2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Алмалы ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары


2019 жылы аудан бюджеті 8 599,4 млн. теңгені құрады, бюджет қаржысы 100%  игерілді.   
Мемлекеттік бюджетке 421,3 млрд. теңге салық түсімі қамтамасыз етілді, болжам бойынша 402,7 млрд. теңге, яғни орындалуы 105% немесе 18,5 млрд.теңгеге артық. Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 140% немесе 121 млрд. теңгеге артық.
Республикалық бюджетке 323,4 млрд. теңге салық түсімі қамтамасыз етілді, болжам бойынша 306,4 млрд. теңге, орындалуы 106% - ды құрады немесе 16,9 млрд. теңгеге артық. Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 155% құрады немесе 114,8 млрд. теңгеге артық.
Жергілікті бюджетке 97,8 млрд. теңге салық түсімі қамтамасыз етілді, болжам бойынша 96,3 млрд. теңге, орындалуы 102% құрады немесе 1,5 млрд.теңгеге артық. Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 107% құрады немесе 6,2 млрд. теңгеге артық.
Ауданның тұрақты даму саясаты жоғары деңгейде өмір сүру сапасы мен тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ететін адами капиталға инвестиция салуға бағытталған. Аудан тұрғындарының саны - 217 119 адам, орташа еңбекақы - 222 426 тг.  
Ауданда 30 730 кәсіпорын тіркелген (Алматы қаласы бойынша - 125 554, аудан үлесі 24,4%), оның ішінде жұмыс істеп тұрғандар – 17 889 (Алматы қаласы бойынша - 75 888, аудан үлесі 23,6%), 28 458 шағын және орта бизнес тіркелген (Алматы қаласы бойынша - 116 704, аудан үлесі 24,4%), одан – 16 602 жұмыс істейді (Алматы қаласы бойынша – 70 767, аудан үлесі 23,4%) (2018 ж. 28 700 тіркелген, 15 129 жұмыс істейді). 
Негізгі капиталға инвестициялар 
Дамыған қаржы секторы – ауданның дамуы мен экономикалық өсуінің кепілі болып табылады. 
2019 жылы аудан кәсіпорындары негізгі капиталға 102,9 млрд.теңге немесе 109,3% инвестиция енгізді (өткен жылдың ұқсас кезеңі  92,5 млрд. теңге).
Өнеркәсіп
2019 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 159 млрд.теңгеге өнім өндірді, немесе 104% (өткен жылдың ұқсас кезеңі 166,7 млрд. теңге).
Сауда: 
2019 жылы тауар айналымының жалпы көлемі 3,4 трлн. теңгені құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңі 3 трлн.теңге): 
бөлшек тауар айналымы 770,2 млрд. теңгені құрады, немесе 148,5% (өткен жылдың ұқсас кезеңі - 486,1 млрд. тг.)
көтерме сауда айналымы 2,6 трлн.тг. немесе 101,2% (өткен жылдың ұқсас кезеңі - 2,5 трлн.тг.)
Жаңа өндіріс және кәсіпкерлік қызмет субъектілерін, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша тапсырмаларды орындауға ерекше көңіл бөлінеді. 2019 жылы 4100 жұмыс орнын құру жоспары бекітілген, жоспарды орындау нәтижесінде 5802 жұмыс орны құрылды, орындалуы 141,5% құрады, оның ішінде өнеркәсіпте – 113, сауда орындарында – 1607, көлік және байланыс кәсіпорындарында – 355, білім беру саласында – 239, денсаулық сақтау саласында – 134, құрылыста - 157, экономиканың өзге де секторларында – 3197.
Алматы қаласы бойынша бизнесті қолдау және дамыту мақсатында "Алматы Бизнес 2025" бағдарламасының жобасы әзірленді. "Qoldaý" кәсіпкерлік орталығының аудандық филиалы құрылды (Байзақов көшесі, 303 мекен-жайы), онда бизнесмендерге 30 бағыт бойынша 525 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ "Almaty Invest" инвестициялар тарту орталығы құрылды. 
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру (субсидиялау мәселелері бойынша) 
Бағдарламаның шарттары: несиенің ең жоғары сомасы 2,5 млрд. теңге несие беру мөлшерлемесі - 14,2%, оның нақты мөлшерлемесінен 40% - ды мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді. Несие беру мерзімі, инвестицияға - 5 жыл, айналым қаражатын толықтыруға – 3 жыл.
2019 жылы "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 7,9 млрд.теңгеге 34 жоба қатысты. Бағдарлама аясында 367 жұмыс орнын құру жоспарлануда (бүгінгі таңда 12 жоба бойынша 137 жұмыс орны құрылды) (2018 жылы - 22 жоба 19,7 млрд.тг. сомасына, 338 жұмыс орны құрылды):
- субсидиялау бойынша 7 млрд. теңге сомасына 24 жоба (568 жұмыс орны сақталды, 285 жұмыс орнын құру жоспарлануда);
- кепілдендіру бойынша 836,6 млн.теңге сомасына 10 жоба (320 жұмыс орны сақталды, 82 жұмыс орнын құру жоспарлануда)
(Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2-3 жыл);
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру 
Бағдарламаның шарттары: қарыз сомасы 8 мың АЕК - ке дейін, яғни 21,2 млн.тг (2020 жылы 1 АЕК-2651 тг). несие беру мөлшерлемесі - 6%, неси беру мерзімінің ұзақтығы инвестицияларға 5 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыруға 3 жылға дейін.
Аудан бойынша 2019 жылы 208,8 млн.теңгеге 16 жоба қаржыландырылды. (36 жұмыс орны сақталды, 17 жұмыс орны құрылды) (2018 ж. - 58 жоба 804 млн.тг. сомасына)

Базарлар
Аудан аумағында 8 базар орналасқан: 
-4 базар жаңғыртылды (Саламат, Тастақ, Жұлдыз, Кәрім);
-1 базарда жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде, жаңғырту жұмыстарын аяқтау мерзімі 2021 жылдың ІІ тоқсаны (Барыс-ІV)
-2 базар 2020 жылы жаңғырту жұмыстарын бастауды жоспарлауда (Тұлпар, Береке).
2019 жылы заманауи стандарттар мен тұрғындардың қажеттіліктеріне жоғары деңгейде сәйкес келетін 13,6 млрд. теңге сомасына 11 коммерциялық нысан ашылып, 368 жұмыс орын құрылды. 
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында апта сайын Қарасай ауданының ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеге Алматы облысының (Қарасай ауданы) 150-ден астам шаруа қожалығы қатысады. Өткен кезеңде жәрмеңкедегі бағалар тұрақты болды, орташа нарықтық бағадан 15% төмен. 2019 жылы жәрмеңкеде тауар айналымы 164,3 млн. теңгені құрады.
2019 жылдың басынан бастап "Атамекен" ҰКП, "Даму "КДҚ" АҚ, "Almty Finance"бірлесіп мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша кәсіпкерлермен 27 кеңес өткізілді.

Көріктендіру, санитарлық жағдай
Ауданның санитарлық тазалығын қамтамасыз ету
«Алматы тазалық» МКК мердігерлік мекемесінің күшімен күнделікті ұзындығы 186,8 км. 110 көше, ұзындығы 214,4 км. тротуарлар және 180,3 км. арық жүйелері тазартылды.     
Қысқы кезеңде қарды уақтылы тазалау жұмыстарына 132 бірлік арнайы техника және 430 – дан аса жол жұмысшылары тартылып,  40 768 м3 қар   шығарылды (2018 жылдың ұқсас кезеңінде 31 186 м3 қар шығарылды).
"Тәртіп"АҚ күшімен күнделікті 1442 дана контейнер орнатылған 271 қоқыс алаңдарын жинау жұмыстары жүргізілді. 2 жаңа контейнер алаңы құрылысы, 23 контейнер алаңдарын жөндеу және 350 контейнерлерді ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (контейнерлер сырланып, 850 дөңгелегі ауыстырылды)
«Эталон» ЖҚК ЖШС және «фирма ЛЭУ» ЖШС мердігер мекемелерінің күштерімен 22 саябақ, 1 бақ, 5 бульвар, 15 жасыл аймақ және Райымбек даңғылының (Боткин көшесінен Тілендиев көшесіне дейін) бойындағы жалпы алаңы 99,3 ГА 1 бөлу жолағын күтіп-ұстау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жайлы ортаны дамыту: 
Жайлы қалалық ортаны дамыту аясында келесі жұмыстар жүргізілді:
1.3 көшені (Жібек Жолы, Байсейітова, Дүйсенов көшелері) қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Көшелерді қайта жаңарту аясында балалар және спорттық ойын алаңдарын, субұрқақ, орындықтар, қоқыс жәшіктерін, шағын сәулеткерлік бейнелер орнату, жасыл желектерді отырғызу, жарықтандыру және суару жүйесін салу жұмыстары жүргізілді. 
2.13 көріктендірілмеген аумақ көріктендіріліп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, жасыл желектер отырғызылды. 
3.5053 дана ағаш отырғызылды.
4. 3 қабырғаға монументалды сурет салынды (Шәрәпов көшесі 120, Сейфуллин даңғылы, 565, Сейфуллин даңғылы, 520)
5.5 пандус құрылысы (Желтоқсан көшесі мен Маметова көшесінің қиылысы, Төле би көшесі мен Варламов көшесінің қиылысы, Абай даңғылы мен Гагарин көшесінің қиылысы, Байзаков көшесі мен Жамбыл көшесінің қиылысы, Чокин көшесі мен Төле би көшесінің қиылысы);
6.16 ескерткішті жарықтандыру;
7.8 экологиялық «Birgе TazaQazaqstan» акциясы, 1 қалалық және 30 – дан аса аймақтық сенбіліктер ұйымдастырылды;
8.Ауданда 301 619 ш.м. немесе 388,7% тұрғын үй қолданысқа егізілді. 

Арық желілерін қайта құру.
Ауданның арық желілерінің жалпы ұзындығы-180,3 км.
Су тасқыны кезінде су басуына және әлеуметтік шиеленіске жол бермеу мақсатында 2019 жылы 31,3 км. арық желілері қайта жаңартылып, оның ішінде 5,1 км. жаңадан салынды.
Ең маңызды жұмыстардың бірі – Чокин көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі Төле би көшесінің арық желілері Райымбек даңғылындағы "АЗТМ" зауытының аумағы арқылы шығарылып қайта жаңартылғандығы. Барлығы 2,7 км. арық желілері қайта жаңартылып, 11 өткелді тесу жұмыстары жүргізілді. 
Көшелерді орташа жөндеу:
Аудан аумағында ұзындығы 186,8 км. 110 көше орналасқан. 2019 жылы ұзындығы 21 км.-ден аса 15 көше орташа жол жөндеу жұмыстарымен қамтылды.
Сондай-ақ мердігер мекеме Қазыбек би көшесіне Абылай хан даңғылы мен Желтоқсан көшесінің аралығында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Тротуарларды орташа жөндеу.
Барлық тротуарлардың ұзындығы – 214, 4 км (жалпы аумағы – 698 948 м2). 
Аудан аумағында тротуарларды жөндеу аясында 2019 жылы жалпы ұзындығы 2,7 км. 18 мекен-жай бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды, оның ішінде 9 учаскеде (1,7 км.) жаңа құрылыс және 8 учаскеде (1 км.) жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Бағдаршам нысандары құрылысы
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Алматы қалалық мобильдік басқармасы 14 бағдаршам нысандарын салу бойынша жұмыстар жүргізді.
 
Ағаштарды санитарлық кесу және көгалдандыру
Ауданның жасыл желектер қоры құжаттандыруға сәйкес – 213 082 дана. Жасыл экономика басқармасының жүргізген зерттеу жұмыстары нәтижесінде анықталды:
- дені сау ағаштар – 151 658 дана (69%)
- әлсірегені – 56 425 дана (28%)
- апаттық жағдайда – 4999 дана (3%)
2019 жылы 15 060 дана ағаштарды санитарлық кесу, 2 440 дана ағаштарды қалыптап кесу, 442 дана ағаштарды құлату жұмыстары жүргізілді.  

Гүлмен безендіру және көгалдандыру
Ауданды сәндік-гүлмен көгалдандыру жұмыстары "Флора Дизайн Сервис" ЖШС күшімен жүргізілуде (МЖС аясында). 2019 жылы 7 384 м2 гүлзарлар (3983 м2 ұшқыш, 1008 м2 канн, 170 м2 кілем, 499 м2 көпжылдық гүлзарлар, 1 724 тұйық және қосымша 500 м2.) егілді.

Жасыл желектерді биологиялық қорғау
2019 жылы жалпы алаңы 114,1 ГА қоғамдық орындардағы жасыл желектер нысандарын зиянкестерге, ауруларға және арамшөптерге қарсы препараттармен өңдеуге бағытталған жасыл желектерді қорғау бойынша жұмыстар жүргізілді. 

Жарықтандыру 
Құқық тәртібін сақтау аясында аулалар мен көшелерді жарықтандыру басым бағыттардың бір бөлігі болып табылады. Алмалы ауданында жалпы ұзындығы 356,6 км. 13 317 жарық нүктесі орналасқан. СЖБШ саны - 155 дана.
 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 49 жарықтандырылмаған учаскелерде 137 жарықтандыру тіректерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. 
Сондай-ақ бүгінгі таңда 26 жарықтандырылмаған учаскелерді, жекелей жарықтандырылған 49 ішкі аула аумақтарын және 68 учаскені сыртқы жарықтандыру үшін  ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүргізілген жұмыстар:
Аудан кәсіпорындары мен мекемелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында  келесі жұмыстарды жүргізді:
1.20 балалар және спорт алаңдары
2.40 нысанды жөндеу жұмыстары (мектептер, нысандар, кіреберістер, асфальттау, жарықтандыру);
3. 10 үйді сырлау және 3 ғимараттың қасбетін жаңарту;
4.Көшелердің бойына 750 қоқыс жәшіктерін орнату;
5.Жеке сектордағы 19 көшенің тұрғындарына 1500 дана қоқыс бактары берілді;
6.Аз қамтылған отбасылар тұратын 14 үй газға қосылып, жылу жүйесі жүргізілді;
7.«Мектепке жол» акциясы бойынша 1400 рюкзак пен 200 мектеп формасы таратылды;
8. Аз қамтылған отбасыларынан 1000 балаға жазғы демалыс ұйымдастырылды (бассейн, тіл үйрену мектептері, жазғы лагерь, спорттық секцияларға бару);
9. Алмалы ауданы «Бақытты отбасы» орталығы арқылы 432 отбасына көмек көрсетілді;
10.ҰОС Жеңісі күні мерекесі және Қарттар айлығы аясында 21,5 мың қарт адамдарға көмек көрсетілді.

Тұрғын үй қоры мен коммуналдық шаруашылығы бойынша жұмыс
«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасын жүзеге асыру.
 «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы аясында 19 тұрғын үйдің шатырларын, қасбеттерін және инженерлік желілерін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді және 40 тұрғын үйдегі жарамдылық мерзімі (25 жыл) өткен 88 лифт жабдықтары ауыстырылды.
2020 жылы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «ТКШ жаңғырту» бағдарламасына қатысуға тұрғындардан «Тұрғын үй» ЖШС-не 148 өтінім берілді, оның ішінде 18 КТҮ-дің шатырлары, қасбеттері және инженерлік техникасы күрделі жөндеуден және 52 КТҮ-де 126 лифт жабдықтары ауыстырылады.

Аулаларды күрделі жөндеу
215 тұрғын үйлердің  ішкі аулаларында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, 171 балалар ойын кешендері, 31 жаттығулар және 39 спорт алаңдары орнатылды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы 192 аула аумақтарына көріктендіру жұмыстарын жүргізуге оң сараптамалық қорытынды алынды. 
Бюджетке қатысу
2019 жылы «Алматы қаласының бюджетіне қатысу» 2019-2020 жылдарға арналған пилоттық жобасы іске қосылды, оған Алмалы ауданы бойынша  қала тұрғындарынан 84 жоба ұсынылды. Сараптама комиссиясы 61 жобаны қарап, мақұлдады.
 Дауыс беру нәтижесінде 38 жоба 10-нан астам дауыс жинады, оның ішінде 15 жобаны Алматы қаласының Мәслихаты мақұлдады (жерасты жаяу жүргіншілер өткелінде көлбеу лифтілерді орнату бойынша – 6 жоба, абаттандыру және көгалдандыру бойынша – 3 жоба, иттердің қалдықтарын жинау және жою  үшін санитарлық-гигиеналық кешен орнату бойынша – 1 жоба және балалар алаңдары мен спорт алаңдарын орнатуға арналған – 5 жоба)

  КПТ мен ЖТҮ-лерді газдандыру
         Аудан аумағында 3495 жеке тұрғын үй орналасқан, олардың ішінде 403-і орталық жылу жүйесіне қосылған, қалған 3092 (100%) жеке тұрғын үйлер табиғи газбен қамтамасыз етілген, 139 жеке тұрғын үйлердің иелері техникалық сипаттамаларды алып, өздігінен газ желілеріне қосылуға тиіс.
         Алмалы ауданының төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп, жеке тұрғын үйлерде көміртегі тотығының 207 қондырғысы орнатылды.
         
Кондоминимуның басқару органдары.  
Алмалы ауданында 1374 көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін 206 басқару органдары (ТПИК, ТК,ТИК) жұмыс істейді.
 2019 жылы ТПИК жеке қаражаты есебінен 1098 тұрғын үйде 112 085 233 теңге сомасында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіді.
Қаладағы тұрғын үйлер мен қаланың коммуналдық қызметтерінің сыртқы желілеріндегі апаттық жағдайларды жою, «ТКШ жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, иесіз инженерлік желілерді анықтап және одан әрі қызмет көрсету үшін қаланың коммуналдық қызметтеріне беру бойынша ауданның ПИК, ЖИК,ТК төрағаларының және аудандық коммуналдық қызметтері өкілдерінің қатысуымен 22 жиналыс өткізілді. 
Ауданның жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, тұрғын үйлердің ауласында азаматтарды қабылдауға арналған 11 көшпелі қабылдау ұйымдастырылып, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Аудан тұрғындарымен және ТПИК төрағаларымен бірге 42 аймақтық сенбілік ұйымдастырылды.
Барлық әлеуметтік нысандарды, көппәтерлі және жеке тұрғын үйлерді дератизациялау бойынша жұмыс 2 кезеңде жүргізілді.
Ауданның мердігерлік мекемердің күшімен 48 тұрғын үйде (39 аула) жасыл желектерді ағаш қандалалары мен қоңыздардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

          Жалпыүйлік есептегіш құралдарын орнату
2019 жылы көп пәтерлі тұрғын үйлерге (КТҮ) 575 жылу энергиясын есептеу құрылғысы (ЖЕҚ) орнатылды, яғни жалпы саны – 1374 көп пәтерлі тұрғын үйдің ішінен 1142 көппәтерлі тұрғын үйде 1152 жылу энергиясын есептеу құрылғысы бар. 184 көппәтерлі үйлерде орнатуға техникалық мүмкіндік болмағандықтан, жылу энергиясының есептегіш құралдары орнатылмаған. 38 көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен «АлТС» ЖШС қызметкерлерімен бірге жалпы жиналыстар өткізіліп, ыстық су және  жылумен жабдықтау қызметтерін тұтынуды үнемдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылы 38 көппәтерлі үйде 97 жылу энергиясының есептегіш құралдарын орнату жоспарлануда.
Сондай-ақ, 2019 жылы 1901 суық суды есептеу құралдарының ішінен 1256 көппәтерлі тұрғын үйлерге 1756 құрылғы орнатылды, қалған 145 құрылғы 2020 жылы ауданның 104 көп пәтерлі тұрғын үйлерінде орнатылады.

Инженерлік жүйелерді  қайта құру.
Жылу трассасын қайта құру, сумен жабдықтау станцияларын салу (Тастақ-2 ықшамауданы, Грановский көшесі,  Карьерная 1,2,3,4 көшелерінің шаршысында 300 абонентке арналған таратушы кәріз желілерінің құрылысы), Шәріпов көшесінің бойымен Бөгенбай батыр көшесінен Гоголь көшесіне дейін сумен жабдықтау желілерін қайта құру, ауданның жеке секторын 100% қамтып, орташа және төменгі қысымды жерасты және жерүсті газ құбырларын қайта құру жұмыстары жүргізілді.
Коммуналдық қызмет көрсетушілердің күшімен 603 апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жедел түрде жүргізілді.
Коммуналдық  қызметке дебиторлық берешекті төмендету
Коммуналдық кәсіпорындары өкілдерімен бірлесіп коммуналдық қызметтерге дебиторлық берешектері бар жеке және заңды тұлғаларды аралау жұмыстары жүргізілді.
Ай сайын коммуналдық кәсіпорындар тапсыратын тізімдер жаңартылып, әр тұтынушыға арналған жеке шаралар жоспары дайындалады.
Сонымен, жалпы аудан бойынша коммуналдық қызметке дебиторлық  берешек 43,92 млн.теңгеге төмендеді. 
Заңсыз көлікжайлар мен жанама құрылыстарды бұзу
2019 жылдың басынан бастап, түсіндірме жұмыстарынан  кейін, тұрғындар өз күшімен құқық белгілеуші құжаттары жоқ  228 көлікжайлары мен 54 жанама құрылыстарын бұзды.
Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 450 метр заңсыз орнатылған қоршаулар, ішкі аула аумақтарындағы өз бетінше орнатылған көлік қоюға арналған 47 бекітпелер, ішкі аулалардың кіру жолдарындағы 18 бағана мен 7 кедергілер алынып тасталды.
Иесіз инженерлік желілер
2019 жылы Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық дамыту басқармасы, Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасымен бірлесіп,  78 иесіз нысандардың тізімі құрастырылып, (жылу желілері - 1934,5 ш.м., кәріз желілері - 2843,44 ш.м., сумен жабдықтау желілері - 2133,48 ш.м., электр желілері - 7720 ш.м. және 18 трансформаторлық қосалқы станция) оларды иесіз деп тану үшін аудандық сотқа тапсырылды.

Әлеуметтік сала
       "2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы аясында 6208 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 305 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 283 адам, қоғамдық жұмыстарға 796 адам, жастар тәжірибесіне 154 адам, тұрақты жұмыс орындарына 4670 адам жұмысқа орналастырылды. 1985 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.
Аз қамтылған 630 отбасына жалпы сомасы 340 871,239 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. 3650 адам жалпы сомасы 174 млн.теңгеге әлеуметтік көмек (тұрғын үй, әлеуметтік, біржолғы көмек) алды.
       Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді ортаны құру мақсатында 100 әлеуметтік нысан бейімделді. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде 509 жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет көрсетілуде.
2019 жылдың тамыз айынан "Бақытты отбасы" отбасыларды қолдау орталығы жұмысы істеп, «ISKER ANA» жобасын жүзеге асыруда. Орталықта 5 мыңнан астам қызметтер көрсетіліп, 655 адам бизнес курстарын оқыды, оның ішінде 235 адам бизнес ашуға 100 және 200 АЕК-тен грант және 24 адам жалпы сомасы 200 млн. теңгеден аса шағын несие алды, 30 көп балалы анаға үйлерінде бизнес ашу үшін жабдықтар мен материалдар сатып алынды.
 Денсаулық сақтау
         Ауданның 26 денсаулық сақтау мекемесінде (9 республикалық,17 қалалық медициналық мекемелер) 2003 дәрігер, 4728 орта және кіші медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Емханаларда қызмет көрсетілетін халық саны – 248 401 адам.
Ауру деңгейін төмендетуде оң көрсеткіштер байқалуда, яғни жүрек-қан тамырлары аурулары – 8611 адам (2018 ж. – 9577 адам); А гепатиті – 10 адам (2018 ж. – 14 адам); ЖИТС – 5 адам (2018 ж. – 7 адам); ана өлімі – 0 (2018 ж. - 0); туберкулез - 63 адам (2018 ж. – 63 адам).
Қалалық адам ұрпағын өрбіту Орталығы жанынан жастар денсаулығын қорғау бойынша Жастар ресурстық орталығы ашылды. 
№30 қалалық емханада күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, Қалалық кардиологиялық орталығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Білім беру
Аудан  аумағында  жалпы  саны 33014 оқушыны қамтитын 40 орта  білім  беретін мектеп орналасқан (29 мемлекеттік мектепте – 30814 оқушы, 11 жеке мектепте – 2200 оқушы).
 Алмалы ауданы бойынша 92 оқушы қалалық олимпиаданың және 6 оқушы республикалық олимпиаданың жүлдегерлері атанды. 
Президенттік олимпиаданың қорытындысы бойынша №39 және №90 физика-математикалық лицейлері үздік мектептер деп танылып, 6 қатысушы жүлдегер атанды.
2019 жылғы жазғы демалыс кезеңінде Алмалы ауданының 29 орта білім беру ұйымдарында 2030 оқушыны қамтитын мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істеді, әлеуметтік қорғалмаған отбасыларынан 430 бала бюджет есебінен қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде демалды. 
Жазғы демалыс кезінде 48 (кітапханаларда, мұражайларда, ойын-сауық  алаңдарында, аула клубтарында) іс-шара ұйымдастырылып, 7790  бала қамтылды.
№18 және №25 гимназиялардың ғимараттарында сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 
Аудан аумағында жалпы саны 8188 баланы қамтитын 26 мемлекеттік және 88 жеке меншік негіздегі мектепке дейінгі білім беру мекемелер жұмыс істейді. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 518 орынға арналған 8 жеке мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді. 
 №30  балабақшада 51,2 млн.теңге  сомасына аумағын көріктендіру және 3 топқа жөндеу жұмыстарын жүргізілді. №18 гимназия аумағында 120 орындық мемлекеттік балабақша құрылысы аяқталды. № 22 балабақша ғимаратына сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Мәдениет және тілдерді дамыту
Ауданда 43 мәдени ойын-сауық нысандары орналасқан (4 кинотетар, 8 кітапхана, 10 мұражай, 1 концерт залы, 7 театр, 6 музыка мектебі, 1 балалар шығармашылығы үйі, 6 галерея). 
Мәдени мұраларға ұқыптылықпен қарау мақсатында ауданда Алматы қаласының Мәдениет басқармасымен бірге 48 тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде 11 республикалық және 37 жергілікті (1 – археология қорғаны, 1 – мавзолей, 16 – монументалды ескерткіш, 30 – сәулеткерлік ескерткіш).
2019 жылы барлық 16 монументалды ескерткішке жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік және өзге тілдерді дамыту мақсатында мемлекеттік тілді үйрету бойынша аудан тұрғындарымен сабақтар өткізілді.
И. Каримов көшесіндегі үйлерге 175 аншлаг орнатылды.
Спорт
Алматы  қаласында тұрғындарды "Спорттық Алматы"  дене  шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға белсенділікпен тарту бойынша кешенді спорттық бағдарлама жүзеге асырылуда. Оның басты міндеттері бұқаралық спортты дамыту және халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.
2019  жылы спортпен және дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысқандар, барлық жастағы, аудан тұрғындарының 30,6% - ын құрады.
Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша өңірлік бағдарламаны жүзеге асыру аясында, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2019 жылы ауданда 29 мыңнан астам адамның қатысуымен 319 іс-шара өткізілді.
Сондай-ақ, аудан мектептерінде 2046 баланы қамтитын 68 спорттық секциялар  жұмыс істейді.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында "ATRIUM" сауда ойын-сауық кешенінің базасында тегін Йога секциясы ашылды.  Сонымен  қатар, ауданда 1500-ден астам баланы қамтитын 76 жеке спорттық секциялар жұмыс істейді. 
"Спорт – менің ауламда" бағдарламасы бойынша 31 аулалық спорт алаңында 5 спорт түрінен нұсқаушылардың қатысуымен дайындық сабақтары өткізілді. 
№95 мектептің ауласында жалпы сомасы 171 млн. теңгеге спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.  39 аулада спорттық алаң орнатылды. 
Жастар саясаты 
2019 жылды "Жастар жылы"деп жарияланды. Аудандағы 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны 89 мың адамнан асады яғни аудан халқының жалпы санының 41,3% құрайды.
Ауданда «Жастар корпусы» құрылып, 3 ірі жастар қозғалысының бөлімшелері ашылды: «Арлан» белсенді жастар бірлесігі, «Жас қадам» ҚҚ, «Қазақстан Еріктілер лигасы» ҚҚ. 
Жастар корпусымен Сайран өзенінің жағалауында ашық аспан астында 26 кинокөрсетілім ұйымдастырылды. 
Ауданда 84 мыңнан аса студенттер оқитын 16 ЖОО мен 20 ОАОО орналасқан бұл қала студентерінің жалпы санының 45% құрайды. 15 мыңнан аса студенттер тұратын 47 жатақхана бар.
Каспий қоғамдық университеті Жетісу ауданы, Сүйінбай көшесі, 66 мекен жайындағы қонақүй ғимаратын 200 адамға арналған жатақхана ретінде қайта жаңартты. 

Криминогендік жағдай
2019 жылы Алмалы ауданы аумағында АЕК-те - 39086 (2018 ж. - 37625 ж.) құқықбұзушылық тіркелді, оның ішінде – 11830 (2018 ж. - 13670) қылмыстық құқық бұзушылықтар, өткен жылмен салыстырғанда төмендеу - 13,5% құрады. Қылмыстарды ашу саны - 3157, пайызбен – 24,8% (2018 ж. – 2780, пайызбен – 22,0%).  
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, соның ішінде инновациялық технологияларды енгізу жолымен ауданда 87 «Сергек» камерасы орнатылды, оның ішінде 43 – қиылыстарда, 44 - жол бойындағы желілік учаскелерде. «Қауіпсіз қала» бағдарламасы бойынша 116 камера орнатылды.
Алмалы ауданы бойынша 5 модульді стационарлық полиция бекеті орнатылды: «Арбат» (Жібек жолы-Байсейтова көшелерінің қиылысы). «Ганди паркі» (Жамбыл-Айманов көшелерінің қиылысы), Дүйсенов – Аренский көшелерінің қиылысы, Төле би – Прокофьев көшелерінің қиылысы, Гоголь – Мұратбаев көшелерінің қиылысы. 
ҚР ӘҚБтК-нің 204 бабы бойынша 1727 хаттама толтырылып, 2,2 млн. теңгеге айыппұл салынды, 1,4 млн.тг. өндіріліп алынды және 505 бабы бойынша 4632 хаттама толтырылып, 5,1 млн.теңгеге айыппұл салынды, 4,8 млн.теңге өндіріп алынды.
Рейдтер жүргізу кезінде «Тастақ», «Жұлдыз», «Никольский» (бұрынғы «Ботагөз» базары), «Кәрім» базарларының және Жібек жолы көшесінің (Арбат) іргелес аумақтары қамтылады.
Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасымен бірлесіп Алматы қаласының жергілікті атқарушы органынан берілетін рұқсат құжаттарынсыз орнатылған заңсыз жарнамаларды анықтау бойынша 23 рейдтік іс-шара өткізілді. Нысандардың иелерімен 243 маңдайша жазулары және жарнамалық құрылымдары бұзылып алынды. 
Сондай-ақ, Алмалы ауданының ЖПҚ-мен бірлесіп автотұрақтарда заңсыз ақша жинау бойынша 17 аралау және заңсыз сауданы жою бойынша 118 рейд жүргізіліп 122 ұсақ бөлшек сауда нысандары бұзылып алынды.

