Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Алмалы ауданының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары


2017 жылы салық түсімі 344,8 млрд. теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда өсу деңгейі 139% немесе 96 млрд. теңгеге артық болды. 
Қаңтар – қараша айларында өнеркәсіп өнімдерінің физикалық көлемінің индексі – 103,4% құрады немесе 119,8 млрд.теңге, негізгі капиталдағы инвестициялар көлемі 120,8% немесе 85,6 млрд.теңгені құрады, құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемі 109,9% немесе 30  млрд. тенгені құрады. 
Орташа айлық жалақы 184 316 теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8% жоғары. 4398 жұмыс орны құрылды (жоспардан 106,4%).
Ауданда өнеркәсіп қарқынды дамуда. Өнеркәсіптің ең көне кәсіпорындары: Алматы ауыр машина жасау зауыты, ашытқы зауыты, «Бахус» АҚ, «EurasianFoodCorporation» және т.б. өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асырып, өндірісті жаңғыртуда. «2015 - 2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасының» екінші бесжылдығы аясында инвестиция көлемі 7,3 млрд.теңгені құрайтын 3 компания қатысуда. («Алматы ашытқы жасау зауыты» АҚ, «MetalPromGroup» АҚ, «Сайман корпорациясы» ЖШС). 
«Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасына 35 кәсіпорын қатысуда. Оның ішінде 30 жоба – субсидиялау бойынша, жалпы сомасы 6,7 млрд. теңге, субсидиялау сомасы 1,2 млрд. теңгені құраса, жалпы сомасы 326 млн.теңгені құрайтын 5 кәсіпорын – кепілдік бойынша, «Даму» АҚ –33,4 млн.теңге кепілдік берілді. 851 жұмыс орны құрылды.
«Жібек жолы» бағдарламасы аясында 16 кәсіпкер жалпы сомасы 868 млн. теңгені құрайтын жеңілдік несиесін алды.
Мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал жасап, салық түсімдерінің 60%-ын қамтамасыз етті. Ауданда қаңтар-қараша айлары аралығында 29 586 шағын және орта бизнес тіркелген (2016 жылы – 28 025).
Былтырғы жылдан бастап аудандарда инвестфорумдар өткізіле бастады. Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде «Алмалы Инвест - 2017» атты II инвестициялық форумы өткізіліп, ауданның бизнес өкілдері үшін маңызды алаңға айналып, бизнестің дамуы үшін мақсатты әрі тиімді шешімдер қабылдауда рөлі өте зор болды.
Ауданда жаңа өндірістер мен кәсіпкерлік субъектілерінің ашылуына, жаңа жұмыс орындарын құруға ерекше назар аударылуда. 
Жалпы көлемі 96 468 ш.м. «Жібек жолы» сауда-құрылыс орталығы ашылды. Тартылған инвестициялар сомасы 16 млрд. теңгені құрады, 100 жұмыс орнын ашу көзделуде. 
2018 жылдың 1 тоқсанында екі ірі нысанның ашылуы жоспарлануда: 
Жалпы көлемі 42 630 ш.м. «Абылай хан Плаза» сауда-әкімшілік кешені. Тартылған инвестициялар сомасы 15 млрд. теңгені құрап, 120-дан аса жұмыс орны ашылатын болады.
Жалпы көлемі 62 000 ш.м. «Кайсар Плаза» әкімшілік ғимараттары. Тартылған инвестициялар сомасы 17 млрд. теңгені құрап, 80-не аса жұмыс орны ашылады.
Сондай-ақ ауданымыздың экономикасын дамытудағы тағы бір бағыт ол  ақпараттық технологиялар. «Жібек жолы» сауда үйінде ақпараттық кварталы орналастырылатын болады. Бұл цифрлық экономика үшін ақпараттық технологиялардың зерттеу алаңына айналады деген сөз. Оның негізгі мақсаты – инновациялық ақпараттық технологиялар жүйесінде ұзақ мерзімді әрекеттер құру. 
Алмалы ауданы – қаланың экономикалық-мәдени орталығы. Басты мақсат қаланың тұрғындары мен туристер үшін қолайлы жағдай жасау.
Ауданымызда Дат сәулетшісі Ян Гейлдың жобасы жүзеге асырылуда.  Бұл бағытта Жібек жолы, Гоголь, Панфилов, Қабанбай батыр көшелерінде және Астана алаңында жаяу жүргіншілер аймағына көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Ағаштар отырғызылды, жаңа субұрқақтар орнатылды, балалар ойын кешендері және кіші сәулеттік нысандар орнатылды. Жібек жолы көшесінің бойында тегін мұз алаңы ашылды.
Байсейітова, Қарасай батыр көшесі мен Тастақ ықшамауданындағы Дүйсенов көшелері жаяу жүргіншілер аймағы жөндеу жұмыстарынан кейін көпшіліктің демалуына сүйікті орындарына айналды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Биокомбинат», «Сиреневый» саябақтары ағымдағы жөндеуден өткізілді.   
Сонымен қатар, ауданда орналасқан 11 саябаққа мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандустар, тактильді тақталар, мүгедектерге арналған белгілер, жалпы бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 3 инклюзивтік ойын алаңдары орнатылды.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауданның заңды тұлғалары аумақтарды көгалдандыру және гүлмен безендіру жұмыстарын жүргізді (Қабанбай батыр көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін Абылай хан даңғылының батыс бөлігі; «Сиреневый» саябағында; Лермонтов атындағы театр аймағы). 
Жалпы көлемі 15,7 км. құрайтын 12 мекен-жай бойынша көшелердің және жалпы көлемі 16,7 км. құрайтын 19 жаяу жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 50 көшенің ағымдағы жөндеуі аяқталды. Қазіргі таңда ұзындығы 7,8 км. құрайтын арық желілері мен су канализацияларында қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан аумағының санитарлық тазалығы мен көріктендіруі мәселелеріне басты назар аударылады.
Аудандық «Алматы Тазалық» МКМ учаскесі бойынша 16 бірлік жаңа техника сатып алынып, қосымша 300 жол жұмысшылары жұмылдырылды.
Ауданда 206 ПИК  қызмет көрсететін 1 409 көпқабатты және 3495 жекеменшік жер үйлер орналасқан.
Ағымдағы жылы тұрғындардың өз қаражаты есебінен 98 кіре беріс, 17 қасбеті және 3800 ш.м. үйдің шатырлары жөнделді. Жылу энергиясын үнемдеу мақсатында тұрғын үйлерде 559 жалпы жылу есептегіші орнатылған. 
«Қазақстан Республикасының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту 2011-2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 457 млн.тенге қаражатқа 31 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өткізілді (шатыр, қасбеті, лифттер, инжинерлік желілер, кіреберістер). 
Ауданның инфрақұрылымын жақсарту мақсатында ұзындығы 12 312 метр сумен қамту және кәріз желілері, 13 277 метр жылу желілері жөндеуден өтті. Жыл басынан 8 406 п.м. иесіз қалған инженерлік желілер қаланың коммуналдық меншігіне өтті.  
88 балалар ойын алаңы мен 37 спорт алаңы орнатылған 93 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізіліп, келесі жылға 100 ауланы жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. 
Қазіргі таңда аудан аумағында 23 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 
«Ескі тұрғын үй» бағдарламасы аясында 3 мекен-жай бойынша дайындық жұмыстары жасалуда.  
Төле би көшесінің солтүстік жағы Әуезов көшесінен батысқа қарай, Гоголь көшесінен оңтүстікке және Наурызбай батыр көшесінің батыс жағында жұмысты «Диал Строй» ЖШС жүргізуде, инвестиция көлемі 37,8 млрд.теңге, құрылыс аумағы 57 мың шаршы метр;
Жамбыл-Байзақов көшелерінің қиылысында «ВЕК» ЖШС-і  жерасты паркингі бар жалпы аумағы 27 мың шаршы метрді құрайтын 3 тұрғын үй салу жұмыстарына дайындықты бастады. Инвестиция көлемі 3,3 млрд. теңге.
Аудан аумағында жалпы білім беретін 38 мектеп орналасқан. Жалпы саны 30 855 оқушы оқиды (мемлекеттік мектептерде – 28 668 оқушы, жекеменшік мектептерде 2187 оқушы).
Қалалық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарын дайындау бойынша алдынғы орынды иеленіп, 2016-2017 жылғы оқу жылында 182 оқушы жеңімпаз атанды. ҰБТ нәтижесі бойынша (108 балл) Алмалы ауданы қала бойынша 1 орынды алды. 
Ауданда мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне деген тапшылық орын алуда. Қазіргі уақытта 3 және 6 жас аралығындағы 3086 бала кезекте тұр (оның шамамен 1200-і Алмалы ауданының тұрғындары). 
Соған қарамай аталған мәселе ағымдағы жылы мемлекеттік балабақшалар жанынан қосымша 200 орын және 105 балаға арналған тегін мектепке дейінгі дайындық топтар ашу арқылы шешілуде.  3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамтамасыз ету бойынша жыл басынан бері 160 баланы қамтитын 22 шағын орталық ашылды.
Мемлекеттік білім тапсырысы (Балапан) бойынша 263 бала оқитын 8 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді. 
Биылғы жылы қазан айында Тілендиев көшесі, 215 мекенжайында 160 орынға арналған «Айбала» жекеменшік балабақшасы ашылды.
Аталған мәселені шешуге бизнес-құрылым өкілдері де тартылуда, атап айтқанда мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде Тілендиев көшесі, 49 мекен-жайында 400 орынға арналған балабақша құрылысының жаңа жобасы жүзеге асырылуда.
Негізгі басым бағыттарының бірі халықты әлеуметтік қамсыздандыру болып табылады.  Есептік кезеңде жалпы сомасы 11 618 069 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек 1326 адамға көрсетілді. Бұл арнаулы әлеуметтік көмек, балаларға арналған жәрдемақы және тұрғын-үй жәрдемақысы.   
Ай сайын 1743 зейнеткер жалпы сомасы 51 603 867 теңгені құрайтын әлеуметтік көмек алды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу аясында ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, ҰОС қатысушыларына теңестірілгендерге жалпы сомасы 32 млн. 190 мың теңгені құрайтын бір реттік әлеуметтік көмек берілді.
Оңалту орталығында 160 мүгедек бала және 80 мүгедек сауықтырудан өтуде. 519 жалғызілікті азаматтарға үйлерінде әлеуметтік көмек көрсетілуде.
«Халықты нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту  - 2017-2020»  және «Алматы қаласын дамыту – 2020» бағдарламалары негізінде 2159 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Жастар практикасына 125 адам, кәсіби оқуға 413 адам, 129 адам әлеуметтік жұмысқа тартылды. 
Ауданның медицина саласында 26 медицина мекемелері қызмет көрсетеді. Барлық медицина мекемелерінде инновациялық технологиялар енгізілуде. Диагностиканың заманауи түрлері қолданылып, күрделі ота жасалуда.
Сонымен қатар шетелдік мамандар түрлі мастер-класстар өткізуде. Мысалы, Қалалық кардиологиялық орталық Қазақстандағы жұмыс жасап тұрған жүрекке ота жасаудың 60 %-дан астамы жүзеге асырылатын бірден-бір орталық болса, Жедел шұғыл көмек көрсету орталығында жылына 5000-нан астам ота жасалады.  Сондай-ақ биылғы жылы медицинаның соңғы технологияларымен жабдықталған Репродуктивтік медицина институтының жаңа филиалы қолданысқа берілді.  
Баршамызға белгілі Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында алдымызда қойылған міндеттердің бірі – мемлекеттік бюджеттен тыс қаржыландыру арқылы бизнес өкілдерін және аудан азаматтарын туған жеріне игі істер жасауға, белсенділік танытуға тарту. Бизнес өкілдерінің қолдауымен балаларға арналған 8 ойын және спорт алаңдары, Абай даңғылы, 141 мекенжайында хоккеймен айналысуға арналған мұз айдыны қайтадан жөндеуден өткізіліп, ашылды. 
Мүгедектер мен қарт адамдарға, балаларға арналған түрлі әлеуметтік шаралар өткізілді. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен демеушілердің қолдауы арқасында Астана қаласында өткен «Экспо-2017» халықаралық көрмесін үздік оқитын 60 дарынды балалар тамашалап қайтты.


 «Туған өлке тарихы», «Жас дарын» атты байқаулар өткізіліп, «Сөз дауа» кітабы жарық көрді. Аудан өкілдері қалалық, республикалық тілдерді дамыту, мәдениетімізді дәріптеуге бағытталған байқауларда жүлделі орындарды иеленді. Бұл жолда аудан жастарының үлесі зор екенін атап айтуға болады. Жалпы бағдарлама аясында аудан көлемінде 200-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылып, аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.
Аудан аумағында 65 000 аса студент оқиды, яғни қала студенттерінің 40%-ы. Ағымдағы жыл Алматы қаласы әкімімен «Жастар жылы» деп жарияланғандықтан, аудан жастары көптеген іс-шараларға қатыстырылды. Жастардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін бұрынғы трамвай депосының орнында жастарға арналған лофт-орталық ашылды.
Аудандағы қылмыстық жағдайды талдау бойынша жыл басынан 32455 құқық бұзушылық тіркелген,оның ішінде 12 741 қылмыстық құқық бұзушылық бойынша. (2016 жылы – 14 235). Өткен жылмен салыстырғанда қылмыстарды ашу 23,1%-ға жақсарды. 
Бейнебақылау көмегімен 303 қылмыс ашылып, 2644 құқық бұзушылық анықталды. Қазіргі уақытта Алмалы ауданында 6 474 бейнебақылау орнатылған, оның 2785 тұрғын үйлерің кіреберісінде. Бұл жұмыстардың барлығы қауіпсіз қаланы қалыптастыруға бағытталған.  
Жабайы сауданы жою аясында 200 рейд жүргізілді. 42-ден астам заңсыз салынған құрылыс бұзылды. Одан бөлек, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204 бабына сәйкес «Белгіленбеген жерлерде сауда жасау» бойынша 1689 хаттама толтырылып, 2,5 млн. теңге айыппұл салынды. 
Аудан әкімінің аппаратымен 11 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Барлығы 19 096 мемлекеттік қызмет көрсетілді.   
Тиімді жұмыс жүргізуге тұрғындармен әкім аппаратына немесе ресми интернет ресурстағы «Әкімге сұрақ» айдарына өтініш білдіру арқылы кері байланыс орнату өз септігін тигізеді. 
Аудан әкімінің аппаратының жалпы құжатайналымы – 14 578 құжатты құрады, оның ішінде 12509 қызметтік хат хабарлар, 1656 жеке тұлғалардың және 413 заңды тұлғалардың өтініштері. 
 Ресми интернет ресурсқа 842 өтініш, Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы 994 өтініш түсті. 
Келіп түскен өтініштердің көпшілігі көріктендіру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының жұмысы және сауда саласына қатысты. Барлық көтерілген сұрақтар қарастырылып, құзірет шеңберінде шешімін тапты немесе өтініш иелеріне білікті, толық жауап берілді.   
Тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін, пікірлерін жинауға арналған арнайы жәшіктер орнатылған орындардың мекен-жайлары: 
1. Алматы қаласы, Түркебаев көшесі, 4 - Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназия;   
2. Алматы қаласы, Жароков көшесі, 18 - М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп;   
3. Алматы қаласы, Радостовец көшесі, 38 - №18 гимназия;   
4. Алматы қаласы, Мұратбаев  көшесі, 200, - Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті; 
5. Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 97 - М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы;   
6. Алматы қаласы, Чайковский көшесі, 28 - №90 лицей;   
7. Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114 – Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті.