Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы


Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы (.doc, 187 Кб)

Алматы қаласы Алмалы ауданы 
әкімі аппаратының «Б» корпусы 
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің 
қызметін бағалау Әдістемесін 
бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңынының 37-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласы Алмалы  ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» (Алматы қаласының Әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1357 болып тіркелген 2017 жылғы 01 сәуірде № 38 (5387) «Алматы ақшамы» және  2017 жылғы 01 сәуірде № 37 (13193) «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған), Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2017 жылғы   10 наурыздағы № 02 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы нормативтік құқықтық акт Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізілсін.
4. Осы шешімді интернет-ресурста орналастыру қамтамасыз етілсін. 
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы К.К.Әбілқақоваға жүктелсін.
6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Алмалы ауданының әкімі                                                                                 Ж. Естенов