жеткізе отырып, өздерінің әскери борышын үлкен мәртебе, жоғары жауапкершілікпен орындауларын жалғастырды. Салтанатты шараға жиналғандарды келіп жеткен мерекемен Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естенов құттықтап, Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталған күніне орайлас келген Отан қорғаушылар күнін тойлаудың маңыздылығын атап өтті. «Ол соғыста жеңіске біздің аталарымыз бен әкелеріміздегі рухтың мықтығы, жүрекжұтқандығы мен қайсарлығының арқасында қол жеткіздік. Бүгін біздің еліміздің Ұлттық Әскеріміз рухтың қайнар көзін жеңіске жеткен ұрпақтың әскери дәстүрлерінен алады. Қазіргі таңда Қазақстан елдің қауіпсіздігін нығайтуға, әскери күш пен әскери қызметкерлердің әлеуметтік қамтылуын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді арттыруға басты назар аударады. Бірлік пен бейбітшілік – үнемі қорғауды қажет ететін мемлекеттің басты жетістігі. Сіздерге ең құнды нәрсе – қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі сеніп тапсырылды. Сіздерге әскердің – біздің Отанымыздың қорғаушысының мәртебесін лайықты ұстауды тілеймін!» – деп аяқтады өз сөзін Жасұлан Тоққожаұлы. Сондай-ақ, №5571 әскери бөлімнің командирі, подполковник Нұрлан Мұхамедов пен ардагерлер жүрекжарды лебіздерімен құттықтау сөз сөйледі. Жиналған қауымға мерекелік көңіл күй мен қуат сыйлаған концерттік бағдарламаның бүкіл қатысушылары ыстық ықыластарын Отан қорғаушыларға арнады. Көркемдік жетекші Елена Евстратенконың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Гвардиясының «Генерал» тобы, Екатерина Ким, Константин Каменев, Иван Мартыненко, Анастасия Пикулева, Сұлужан Елубаева өнер көрсетті. Баршаға танымал «Өткен заман батырларынан», «Десанттық взвод», «Славян қызының қоштасуы», «Жеңіс күні» сынды әскери әндер Отан қорғаушылардың жас ұрпағының жанын тебірентіп, кешке жиналған әркімнің жүрегінен жол тапты.
     



05.05.2016