Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді


Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова ауданның көпбалалы аналары Коновалова Натальяға және Нишанбаева Наргизаға «Күміс алқа» төс алқасын тақты. «ҚР мемлекеттік наградалары туралы» ҚР заңына сәйкес «Күміс алқа» медалі алты баланы дүниеге әкеліп, алтыншы бала бір жасқа толған соң және басқа балалар тірі болса беріледі. Ал жеті және одан көп баласы бар аналар соңғы бала бір жасқа толғаннан кейін «Алтын алқа» медалімен марапатталады. Айта кетейік, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» Қазақстан Республикасының ордені мәртебесіне ие. 2010 жылдан бері алты және одан артық бала тәрбиелеп-өсірген аналарды марапаттау салтанаты өткізіліп келеді. Сонымен қатар, аналарға «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» ҚР заңына сәйкес жәрдемақы алуға құқылы. Алмалы ауданында 617 көпбалалы отбасы тіркелген, олардың ішінде 319 «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған аналар. Аталған шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 ж 17 ақпандағы «Көпбалалы аналарды Алтын алқа, Күміс алқамен марапаттау туралы» жарлығын жүзеге асыру шеңберінде өтті.