Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.06.2016

«MEGA Park» ОСО «Жастардың спорттық саябағының» салтанатты ашылуы өтті


Бауыржан Байбек алматылық жеке инвесторлардың қаржысына салынған жаңа спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты. Жаңа кешен С. Сейфуллин көшесінің бойындағы «MEGA Park» сауда- сауық орталығының аумағында салынған. Жобаның тұсаукесері дәстүрлі велажарыстан соң өтті. «Спорттық Алматы» қалада бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.



«Құрметті алматылықтар, жастар мен спортшылар, біз бүгін дәстүрлі веломарафонды жалғастырып келеміз. Бүгін ол ерекше жағдайда өтуде, өйткені біз кеше ҚР-ның Мемлекеттік рәміздер күнін мерекеледік. Біз Туымызбен, Елтаңбамызбен, Әнұранымызбен мақтанамыз. Жеңіске жеткен спортшыларымыздың құрметіне Туымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқалғанда бәрімізді мақтаныш сезімі кернейтіндігі шындық. Бүгінгі күннің тағы бір ерекшелігі- жастарға арналған жаңа спорт кешенінің ашылуы. Мен сіздердің барлықтарыңызға ортақ үйміз болып табылатын ару қаламызды дамытуда сәттілік пен табыс тілеймін», - деді әкім.
Салтанатты рәсім саябақ сахнасында флагшток көтеруден басталды, одан соң әсем саябақтың салтанатты тұсаукесері өтіп, мерекелік концертпен аяқталды. Одан басқа, Мега танымал аквагримм, аниматорлар мен «Funky Town» студиясының «Da Freshest Kidz» би шоуы өнер көрсетіп, спорттық алаңдарда байқау, сайыстар ұйымдастырылып, түрлі сыйлықтар берілді. Шара соңында қала әкімі бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбайды алматылықтар атынан құттықтады.



Балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ, олардың ата-анасы қалаған уақыттарында спортпен айналысып, бос уақыттарын өткізуге арналған аталмыш саябақты Алмалы ауданында ашу идеясы әсіресе, мектептердің жазғы демалысы басталған уақытта өзекті екені айғақ. Жастардың спорттық саябағының аумағы 15 мың шаршы м құрайды. Жерасты паркингінің орнында қалаған адам бос уақытын өткізіп, спортпен айналысып, ойнауына мүмкіндік жасалған абаттандырылған жалпыға қолжетімді жасыл аумақ орналасқан. Белсенді демалысты ұнататындарға: скалодром, жүгіретін жол, сондай-ақ, скейтерге,  crossfit және workout-ты қалайтындарға бөлінген аймақ бар. Футбол және баскетбол алаңдары қалалық жарыстар өткізуге таптырмас орын. Ең кішкентай келушілерге жалпы аумағы 500 шаршы м асатын екі балалар секторы жасалған. Тыныш демалысты ұнататындар уақыттарын кішігірім су қоймасының қасында орналасқан жазғы кафе террасасында өткізе алады. Жастар аумағы 1000 шаршы болатын роллердромда сырғанауларына болады.



Көпатқарымдық саябақ ОСО алдында бұрынғы паркингте ашық аспан астында спортпен айналысып, демалу дәстүрін қайта жаңғыру, жаңа әлеуметтік кеңістік пен достық шырайлы қалалық ортаны қалыптастыру мақсатында салынды. 
«Спорт паркінде» болашақта француз каруселі мен биіктігі 7 метр болатын скалодром болады, мәдени шаралар өткізетін сахна жұмыс істейді. Кешеннің 3 мың шаршы метрі жасылдандырылған, 450 ағаш отырғызылған.
Осылайша қаладағы жаңа кеңістік Ян Гейлдің «Алматы машиналар емес, адамдардың қаласы» деген Концепциясының жүзеге асып жатқандығын көрсетті.
Алаңдардың көпшілігі тегін жұмыс істейді. Аттракциондардан түсетін ақша техникалық қызметкерлерге жалақы төлеуге жұмсалатын болады. Бір күн ішінде спорт паркінде 5000 адам тыныға алады.


07.06.2016