Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.03.2019

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдар бағдарламасына сәйкес Алматы қаласының Алмалы ауданының жұмыс берушілерімен түсіндіру жұмыстары бойынша кездесу


Алмалы ауданы әкімінің аппараты Жұмыспен қамту орталығы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп Алматы қаласы Алмалы ауданының жұмыс берушілерімен  «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдар бағдарламасын түсіндіру жұмыстары бойынша кездесу өткізді.
Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде кездесулер өтті.







Кездесуге Алмалы ауданының аумағында орналасқан медициналық мекеменің, мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің, орта және жоғары оқу орындарының, ірі және орта кәсіптік орындардың бірінші басшылары мен кадрлар бөлімінің жетекшілері қатысты.
Талқылаудың негізгі мәселесі жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламалары:
-қоғамдық жұмыстар;
-жастар іс тәжірибесі;
-әлеуметтік жұмыс орындары.







Жаңа форматта қызмет көрсету, жұмыс берушілерге жалдау арқылы жоғары сапалы көмек көрсету қызметтерін ұсыну, сонымен қатар уақытша жұмыс орындарын құру және қызметкерлерді оқыту / қайта даярлау, «Enbek.kz» электрондық еңбек биржасының порталымен жұмыс жасау, атап айтқанда онлайн-есеп беру, электрондық еңбек шарттарын толтыру жөніндегі сұрақтар талқыланды және БЖЗҚ, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметкерлері «Қолжетімді БЖЗҚ», «Медициналық сақтандыру» және бірыңғай жиынтық төлем туралы түсіндіру жүргізді.  


05.03.2019