2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2019 жылдың 12 айында атқарған жұмысы туралы есебі


Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.  
Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген негізгі функциялардың бірі мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік қызметшілер туралы және Әдеп кодексі туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекілген Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары туралы Ереженің 9 тармағына сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерді және өзге де тұлғаларды қабылдауды жүзеге асырады.
Аудан әкімі аппаратының ғимараттарында, аудан әкімінің ресми интернет ресурстарында, сондай-ақ ғимараттың фойесінде Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ақпарат, оның функционалдық міндеттері және мемлекеттік қызметшілер мен өзге де тұлғаларды қабылдау күндері туралы ақпарат орналастырылған (қабылдау күндері демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін). 
2019 жылдың 12 айында Әдеп жөніндегі уәкіл 49 (2018 жыл – 52) мемлекеттік қызметшілер мен өзге де тұлғаларға, оның ішінде 35 (2018 жыл – 40) мемлекеттік қызметкерге және 15 (2018 жыл 12) жеке тұлғаға  консультациялық көмек көрсетілді. 
Әдеп жөніндегі уәкіл тұрақты түрде әдеп нормалары бұзылуының алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейін арттыру мақсатында семинарлар, дәрістер мен  түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жыл басынан құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 12  (2018 жыл 12) түсіндіру шаралары, оның ішінде 12 (2018 жыл 12) семинар және дәрістер өткізілді,  www.almaly.almaty.kz  интернет-ресурсына 8 (2018 жыл – 10) жаңалық жарияланды.
Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында аппарат қызметшілерінің іс-әрекетіне қатысты жағымсыз жарияланымдар және жеке аккаунттарында фото, бейнематериалдар мен мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін пікірлерді орналастыруды анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен танымал әлеуметтік желілерде тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.
Мониторинг барысында БАҚ-та теріс материалдар, мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін мемлекеттік қызметшілердің фото материалдары анықталған жоқ. Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілермен материалдарды орналастыруға жол бермеудің алдын алуда уақтылы шаралар қабылдап, жеке қабылдаулар өткізіледі.
Ұжымдағы моральдық-психологиялық климаттың жай-күйіне және қызметтік әдеп нормаларын сақталуына бақылау (мониторинг) жүргізу мақсатында Әдеп жөніндегі уәкіл тұрақты негізде аппарат қызметкерлері арасында  анонимдік сауалнама жүргізіп отырады.  
Әдеп жөніндегі уәкіл 38 (100%) аппарат қызметкерлері арасында анонимдік сауалнама жүргізді. Анонимді сауалнамаларға талдау жүргізу қорытындысы бойынша аппарат қызметкерлері тарапынан қызметтік әдеп нормаларының бұзылуы анықталған жоқ.
Алмалы ауданы бойынша 2019 жылы 12 қарашада Алматы қаласының Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысындағы ұсыныстарды орындау мақсатында 2019 жылдың 4 тоқсаны бойынша Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасының есепке алу базасына сәйкес, Алмалы ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерінің «Әкімшілік құқық бұзулышық» Кодексін бұзу туралы салынған айыппұлдарды анықтау мақсатында талдама (мониторинг) жүргізілді. Жүргізілген талдама нәтижесі бойынша 39 қызметкердің ішінде 2  қызметкерге «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексін бұзғанды үшін айыппұл салынғандығы анықталды. Нәтижесінде 2 қызметкерге алдағы уақытта бұндай кемшіліктерге жол бермеу тиістігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 
Аудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі өзіне жүктелген міндеттері бойынша тұрақты негізде уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы және қызметін үйлестіру мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілімен жұмыс жүргізіп отырады. 


Алмалы ауданы әкімі аппаратының
Әдеп жөніндегі уәкілі                                                                                               К. Әбілқақова