Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Алмалы ауданының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары


2018 жылдың 29 желтоқсанындағы жағдай бойынша салық түсімі 301,5 млрд. теңгені құрады, салық түсімінің жылдық жоспары 292,3 млрд. теңге, жоспардың орындалу кқрсеткіші - 103%. 
Республикалық бюджет – 208,8 млрд. теңге, жоспар - 201,5 млрд. теңге, орындалуы -104%. 
Жергілікті бюджет – 92,6 млрд. теңге, жоспар - 90,7 млрд. теңге, орындалуы - 102%.
2018 жылдың қаңтар-қараша айларында ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындары 148,9 млрд. теңге сомасына  өнім өндірді. 2017 жылдың  сәйкес кезеңіне өнім көлемінің физикалық индексі 103% құрады.
2018 жылдың қаңтар-қараша айларында ірі және орта инвесторлардың қаржыландыру көздері есебінен негізгі капиталға 77,1 млрд. теңге  инвестиция игерілді. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 87,2 % құрады.
«Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасына Алмалы ауданы бойынша 15 кәсіпорын қатысуда. Оның ішінде, 14 жоба – қаражаттандыру бойынша, жалпы сомасы 3,7 млрд. теңге, қаражаттандыру сомасы 342 млн. теңге құрады, 1 жоба – кепілдік бойынша, жалпы сомасы 360 млн. теңге, «Даму» АҚ жалпы кепілдендіру сомасы 180 млн. теңге.
«Жібек жолы» бағдарламасы аясында 10 кәсіпкер жалпы сомасы          369,5 млн. теңгені құрайтын жеңілдетілген несие алды.
Аудан кәсіпкерлеріне «Халықты нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту - 2017-2021»  бағдарламасы шарттарын түсіндіру мақсатында «Даму» АҚ мен екінші деңгейлі банктердің өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізілді. 
Аудан бойынша жалпы сомасы 785,2 млн. теңге құрайтын 58 жоба екінші деңгейлі банктерде қарастырылуда. Оның ішінде: 41 жоба қаржыландырылды (582,2 млн. теңге), 3 жоба мақұлданды (45 млн. теңге), 11 жобамен жұмыс жүргізілуде (131,8 млн. теңге), 3 жоба қарастырылуда (45 млн. теңге).
2015-2019 жылдарға арналған Алматы қаласының кәсіпкерлікті қолдау (Индустриализация картасы) Картасының 2-ші бесжылдығы аясында Алмалы аудынынан 3 мекеме қатысуда:
1)«АДЗ» АҚ «Негізгі өндірісті жаңғырту» жобасы бойынша қатысады. Инвестиция көлемі 240 млн. тг. құрайды. Мемлекеттік бағдарлама аясында пайыздық төлеммен қаржыландыру бойынша мемлкеттік қолдау көрсетілді. 
2)«Металл пром» АҚ «Жаңа желілер құрылысы, негізгі өндірісті жаңғырту» жобасы бойынша қатысады.Инвестиция көлемі 7 млрд. 8 млн. тг. құрайды. Мемлекеттік қолдау аясында Алатау ауданындағы  Индустриялық аймақтан жер телімі бөлінді.
3)«Корпорация Сайман» АҚ «Есептегіш құралдар шығару бойынша зауытты жаңғырту» жобасы бойынша қатысады. Инвестиция көлемі 83 млн. тг. құрайды. Мемлекеттік қолдау аясында «Инновациялық технологиялар Паркі» арнайы экономикалық аймағынан жер телімі бөлінді. 
Аудан бойынша 2018 жылы 28 731 шағын және орта бизнес тіркелген (2017 жылы – 27 330), яғни  өткен жылғымен салыстырғанда өсім байқалады.
Жаңа өндіріс орындары мен кәсіпкерлік қызмет субъектілерін ашу, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша тапсырмалардың орындалуына ерекше көңіл бөлінеді. 2018 жылдың басынан 4112 жұмыс орны құрылды, оның ішінде сауда кәсіпорындарында – 1265,  көлік және байланыс кәсіпорындарында – 245, білім мекемелерінде – 145, денсаулық сақтау мекемелерінде – 15, құрылыс кәсіпорындарында - 203,  басқа мекемелерде – 2239. 
2018 жылдың басынан жұмысшы тобы ұйымдаспаған сауданы жою мақсатында 142 рейд жүргізді және 172  ұсақ бөлшек сауда нысаны  бұзылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ӘҚБК-нің 204 бабына сәйкес, 1136 хаттама толтырылды.

Көріктендіру, құрылыс, санитарлық жағдай 
Ауданда санитарлық жағдайы мердігер мекемелердің күшімен қамтамасыз етіледі. Бекітілген кестеге сәйкес күнделікті 186,89 км көше, 212,2 км жаяу жүргіншілер жолы, 173,2 км арық жүйелері тазартылады.
Аудан бойынша 269 қоқыс контейнерлері алаңшасы орналасқан, оның ішінде 155 қоқыс алаңшаларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар 380 жаңа қоқыс контейнерлері жаңартылып, 100 қоқыс контейнерлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сыртқы жарықтандыруды дамыту аясында «Алматы Қала жарық» МКК қуат үнемдейтін ЛЭД шамдары мен сыртқы жарықтандыру желілерін  ауыстыру жүмыстарын жүргізді:
- Жароков көшесімен Абай даңғылынан Төле би көшесіне дейін;
- Байсейітова көшесімен  Абай даңғылынан  Жамбыл көшесіне дейін;
- Лихачев көшесімен Төле би  көшесінен Дүйсенов көшесіне дейін;
-Қазыбек би көшесінен Сейфуллин даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейін.
2018 жылы Сайран өзені жағалауының шығыс бөлігінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу аясында 130 сыртқы жарықтандыру тіректері, 1 дана ШУНО, 60 орындық, 60 қоқыс жәшіктері орнатылды, сонымен қатар 7 500 м. бордюр орнатылып, 14 255 ш.м. асфальт жабындысы төселді.
М.Ганди атындағы саябақтағы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу аясында суару жүйесі жөнделді, 314 ш.м. қырлы тастар орнатылды, 54 орындық және 40 қоқыс жәшіктері  ауыстырылды, 6 күрке жөнделді, 8200 ш.м. газон егілді, 730 п.м. бұтадан  қоршау отырғызылды, 180 сыртқы жарықтандыру тіректері орнатылды, резеңке төсемдерімен 1 спорт және 1 балалар алаңдары, 3  шағын сәулеткерлік бейнелер қойылған иттерді қыдыртуға арналған алаңдары, 600 п.м. құм жолдары жасалды.
Көктем және күз мезгілдерінде қалалық сенбіліктер өткізіліп, соның аясында өтемдік және жеке бастамалар бойынша 453 ағаштар отырғызылды, сонымен қатар   6836 ш.м. гүлзарлар отырғызылды.
Мердігер мекемелердің күшімен 250 апатты ағаштар, 2 600 ағаш санитарлық қырқылып, 2 440  ағаштар формалық  кесілді.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және  қолайлы жағдай туғызу мақсатында аудандағы 11 жерасты өткелдеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барлық сауда нүктелері алынып, заманауи жарықтандырылып, бейне бақылау камералары орнатылып, кейбір жерасты өткелдеріндегі қоғамдық дәретханалар қалпына келтірілді.
Абылай хан даңғылымен Абай даңғылының қиылысындағы, Абылай хан даңғылымен Гоголь көшесінің қиылысындағы, Абылай хан даңғылымен  Райымбек даңғылының қиылысындағы  жерасты өткелдерінің қабырғаларына   жалпы алаңы 215 ш.м.- ге  Ә.Қастеев атындағы дизайн және бейнелеу өнері мектебі  көркем өрнектер салды.
Алматы қаласының 2016-2020  жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес, ауданда жол және көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша  жұмыстар жүргізілуде. Бағдарлама аясында 16 мекенжай бойынша ұзындығы 18,3 км. көшеде орташа жөндеу  және 13 мекенжай бойынша ұзындығы 7,5 км. жүргінші жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу   басқармасымен 8 мекенжай бойынша ұзындығы 7,8 км арық жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар  24 983 м арық жүйесіне жөндеу жұмыстары басталды.
Ауданда қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында, жаяу жүргінші жолдарын қолайлы пайдалану үшін Абылай хан, Абай, Назарбаев даңғылдарында және Әйтеке би көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі аралықта қайта құру жұмыстары жүргізіліп, 8 су бұрқақ қайта құрылды, 509 орындық, 275 қоқыс жәшіктері орнатылды, 106834 ш.м. қырлы тастар, 9 га  алаңға шым төселіп, газон егілді.  Сыртқы жарықтандыруды жандандыру бойынша 953 торшерлік тіректері және 289 көше тіректері орнату жұмыстары жүргізілді. 
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 4 спорт және 9 балалар алаңы салынды:
– 1 спорт алаңы – Шәріпов көшесі мен Құрманғазы көшесінің қиылысында («Астана Банк);  
– 2 волейбол алаңы - Ганди атындағы саябақта («Артемида» ЖШС); 
– 1 спорт алаңы Ганди атындағы саябақта («Артемида» ЖШС);
– 1 балалар алаңы - Желтоқсан көшесі, 111 (жеке тұлға);
– 1 балалар алаңы - Назарбаев даңғылы мен Мәметова көшесінің қиылысында («BI Group»ЖШС);
– 2 балалар алаңы- Абай даңғылы мен Гайдар көшесінің қиылысында (жеке тұлға);
– 1 балалар алаңы Шагабудинов көшесі мен Қарасай батыр көшесінің қиылысында (жеке тұлға);
– 4 балалар алаңы- Абылай хан даңғылы («Новая генерация» ЖШС);
«Альянс групп» ЖШС мердігерлік мекемесімен Жамбыл көшесі, 168 а мекенжайда орналасқан Алмалы ауданының мүгедектері қоғамының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар аудан аумағында Панфилов көшесі мен Қарасай батыр көшесінің қиылысында, Панфилов көшесі мен Әйтеке би көшесінің қиылысында және Ганди атындағы саябақта 3 қоғамдық дәретхана орнатылды. 
«АИС» ЖШС күшімен Панфилов көшесі мен Жібек жолы көшесінің қиылысында ішуге арналған су бұрқағы орнатылды.
 
Тұрғын үй қоры мен коммуналдық шаруашылықты жақсарту бойынша жұмыс 
Алмал ауданының аумағында 1402 көпқабатты тұрғын үйлер орналасқан. 2018 жылы  40 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жөнделді, оның ішінде, 35 тұрғын үйдің қасбеті бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында,  4 тұрғын үй «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы бойынша,1 үй ПИК қаражаты есебінен жөнделді. Сонымен қатар 27 көппәтерлі тұрғын үйлерде  70 лифт жабдықтары ауыстырылды. 325 тұрғын үйде жылу қуатын есептегіш құралдары орнатылды. 
Тұрғындармен аудан аумағындағы өздері пайдаланған қаланың эстетикалық келбетіне сай келмейтін, құқығын белгілейтін құжаттары жоқ 119 темір көлікжайлар бұзылды.
Ауданның инфрақұрылымын жақсарту мақсатында ұзындығы 2498 п.м.  су және кәріз желілері, 3823 п.м. жылу желілері қайта құрылды. 
2018 жылы жалпы ұзындығы 4848 п.м. газ желілері құрылысы жүргізілді. Бүгінгі таңда аудандағы газ желілерінің жалпы ұзындығы 252, 616 км. құрады. Сонымен, аудан аумағындағы жеке тұрғын үйлер 100% газбен қамтылды.
Бюджеттік бағдарлама аясында аудан аумағындағы 60 аула аумағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді және 120 аула аумағы бойынша күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды.   
«Ескі тұрғын үй» бағдарламасы аясында «Диал Строй» ЖШС мен «ВЕК-Инвест Девелопмент» ЖШС мекемелері 2  көпфункционалды тұрғын үй кешендерінің құрылысын бастады: 
1.«Elif Towers» тұрғын үй кешені - «Диал-Строй» ЖШС, Гоголь көшесі мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында. (Мәуленов көшесі, №46,50 үйлер); 
2.«Otau» тұрғын үй кешені - «ВЕК-Инвест Девелопмент» ЖШС, Жамбыл көшесінде Байзақов көшесі мен Жұмалиев көшелерінің аралығында.
«Asem Nur Plaza» көпфункционалды тұрғын үй кешенінің құрылысы жоспарлануда («Диал-Строй» ЖШС, Төле би көшесі  мен Әуезов көшелерінің қиылысы солтүстігі).

Әлеуметтік сала, жұмыспен қамту
«2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 3035 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде:  қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға - 183 адам (жоспар - 130, орындалуы – 140.8%); әлеуметтік жұмыс орындары - 127 адам (жоспар - 125, орындалуы – 101.6%); қоғамдық жұмыстарға - 366 адам (жоспар - 300, орындалуы – 122.0%); жастар тәжірибесі - 133 адам (жоспар - 98, орындалуы – 135.7%); тұрақты жұмыс орны - 2204 адам (жоспар - 1982, орындалуы – 111.2%). Тіркелген жұмыссыздар саны – 1345 адам.
2018 жылы мүгедектерге қол жетімді орта құру мақсатында 111 мекеме бейімдеуден өтті. Аталған жұмыс күнделікті жүргізілуде және алдағы уақытта жалғасын табады.
Ай сайын 511 зейнеткерге үйде әлеуметтік қызмет көрсетіледі. 
ҰОС-дағы Жеңіс Күнінің 73 жылдығын мерекелеу аясында 240-тан аса іс-шаралар өткізіліп, 8,2 мың адам қамтылды (ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, тыл еңбеккерлері, қарт адамдар және т.б. қатысты).
«Мектепке жол» науқаны аясында қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп, аз қамтылған отбасы балаларына мектеп киімдері мен сыйлықтар табысталды. Науқан барысында 500-ден аса бала қамтылды. 
«Халықаралық қарттар күні» және  «Қарттар айлығы» аясында 300 ден аса іс-шаралар өткізіліп, 12 500-ден аса қарт адамдарға әр түрлі көмектер көрсетілді.
Халықаралық мүгедектер күні және Алмалы ауданы мүгедектер қоғамының құрылуының 30 жылдығына орай 50-ден аса іс-шаралар өткізіліп, 500-ден аса мүгедектер қамтылды. 
«Белсенді ұзақ өмір» Жол картасын жүзеге асыру барысында ауданымыздың 2500-ден аса зейнеткерлері күнделікті демалыс орталықтарында өткізілетін іс-шараларға қатысты, оның ішінде:  2 компьютер курсы, 1 шахмат клубы, 1 тіл үйрету курсы,2 йога орталығы, 4 спорттық емдік гимнастика,11 әлеуметтік клубы.
Ауданымыздың 6 емханасында гериатриалық және геронтологиялық орталықтары ашылып, қарттарға арналған әлеуметтік клубтар (денсаулық бөлмесі) жұмыс істейді. Сондай-ақ, ауданымыздың зейнеткерлерінің тегін бассейнге, караоке клубына, сән салонына баруы ұйымдастырылды. 

Денсаулық сақтау.
Ауданда денсаулық сақтау жүйесінде 9 республикалық, 17 қалалық медициналық мекемелері жұмыс істейді, оның ішінде 9 мекеме амбулаторлық-емханалық көмек көрсетеді.
26 денсаулық сақтау мекемесінде 2385 дәрігер, 3438 орта және 1874 кіші медициналық, сонымен қатар 3118 өзге қызметкерлер жұмыс істейді. Аудан емханалары қызмет көрсететін тұрғындар саны – 296 451 адам. 
Елбасының «Цифрлық Қазақстанға» өту бойынша тапсырмасын орындауда Алмалы ауданының барлық медициналық мекемелері компьютерлік техникамен және интернет желісімен, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің қолжетімді   медициналық ақпараттық жүйелерімен қамтамасыз етілді.
Ауданның барлық медициналық мекемелерінде «Электрондық кезек» автоматтандырылған жүйесі енгізілген. DamuMed ақпараттық кешенді медициналық жүйесі (КМАЖ) толық жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта барлық медициналық мекемелер қағазсыз есептік жүйеге ауысып,  100% электрондық денсаулық төлқұжаты қалыптастырылды. Емханаларда емделушілерге цифрлық көмек көрсету постылары орнатылған.  
2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласын дамытудағы «Денсаулық» бағдарламасының аясында халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін кешенді шаралар іске асырылды. ҮЕҰ және медициналық мекемелер мен қалалық ұйымдар бірлесіп салауатты өмір салтын насихаттау бойынша өткізген іс-шаралар 1,9 есеге ұлғайып,  3 330 шара (2017 ж. – 1980) өткізілді, яғни,  112 372 тұрғын қамтылды (58%). 
Денсаулық сақтау саласында атқарылған көптеген жұмыстардың нәтижесінде туберкулезбен ауырғандар саны 12%-ға, ерте неонатальды өлім 40 %-ға, нәрестелер өлімі 2 есеге  төмендеді және  туу 35%-ға артты.
Барлық медициналық мекемелерде инновациялық технологиялар енгізілуде. Диагностиканың заманауи түрлері қолданылып, күрделі оталар жасалуда. Сонымен қатар, шетелдік мамандар шеберлік тәжірибелер жүргізуде. 
     
Білім, мәдениет, тілдерді дамыту, спорт
Ауданда  жалпы  саны 31 818 оқушы қамтитын  40 мектеп бар, оның ішінде 29 мемлекеттік мектепте 29 618 оқушы  және 11 жеке мектепте  2200 оқушы оқиды.
Барлық  1-11 сынып  оқушылары  білім беру  мекемелерінің  кітапханасы қорынан  қайтарылатын негізде  оқулықтармен   100 %  тегін  қамтамасыз етілген.
Аудан   бойынша  2017-2018 оқу  жылындағы білім сапасы 69,7 %   құрады.
Қалалық олимпиадалардың қорытындысы бойынша аудан мектептерінің  92 оқушысы жүлдегер атанды. Сондай-ақ аудан оқушылары Республикалық олимпиадаларға  қатысып, 15 оқушы жүлдегер атанды.
2018 жылдың  13-16 қараша  күндері  ХI -ші  Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Нәтижесінде  № 90 физика-математика лицейі ең үздік мектеп деп танылып, қатысқан 3 оқушы    олимпиада жүлдегері атанды. 
Цифрландыру   бағдарламасы  аясында аудандағы барлық мектептер сымсыз Wi-fi желілеріне қосылып, қамтамасыз етілді. 
2018 жылы барлық мектептер ноутбук, проектор, экран т.б оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. 
2018 жылдың  қыркүйек  айында  IT-технологиясын дамыту бағдарламасына  орай, инновациялық режимде  жұмыс тәжірибесін тарату бойынша негізгі алаң ретінде  Алмалы ауданындағы «И.В.Панфилов атындағы №54 мамандандырылған мектеп-лицейі» 1-ші мамандандырылған IT- лицейі болып  ашылды.
Мектеп және отбасының тығыз  өзара әрекеттестігін  жетілдіру мақсатында  Алмалы ауданындағы  барлық білім беру мекемелерінде  ыңғайлы, әрі қолайлы «Ата-аналардың қонақжай бөлмелері» жұмыс істейді, онда ата-аналар мен ұстаздардың білім беру, тәрбие мәселелерін ашық талқылауларына мүмкіндіктер жасалған.
Құқықбұзушылықтардың алдын алуда  мектеп оқушыларының  сабақтан тыс уақыттарын тиімды пайдалануын ұйымдастыру аса маңызды мәселе болып табылады.
Аудандағы барлық мектептерде 1947 оқушыны қамтитын  спорттық секциялар және 3318 оқушыны қамтитын үйірме жұмыс істейді.
2018 жылдың 2 ақпанынан бастап, ата-аналардың үйлерінде отырып,  балаларына мектепке дейінгі білім беру мекемелерін таңдауы, кезекке қоюы және балабақшаларға  жолдама алуы үшін  жаңа автоматтандырылған  жүйе  жұмыс істейді.  
Ауданда 8006 баланы қамтыған 103  мектепке  дейінгі білім беру мекемесі, оның ішінде, 6099 баланы қамтыған 26 мемлекеттік балабақша, 1210 баланы қамтыған 13 жекеменшік  балабақша,   697 баланы қамтыған 64 шағын орталық жұмыс істейді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша  263 орынды 9 жекеменшік білім беру мекемесі жұмыс істейді. 
Жыл басынан 1 жеке балабақша мен 22 шағын орталық ашылды. 
Ауданда 5 спорт мектебі, оның ішінде К.Ахметов  атындағы Республикалық олимпиадалық резервтегі арнаулы балалар мектеп-интернаты бар.
Ауданда 202 спорт ғимараты, оның ішінде 77 жабық спорт нысаны, 125 ашық спорт нысаны орналасқан.
Спорт және денешынықтыру саласында  мемлекеттік саясатты дамыту  аясында нашақорлық пен есірткі бизнесімен күрес  бойынша аймақтық бағдарламаны жүзеге асыруда, сондай-ақ  тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауданда  31 мыңнан астам адамның  қатысуымен  411 іс-шаралар өткізілді.
Жыл сайынғы жүргізілетін мониторинг нәтижесінде Алмалы ауданы тұрғындарының 30,6 % үнемі спортпен шұғылданатыны анықталды.
Аудандағы  18 аулада  «Спорт – менің ауламда» атты бағдарламасы бойынша нұсқаушылар  оқу жаттығуларын жүргізуде.
2018 жылы жазғы спорт түрлері бойынша Президенттік тестілеу шараларына 65 мыңнан астам адам қатысты, яғни аудан тұрғындарының  жалпы санынан 28,8 %-ды  құрады.
Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңына  және  тілдерді қолданудың  қалалық  бағдарламасына сәйкес, Алмалы ауданы 11 қалалық  байқауға қатысты. Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының  жасаған қорытындысы барысында, 2018 жылы тіл саясатын жүзеге асыру бойынша Алмалы ауданы  1-орынды иеленді.

Мемлекеттік қызмет көрсету
Аудан әкімінің аппаратымен 11 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, оның ішінде 10 АХАТ бөлімімен (азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша), 1 мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру бойынша). 
2018 жылы барлығы 17 434 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 
Сонымен қатар, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі арқылы 614 спорттық разрядтар берілді. 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру
Аудан әкімінің аппаратының жалпы құжатайналымы – 14 146 құжатты құрады, оның ішінде 7995 қызметтік хат хабарлар, 1900 жеке тұлғалардың және 378 заңды тұлғалардың, соның ішінде ««Open Almaty»  қоғамдық қабылдауынан  438 өтініш. 
Ресми интернет-ресурсқа 2236 («Алматы қаласының әкіміне сұрақ»- 61, «Алмалы ауданының әкіміне сұрақ» - 755, Инстаграм – 1420) өтініш түсті.
Азаматтардың өтініштеріне жедел түрде жауап беру мақсатында 2018 жылдың желтоқсан айында  Алмалы ауданы әкімі аппаратының    смартфондарға арналған  қосымша «WhatsApp» месенджері құрылды (17 өтініш түсті). 
Барлық өтініштер қарастырылып, құзірет шеңберінде шешіліп немесе білікті және толық жауап берілді.  

Тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін, пікірлерін жинауға арналған арнайы жәшіктер орнатылған орындардың мекен-жайлары: 
1. Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, 4 – «Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназия» КММ;   
2. Алматы қаласы, Жароков көшесі,18 – «М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп» КММ;   
3. Алматы қаласы, Радостовца көшесі,38 – «№18 гимназия» КММ;   
4. Алматы қаласы, Мұратбаев  көшесі, 200, - «Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті» АҚ; 
5. Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 97 – «М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ; 
6. Алматы қаласы, Чайковский көшесі,28 – «№90 лицей» КММ;   
7. Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114 – «Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті» ШЖҚ РМК.