Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Алмалы ауданының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары


2016 жылы салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша мемлекеттік бюджетке 248,8 млрд. теңге сомасында салық түсімі қамтамасыз етілді, орындалуы 101% немесе өткен жылмен салыстырғанда 3,6 млрд. теңгеге артық. Оның ішінде: республикалық бюджет – 165,9 млрд. теңге, жергілікті бюджет – 82,9 млрд. теңге.
Өнеркәсіп өнімінің шығарылым көлемі 125,76 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың  кезеңіне сәйкес өнім көлемінің физикалық индексі 100,7%.
Аудан бойынша негізгі капиталға  79,87 млрд. теңге инвестиция игерілді, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 141,4% құрады. Оның ішінде жеке қаражат есебінен – 62,67 млрд. теңге, банк несиелері – 8 млрд. теңге, басқа да қаражаттар – 2,5 млрд. теңге, бюджеттік қаражат – 6,7 млрд. теңге.
Бөлшектік тауарайналымының көлемі 468,5 млрд. теңгені, ал өткен жылдың сәйкес кезеңіне 124,7% құрады. Көтерме тауарайналымның көлемі  1,989 трлн. теңгені құрады.
          Ірі және орта кәсіпорындардағы қызметкерлер саны - 110 822. Орташа айлық жалақы 170 715 теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 110,7% құрады.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына   аудан бойынша 46 кәсіпорын қатысты. Оның ішінде қаражаттандыру бойынша – 33 жоба, жалпы сомасы 19,8 млрд. теңге, қаражаттандыру сомасы – 3,2 млрд. теңге, 13 кәсіпорын – кепілдік бойынша, жалпы сомасы 189 млн. теңге. «Даму» АҚ кепілдендіру сомасы – 102,3 млн.тг.  
«Жібек Жолы» бағдарламасы бойынша 14 кәсіпкер жалпы сомасы 838,6 млн. теңге жеңілдетілген несие алды, 80 жұмыс орны ашылды. 
«2015-2019 жж. индустрияландыру Картасының» екінші бесжылдығы аясында 3 компания қатысады, инвестиция көлемі 7,3 млрд. теңге. Мемлекеттік қолдау аясында «Металл пром» АҚ-на  Алатау ауданындағы Өндірістік аймақтан жер телімі бөлінді. «Алматы ашытқы зауыты» АҚ-на қаржыландырудағы пайыздық төлем бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілді. 
Ай сайын шағын және орта бизнестің өндірістік-қаржылық қызметіне талдау жүргізіледі. Ауданда 25 939 шағын бизнес субъектілері тіркелген, оның ішінде 14 703 әрекет ететіндер (2015 ж ылы тіркелгені –  24 335, оның ішінде әрекет ететіндер -14 283). Орта және шағын бизнес субъектілерінен түскен салық түсімінің үлесі  жалпы сомада 58% құрады.
Жаңа өндіріс орындары мен кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің ашу, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша тапсырмалардың орындалуына ерекше көңіл бөлінеді. 4292 жұмыс орны құрылды, орындалуы – 110%  құрады. Оның ішінде сауда кәсіпорындарында – 1413, өнеркәсіпте – 279, құрылыста – 390, көлік және байланыс кәсіпорындарында – 280, білім мекемелерінде – 143, денсаулық сақтау мекемелерінде – 151, басқа мекемелерде – 1636. 
2016 жылдың 9 қыркүйегінде Алмалы ауданына инвестиция тарту бойынша «Алмалы Инвест 2016» атты бірінші Инвестициялық форум өткізілді.   
Алматы қаласындағы азық-түлік белдеуін дамыту және де тұрғындарды арзан, сапалы өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында Жібек жолы көшесінің бойында Наурызбай батыр көшесі мен Желтоқсан көшесіің аралығында ауылшаруашылық және малшаруашылық өнімдерін сату бойынша апта сайын жәрмеңке ұйымдастырылды.  Жәрмеңкеге Алматы облысының Қарасай батыр ауданынан 120-дан астам шаруа қожалықтары қатысты. 
    Ауданда ұйымдаспаған сауданы жою бойынша тиімді жұмыс жүргізу мақсатында жедел топтың 225 рейді өткізілді. Қазақстан Республикасының ӘҚБК-нің 505 бабына сәйкес, жалпы сомасы 8,5 млн теңгеге  4376 хаттама толтырылды. 
Көріктендіру, құрылыс, санитарлық жағдай 
Ауданда санитарлық жағдайды қамтамасыз етумен мердігер мекемелер айналысты. Бекітілген кестеге сәйкес күнделікті 186,8 км. көше, 212,2 км. жаяу жүргінші жолы, 173,3 км. арық жүйелері тазартылып тұрды.
       Санитарлық тазалықты қамтамасыз ету үшін 52 сенбілік ұйымдастырылды. Сенбіліктерге 36 500 адам қатысып, 180 техника бірлігінің  шығуы қамтамасыз етілді.  Аудан бойынша барлығы 
1700 м3 қоқыс, жапырақтар,бұтақтар шығарылды.
Контейнер алаңдарынан және өзге орындардан қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен «Тәртіп» АҚ айналысады. Аудан бойынша 274 контейнер алаңшасы бар. Қалалық полигонға күнделікті 1200 м3 қоқыс шығарылды. Қазіргі кезде 198 контейнер алаңшасында жөндеу жұмыстары жүргізілуде және 73 контейнер жөнделді.
        Мердігер мекемелердің күшімен 350 апатты және ескі ағаштар түбімен қопарылып, 2741 ағаш санитарлық қырқылып, 2440 ағаш қалыптастырылып, сондай-ақ, 350 өтемдік көшет отырғызылды.
       Аудан аумағын көгалдандыру бойынша жалпықалалық байқауда Әлия және Мәншүк атындағы тынымбағы үздік деп танылды.
      Жаз мезгілінде жалпы ауданы 4 718 м2 жерге гүлдер егілді, оның ішінде,  гүл өсіретін құмыраларға ауданы 200 м2, жаздық алаңқайларға – 3 340 м2, қызғалдақтар – 380 м2, канна гүлі – 378 м2, сондай-ақ Фурманов көшесінің бойымен Райымбек даңғылынан Қабанбай батыр көшесіне дейін көгалдар себілді.
Ұзақтығы 1,9 км. көшеде жол жөндеу жұмыстары, 18,1 км. жаяу жүргінші жолы және 6,7 км. арық жүйесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 25 аялдама кешенінің жөндеу жұмыстары аяқталды.
  Бюджет қаражатының есебінен 8 тынымбақтағы ағымдағы жөндеу жұмыстары, Төле би көшесі мен Розыбакиев көшесінің қиылысындағы жасыл алқапты көріктендіру жұмыстары жүргізіліп, 3 балалар ойын алаңының және 4 спорт алаңқайларының құрылысы аяқталды.  
       Ауданның тынымбақтары мен магистралды көшелерінде бірыңғай стильдегі 293 орындық пен 372 қоқыс жәшігі орнатылды.
       Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Сиреневый», С.Мұқанов атындағы тынымбақтарда ағымдағы жөндеу жүргізілді,           5 мекенжай бойынша «Альпі төбешіктері» гүлзарлары отырғызылды,                7 балалар ойын алаңы және  2 спорт алаңқайы салынды.
        Қаланы сәулет жарықтандыру концепциясын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 2016 жылы 5 ғимарат түнгі мезгілде жаңа келбетпен жарықтандырылды (Абай атындағы МОБТ, ҚБТУ, Жазушылар одағы, «Нұр Отан» партиясы АҚФ, Алмалы ауданы әкімінің аппараты). 
Тұрғын үй қоры мен коммуналдық шаруашылықты жақсарту бойынша жұмыс 
        Ауданда 2 646 метр жылу магистралы, 699 метр суық сумен қамту желілері және 160 метр кәріз желілері қайта жаңғыртылды. 
 Ауданда 1 426 көппәтерлі тұрғын үй орналасқан. Тұрғын үй қорын күтіп-ұстау мәселесі негізгі бағыттардың бірі болып табылады.    
