Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Алмалы ауданы әкімінің және орынбасарларының 2017 жылдың 6 айында жеке қабылдаулары бойынша мәліметке түсініктеме жазба


ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының орталық және атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру туралы» №974  Қаулысына сәйкес  Алмалы ауданы әкімінің және орынбасарларының бекітілген кесте бойынша жеке қабылдаулары жүргізіледі. 
Есептік кезең бойынша аудан әкімі және әкімнің орынбасарлары 78 адамды қабылдады. Өтініш білдірушілердің басым бөлігі зейнеткерлер, мүгедектер, көпбалалы аналар және т.б.   
Аудан әкімі Ж.Т.Естеновтың жеке қабылдауында 40 өтініш қарастырылып,  – 3 шешімін тапты,  мемлекеттік орган бөлімшелеріне 8 жолданды,  29 өтініш бойынша түсініктеме берілді. 
Аудан тұрғындарының  көпшілігі ішкі аулалары көріктендіру, ұйымдаспаған сауда, апаттық ағаштарды кесу, ПИК қызметі, материалдық көмек көрсету және т.б.  мәселелерді көтерді.
Мысалы, Сейфуллин даңғылы, 567/93 үйдің тұрғыны М. Қалдыбаевтың шатырды жөндеу мәселесі бойынша өтініші қанағаттандырылып, ағымды жылдың 15 тамызынан бастап шатырды жөндеу жұмыстары басталады.
Сонымен қатар, Абылай хан даңғылы, 56/61 үйдің тұрғыны М. Дмитрованың шлагбаумды демонтаж жасау туралы өтініші қарастырылып, тосқауыл болған шлагбаум алынып, өтініші қанағаттандырылды. 
Аудан әкімінің орынбасарлары 38 адам қабылдады, оның ішінде: 
-    2 өтініш  қанағаттандырылды,
-    22 өтініш   бойынша   түсініктеме  берілді,
-  14 өтініш өзге мемлекеттік органдардың бөлімшелерінің қарауына жолданды.
Тұрғындар көбінесе ПИК-нің қызметі, қөріктендіру, әлеуметтік қорғау, ұйымдаспаған сауда мәселелерін көтереді. 
Аудан тұрғыны Р. Сарбалинаның үйінің өртенгеніне байланысты материалдық көмек сұрап жазған өтінішіне байланысты  100 АЕК көлемінде Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен материалдық көмек  көрсетілді. Өтініш қанағаттандырылды.
Барлық   хат-хабарларды   жедел   және   сапалы   өңдеу, оларға   талдау   жасау,  уақтылы   орындау –  Алмалы ауданы әкімі аппаратының қызметінің  негізгі  бағыттарының  бірі болып табылады.


Құжаттамалық қамтамасыз 
ету бөлімінің басшысы                                                                                М. Жұмагельдиев