Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әдеп жөніндегі уәкілінің 2019 жылдың I тоқсанында атқарған жұмысы туралы есебі


Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің  2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.  
Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген негізгі функциялардың бірі мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік қызметшілер туралы және Әдеп кодексі туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекілген Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары туралы Ереженің 9 тармағына сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерді және өзге де тұлғаларды қабылдауды жүзеге асырады.
Аудан әкімі аппаратының ғимараттарында, аудан әкімінің ресми интернет ресурстарында, сондай-ақ ғимараттың фойесінде Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ақпарат, оның функционалдық міндеттері және мемлекеттік қызметшілер мен өзге де тұлғаларды қабылдау күндері туралы ақпарат орналастырылған (қабылдау күндері демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін). 
Жыл басынан Әдеп жөніндегі уәкіл 17 мемлекеттік қызметшілер мен өзге де тұлғаларға, оның ішінде 14 мемлекеттік қызметкерге және 3 жеке тұлғаға  консультациялық көмек көрсетілді. 
Әдеп жөніндегі уәкіл тұрақты түрде әдеп нормалары бұзылуының алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейін арттыру мақсатында семинарлар, дәрістер мен  түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жыл басынан құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 3 түсіндіру шаралары, оның ішінде 3 семинар және дәрістер өткізілді,  интернет-ресурсқа 3 жаңалық жарияланды.
Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында аппарат қызметшілерінің іс-әрекетіне қатысты жағымсыз жарияланымдар және жеке аккаунттарында фото, бейнематериалдар мен мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін пікірлерді орналастыруды анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен танымал әлеуметтік желілерде тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.
Мониторинг барысында БАҚ-та теріс материалдар, мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін мемлекеттік қызметшілердің фото материалдары анықталған жоқ. Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілермен материалдарды орналастыруға жол бермеудің алдын алуда уақтылы шаралар қабылдап, жеке қабылдаулар өткізіледі.
Ұжымдағы моральдық-психологиялық климаттың жай-күйіне және қызметтік әдеп нормаларын сақталуына бақылау (мониторинг) жүргізу мақсатында Әдеп жөніндегі уәкіл тұрақты негізде аппарат қызметкерлері арасында  анонимдік сауалнама жүргізіп отырады.  
Әдеп жөніндегі уәкіл 38 (100%) аппарат қызметкерлері арасында анонимдік сауалнама жүргізді. Анонимді сауалнамаларға талдау жүргізу қорытындысы бойынша аппарат қызметкерлері тарапынан қызметтік әдеп нормаларының бұзылуы анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілері күніне орай, аудан әкімі аппаратында оң имиджді және ұжымдағы жағымды климатты қалыптастыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлер аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Аудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі өзіне жүктелген міндеттері бойынша тұрақты негізде уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы және қызметін үйлестіру мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілімен жұмыс жүргізіп отырады. 


Алмалы ауданы әкімі аппаратының
Әдеп жөніндегі уәкілі                                                                                            К. Әбілқақова