    Тұрғындардың жеке қаражаттары есебінен тұрғын үйлердің 56 кіреберісі, 14 қасбеті, 182 жертөлелері, 7 шатырлары жөнделді.  
Әлеуметтік жауапкершілік аясында жеке инвесторлар есебінен 37 үйдің қасбеті ретке келтірілді.  
Жылу энергиясын үнемдеу мақсатында тұрғын үйлерде 585 жалпыүйлік жылу есептеу құрылғылары орнатылды.
      «Аймақтарды дамыту 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы және ПИК төрағаларымен бірлесіп 47 жиналыс, 18 дөңгелек стол өткізіліп, оның нәтижесінде 24 көпқабатты тұрғын үй «Тұрғын үй коммуналды-шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасына қатысу үшін 358 млн. теңге сомасына өтініш берді (шатырларды, кіреберістерді, инженерлік желілерді, қасбеттерін жөндеу, жеделсаты құрылғыларын алмастыру).
        82 ішкіаулалардың аумағында жергілікті бюджет есебінен 454 млн. теңге сомасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Жайлы» тұрғын үй кешенінің бірінші және төртінші блоктарында автоматтық жылу тіректері орнатылып, трансформаторлық қосалқы станция қалпына келтірілді. 
77 ПИК-нің  ішкі аулаларында және маңайындағы аумақтарда        4135 шаршы метр аумақта 632 гүлзарлар, гүл құмыралары, көгалдар егілді.
 «Ескірген үйлерді бұзу» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ауданда 9 қабатты, 54 пәтерлі 1 797,4м2 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы алаңы 2016 жылы  - 117,6 мың м2,  2015 жылы 95,07 мың м2 құрады.
Әлеуметтік сала, жұмыспен қамту
        Алмалы аудандық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде 834 адам тіркелді, 393 адам жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасына 72 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 80 адам жіберілді. 
Аз қамтамасыз етілген 7 отбасына әлеуметтік көмек, 54  отбасына  (100 бала) балаларға арналған жәрдемақы, 77 адамға мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға көмек, 1436 адамға тұрғын үй көмегі, 340 адамға 7,5 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі көмек,              198 адамға 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде су есептегіш құралдарын орнатуға арналған әлеуметтік көмек көрсетілді.  
        Ай сайын орта есеппен 1 831 зейнеткер бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әлеуметтік көмек алды. 
Денсаулық сақтау
Ауданда денсаулық сақтау жүйесінде 17 мемлекеттік, 9 республикалық, 287 жеке емдеу-сауықтыру мекемелері және 80 дәріхана қызмет көрсетеді, 1 294 дәрігер, 2 382 орта және 885 кіші медициналық, сонымен қатар 621 өзге қызметкерлер жұмыс істейді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде денсаулық сақтау саласының көптеген көрсетікіштері бойынша жақсы жетістіктер көрсетті. 
       Денсаулық сақтау саласында ауданымыз қала бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің  рейтингі бойынша ауданның барлық медициналық мекемелері республиканың алғашқы 20 үздіктері  қатарына енгізіліп, оның ішінде №1 перзентхана республика бойынша ең үздік деп танылды.
Білім, мәдениет, тілдерді дамыту, спорт
       Ауданда жалпы саны 28 030 оқушыны қамтитын 38 мектеп, оның ішінде  9 жеке меншік мектеп бар.
Жыл сайын өткізілетін ҰБТ қорытындылары бойынша Алмалы ауданының орташа балы 96,5 % құрады.
38 түлек «Алтын белгi» аттестатын қорғап, 26 түлек мектепті үздік тәмамдады, ҰБТ нәтижесінде №18,25,39,54,62,90,134 мектеп түлектері жоғары көрсеткіштерге жетті, 2015 жылмен салыстырғанда  №58, 96, 135,16 мектептер нәтижелерін жоғарлатты.
        Қалалық және республикалық олимпиадада ауданның 83 оқушысы жүлдегер атанды.  27 мұғалім Алматы қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталып,  20 оқушы «Үркер» төсбелгісін  иеленді.
Мәдени және спорттық шаралармен 10 мың бала қамтылды. Мектеп жанындағы лагерьлерде 3 985 бала, бюджет қаражатынан – 439 бала «Огонек» және «Спутник» лагерьлерінде демалды.  
Ауданда «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 498 бала балабақшада тәрбиеленуде. 5 мемлекеттік бала бақшада                  93 орынға арналған тегін 5 мектепалды топтар ашылды. 
      Аудан аумағында ресми 26 шағын орталықтар жұмыс істейді, оның ішінде 2016 жылы 88 млн. теңге сомасына инвестиция тартылып, 134 орынға арналған 20  шағын орталық ашылды.
2015-2020 жылдарға арналған мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту бағдарламасы аясында «Тіл шебері», «Ой-сана», , «Тіл – тұнық ойдың кәусары», «Тіл мерейі», «Тіл парасат», «Ана тілім – ән жырым»   байқаулары және дәстүрлі Т. Шевченко мен А. Пушкин әдеби оқулары өткізілді. Қалалық «Ой-сана» байқаудың қорытындысы бойынша 1-орынды Алматы полиграфиялық колледжінің студенті Инабат Талапқызы иеленіп, ал Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің студенті Драчева Оксана  «Тіл парасат» атты республикалық байқаудың жеңімпазы атанды.
Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында, аудан тұрғындары арасында салауатты өмірді насихаттау аясында  59 мыңнан аса адамның қатысуымен 616 іс-шара ұйымдастырылды. Аудан жастарының қатысуымен 20 мыңнан аса адамды қамтыған 150-ден астам іс-шаралар өткізілді. 
«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында ауданда 71 жастар орталықтары жұмыс істейді, онда 3 600 студенттер мен оқушылар тегін әр түрлі спортық секциялар мен шығармашылық үйірмелеріне қатысады.   
Қоғамдық қауіпсіздік
Қоғамдық тәртіпті қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мақсатты жедел алдын алу іс- шаралары ұйымдастырылды. 
2016 жылы аудан аумағында 14 235 құқық бұзушылық тіркелді. 
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу көрсеткіші 18,6% артты. 
«Қауіпсіз аула» бағдарламасы аясында 744 ішкіаулалар мен тұрғын үйлердің кіреберістерінде (840 үй) 5 400 бейнебақылау камералары орнатылды.             


Мүлікті жария ету
2014 жылдың 1 қыркүйегінен мүлікті жария ету бойынша комиссияға 4 770 адам өтініш білдіріп, 619 өтініш тіркелді. Комиссиямен 393 нысан рәсімделді.  Рәсімделген нысандар бойынша мүліктердің жалпы құны  - 7,5 млрд. теңге.
Мемлекеттік қызмет көрсету
Барлығы 18 355 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде ХҚКО арқылы 12 496, мемлекеттік орган арқылы - 4 126, электрондық үкімет порталы арқылы - 1 733. 
Спорттық атақтарды, дәрежелерді және біліктілік санаттарын беру бойынша аудандық комиссияның шешімімен 263 спорттық дәреже берілді. 
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру
Тиімді жұмыс жүргізуде тұрғындардың әкім аппаратына немесе ресми интернет ресурсындағы «Әкімге сұрақ» айдарына өтініш білдіруі олармен  кері байланыс орнатуға әсерін тигізеді. 
Аудан әкімінің аппаратында 1251 жеке тұлғалардың және 702 заңды тұлғалардың өтініштері тіркеліп,  қарастырылды. 
 Ресми интернет ресурсына 789 өтініш, Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы 1130 өтініш түсті. 
Түскен өтініштерді талдау нәтижесі тұрғындардың өтініштерінің көпшілігі  көріктендіру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының жұмысы және сауда саласының мәселелеріне қатысты екендігін көрсетті. Барлық өтініштер қарастырылып, құзірет шеңберінде шешіліп немесе білікті және толық жауап берілді.  
 
Тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін, пікірлерін жинауға арналған арнайы жәшіктер орнатылған орындардың мекен-жайлары: 
1. Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, 4 - Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназия;   
2. Алматы қаласы, Жароков көшесі, 18 - М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп;   
3. Алматы қаласы, Мұратбаев  көшесі, 200, - Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті; 
4. Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 97 - М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы;   
5. Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114 – Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті.