Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Мүлікті жария ету


Құрметті Алмалы ауданының тұрғындары! 

Қазақстан Республикасы Президенті 2015 жылы 13 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулары енгізу туралы» Заңына қол қойып, мүлікті жария ету науқаны 2016 жылдың 31 желтоқсанына  деін жалғасатындығын естеріңізге саламыз.

Жоғарыда аталған Заңнын 3 – бабы 1 – тармағы 5) тармақшасына сәйкес, құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай – ақ, өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар) жария етуге жатады. Осыған байланысты, Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша мүлікті (ақшадан басқа) жария ету жөніндегі комиссиясына жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініштерді 2016 жылдың 30 қарашасына дейін тапсыра аласыздар.

Комиссия өтініш келіп түскен күннен бастап, күнтізбелік 30 күн ішінде қарастырып, мүлікті заңдастыру туралы (егер Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келетін болса) немесе мүлікті заңдастырудан бас тарту туралы (бас тарту себебін көрсете отырып) шешім қабылдайды.

Өтініштер Алмалы ауданы әкімі аппаратының ғимаратында 202 – бөлме (2 – қабат), дүйсенбі – жұма күндері сағат 09.00 – 18.00 дейін қабылданады, түскі үзіліс сағат 13.00 – 14.00 дейін, қосымша ақпаратты 261 – 24 – 67 телефондары арқылы ала аласыздар 

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Алмалы ауданы

бойынша мүлікті жария ету жөніндегі комиссиясы 


Жылжымалы және жылжымайтын мүлікті көлеңкеден шығару мақсатында елімізде мүлікті жария ету жүріп жатыр.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев 2014 жылғы 1 қыркүйекте күшіне енген «Қазақстан Республиксы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойды. Мүлікті жария ету мерзімі заң күшіне енген күннен бастап 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады. Жария етуге мүлікті (ақшадан басқа) ұсыну мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2016 жылдың 30 қарашасына дейін.

Аталған заң шеңберінде Алмалы ауданы әкімінің аппараты азаматтардың мүліктерін (ақшадан басқа) жария ету бойынша жұмысты жүргізуде.

2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2016 жылдың 30 қараша айына дейін Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Алмалы ауданы бойынша мүлікті (ақшадан басқа)  жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясына  4 770  адам өтініш білдіріп, 619 өтініш тіркелді. Комиссиямен 393 нысан рәсімделді.  Рәсімделген нысандар бойынша мүліктердің жалпы құны  - 7 495 519 604 теңге.

Негізінде азаматтар қабырғаларды бұзу және жалпы және тұрғын алаңдарын кеңейту (ас бөлмелер, балкондар), 2 қабат салу, өздерінің жер алаңдарында үй құрысылысын салу мәселелері бойынша жүгінді, бірақ ҚР заңнамаларына сәйкес құжаттарды рәсімдемеген.


Мүлікті жария ету

2014 жылдың 1 қыркүйегінен Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының ғимаратында Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес (бұдан ары - Заң) Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Алмалы ауданы бойынша (ақшадан басқа) мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясы өз жұмысын атқарады.

Заңның 2 бабына сәйкес:

1. Осы Заңның күші 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiн өздеріне тиесілі болған және өздері алған мүлiктi жария ететiн және жария еткен жария ету субъектілеріне қолданылады.

2. Осы Заңның күшi осы Заңды қолданысқа енгізу күніне өздеріне қатысты:

1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 190, 191, 193 (осы тармақшада кґрсетілген, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң баптарында көзделген қылмыстарды жасау арқылы сатып алынған мүлікті жария еткен жағдайда), 208, 213, 215, 216, 216-1, 217, 218, 221, 222-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшiн оларды кінәлі деп таныған соттың үкімі;

2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 118, 143, 143-2, 155, 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 156, 157, 166, 168-1, 178, 185, 187, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 206-2, 207, 208, 208-1, 209, 214, 237, 239, 357-1-баптарында кґзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкiмшiлiк жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды адамның) қаулысы заңды күшіне енген жария ету субъектілеріне қолданылмайды.

Заңның 3 бабына сәйкес:

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, мынадай мүлік:

1) ақша;

2) бағалы қағаздар;

3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі - қатысу үлесі);

4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);

5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);

6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген:

1) жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне, мемлекеттің конституциялық құрылысының негiздерi мен қауiпсiздiгiне, меншiкке, ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және имандылыққа, басқару тәртібіне, сот төрелігіне және жазаларды орындау тәртібіне қарсы қылмыстарды жасау;

2) экологиялық, көліктік, әскери қылмыстарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де қылмыстарды, экономикалық қызмет (осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда), оның ішінде экономикалық контрабанда саласындағы қылмыстарды жасау;

3) жалған ақша мен бағалы қағаздар жасау және өткiзу, жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу;

4) инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану және бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау нәтижесiнде алынған мүлік жария етуге жатпайды.

3. Сонымен қатар:

1) сот тәртiбiмен оған құқықтар дауланып жатқан;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында оған құқықтар беруге жол берiлмейтiн мүлік;

3) кредиттер ретiнде алынған ақша;

4) мемлекет пайдасына берілуге жататын мүлік;

5) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде құрылысы бюджет қаражаты есебінен аяқталєан жылжымайтын мүлік объектілеріндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар жария етуге жатпайды.

4. Осы Заңның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік болып айқындалатын мүлікке ұқсас мүлік Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік болып танылады.

Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.

Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу үшін жария ету субъектілері комиссияға немесе салық органына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Заңда белгіленген нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді өткізуге өтініш (бұдан әрі - өтініш);

2) өтініш берген кезде салыстыру үшін түпнұсқасын көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) мүлікке құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (нотариат куәландырған);

4) ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшының қорытындысын;

5) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын ұсынады.

6) жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін акт;

7) қажет болған жағдайда басқа да құжаттарды ұсынады.

Аудан әкімі аппаратының, салық органының кеңсесі мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге өтініш берген жария ету субъектісінің өтінішін тіркейді.

Өтініш тіркелген күннен бастап 30 күнде қаралады.

Анықтамалар келесітелефондар бойынша: 261 24 67, 261 66 54.