Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Электронды билеттеу жүйесі


Алматыда 1 қазаннан бастап қоғамдық көлікте электронды билеттеу жүйесі енгізілді.

Осы жылдың көктемінен дайындық жұмыстары қолға алынған жоба жыл соңына дейін пилотты түрде болады. Яғни, тәжірибе муниципалды автобустардан басталып, басқа да қоғамдық көліктерге қойыла бастайды. Әзірге жол жүру билеті, басқа да төлем түрлері қатар жүреді. Пилоттық жобаның мақсаты – төрт айда алматылықтар мен қала қонақтары жаңа жүйені меңгеріп, үйренуіне жағдай жасау.

Ал 2016 жылдың қаңтарынан Алматы қаласында адам тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктің барлық түрі (автобус, трамвай, троллейбус, метро) электронды билеттеуге көшеді. Қоғамдық көлікте балама жолақы төлемі болмайды. Жолақы төлемі «электронды карта» арқылы жасалады.

Алматы қаласы мәслихатының ХLІІІ сессиясының шешімі бойынша қоғамдық көлікте тегін және жеңілдікпен жүретін алматылықтардың санаты белгіленді. Бұл санатқа ҰОС ардагерлері, жасы 75-тен асқан жандар тегін жүретін, мектеп оқушылары, оқу орындарының күндізгі бөлімінің студенттері 50 пайыз жеңілдікпен жүретін болып жатқызылды.

  • Сонымен, қоғамдық көлікте жол ақысын «электрондық картадан» көліктегі құрылғы арқылы төлеуге болады.
  • Бүгінгі таңда теңгерімін (баланс) толтырып отыруға болатын, пайдалану мерзімі шектелмеген «электронды карталар» 400 теңгеден (ішінде 80 теңге бір жол жүру құны бар) сатылымға түсті;
  • Жеңілдігі бар жолаушыларға жеке электронды төлем картасы жасалып, тегін беріледі;
  • Жеңілдігі бар карталар оқушылар мен студенттерге мектептер мен оқу орындарында беріледі. Зейнеткерлер аудандық әлеуметтік қорғау бөлімдеріне хабарласуы қажет;
  • Электронды билеттеу жүйесі автобус, троллейбус, трамвайларда 1 қазаннан енгізілсе, метрода жыл аяғына дейін жасалады;
  • Алматыда электронды төлем карталары «Оңай» деген жазу белгілері бар сауда орындарында (киоск, дүкен, т.б.) сатылып жатыр;
  • «Бірыңғай көлік картасы» жолаушыларға қолайлы болу үшін арнайы қаптамада, қазақша-орысша нұсқаулығымен сатылып жатыр;
  • «Бірыңғай көлік картасын» пайдалану мерзіміне шектеу жоқ және картаны өз құнына (320 теңге) қайта тапсыруға болады;
  • «Бірыңғай көлік картасын» ішіне ақша құйып, теңгерімін (баланс) толтырып отырып, пайдаланылады;
  • Қоғамдық көліктегі қондырғы әр сапар үшін картадан 80 теңге жолақысын автоматты түрде алып қалады.

Электрондық билеттеу жүйесі Алматының барлық қоғамдық көліктеріне енгізіліп, жолаушылардың түсініп, қалыптасуына төрт ай уақыт беріліп отыр. 2016 жылдың басынан барлық қоғамдық көлікте бірыңғай электронды төлем жүйесі болады.

«Бірыңғай көлік картасы» бойынша сұрақтар болса, Алматы Көлік басқармасына мына телефондарға хабарласуға болады: 262-20-49, 262-14-09.