Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.05.2016

ҚР Президентінің «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр» Манифест аясында өткізілген «Айбын» әскери байқау шеруі


«Динамо» стадионында Алмалы ауданы әкімінің аппараты, Алматы сән және дизайн колледжінің басшылығы мен "Динамо" стадионы әкімшілігінің ұйымдастыруымен әскери жеткіншектер отрядының байқауы өтті.
1-2 бағамдардың аспаздардан, шаштараз-сәнгерлерден, және сәнгер-пішушілерден құралған 18 топтың студенттері әсем, сымбатты саппен шеру жасап өтті. Қатысушылардың жалпы саны 500 студентті құрады. 
Олар өз шерулерінде отты жылдар әндерін марш екпінімен асқақтата шырқап өтті. 
Стадион шерушілердің сән-салтанатты келіскен қызылды-жасылды арнайы костюмдерінен жайнап, жарқырап шыға келді.
СП-15-1 оқу тобының аспан түсті алтын түстес жарқырауықтармен жиектелген костюмде; СП-15-2 оқу тобы сары мен көгілдір түстен үйлестірілген костюмде; МЗ-15-3 оқу тобы – ақ пен көк түстен үйлестірілген костюмде; МЗ-15-4 оқу тобының теңізші қыздары 54 өлшемнен кішірейтіп қайта тіккен костюмде; АС-15-3 оқу тобының қыз-жігіттері алтын түстес зермен көмкерілген ақ жейде, қызыл бас киімде; СП-14-1 оқу тобы алтын түстес зермен айшықталған қызыл түсті гуссарлық үлгідегі костюмдерде; әскери әуе десантынсыз әскери шеру бола ма МЗ-14-4 тобы осы үлгідегі киімде, ПМ-15-6 тобы қою жасыл түсті шекарашылар киімінде сап түзеп, шеруге шықты. Міне, шеру де басталды. ҚР Туы қарсы алынды. ҚР гимні шырқалды. Алматы сән және дизайн колледжінің директоры Н.Н.Яковлева сөз алып, мереке қонақтарымен таныстырды. Гирш Леонид Юзефович – «Казахстанская правда» газеті атындағы халықаралық майдангерлер клубының президенті, ОҚ «Қазақстан-Украина» облыстық достық қоғамының төрағасы, отставкадағы полковник, Ұлы Отан Соғыс ардагері, Қазақстан халықтары Ассамблеясы мүшесі. Мүсрепов Айдар Зарылханұлы –  полковник, Алматы қаласы алмалы ауданы қорғаныс істері бойынша бөлім бастығы. Әбілтаева Ақсұңқар– Алмалы аудандық әкімі аппаратының қызметкері. Омарқұлов Асқар Әлирахымұлы – ОСС ФСО «Динамо» төрағасының бірінші орынбасары.
Байқаулық шеру басталды. Жеткіншектер қатты толқып тұр. Алайда, өздерін сыр бермей, нық ұстауда. Стадион алаңымен төралқа алдынан үш мәрте өтуі керек. 1 – саптық марш, 2 – ҰОС тақырыбындағы әнді маршпен орындау, 3 – командалардан түрлі бұйрықтарды орындап,  шептік фигуралар жасауы. Бұдан әрі «Соғыссыз бейбіт әлем» флеш-мобы өтті. 
Жеткіншектер саптық марш пен ән маршына бар өнерлерін салды. Төрағалар алқасына жеңімпаз топты айқындау оңайға түспесі анық. Бүгін бәрі жеңіспаз!!! Соңынан 602 адамды қамтыған спорттық жарыстар өткізілді. Бұл жарыстарда колледждің оқытушылар және студенттер қауымы белсенділік танытты.


13.05.2016