Мемлекеттік қызмет көрсету
Аудан әкімінің аппараты 11 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде 10 АХАТ бөлімімен (азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша),             1 мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен (спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру бойынша).
2019 жылы барлығы 16 426 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сонымен қатар, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі арқылы 792 спорттық разрядтар берілді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру  
Аудан әкімінің аппаратының жалпы құжатайналымы - 14339 құрады, оның ішінде заңды тұлғалар бойынша - 495 және жеке тұлғалар бойынша -2290, қызметтік хат-хабарлар бойынша - 7897, бастамашылық хаттар - 3657, оның ішінде "Open Almaty" қоғамдық қабылдау бөлмесінен - 538 өтініш түсті.
Алмалы ауданы әкімінің web-сайты арқылы келіп түскен өтініштер саны - 3117 (Алматы қаласы әкіміне сұрақ – 84, Алмалы ауданының әкіміне сұрақ" - 513, қаланың әлеуметтік желілері - 2520,).                                         
Барлық көтерілген мәселелердің 77%-ы тұрғын үй комуналдық шаруашылығы және көріктендіру саласына, 7%-ы - әлеуметтік салаға,                 6%-ы сауда, 4%-ы - азаматтық хал актілерін тіркеу, 2%-ы - экология, 4%-ы   - өзге мәселелерге қатысты.   

Әкімнің аудан тұрғындарымен кездесулері
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы         № 190 Жарлығы аясында Алмалы ауданының әкімі бекітілген желілік кестеге сәйкес 2019 жылғы 14 қаңтар мен 01 ақпан аралығында халықпен 7 есептік кездесу өткізді.  Кездесу барысында барлығы 2110 адам қатысты,                                                                                                               58 адам сөз сөйлеп, 94 сұрақ көтерді, оның ішінде: 37 мәселе бойынша түсініктеме берілді, 54 мәселе оң шешімін тапты, 3 мәселе бойынша жұмыс жүргізілуде.         
Тұрғындармен 107 көшпелі кездесу ұйымдастырылып, 1645 адам қамтылды, оның ішінде 55 кездесуде әлеуметтік, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелерімен мәдени шаралар бойынша 1437 адам,  кәсіпкерлік мәселелері бойынша 52 кездесуде  208 адам қамтылды.
Ашық есік күндері аясында 62 жеке қабылдау өткізіліп, 579 азамат 614 мәселе көтерді.
23.05.2019 жылы "Алматы" телеарнасында қала тұрғындарымен тікелей эфирде аудан әкімінің ашық әңгімесі өткізілді, нәтижесінде "Алматы ТВ" телеарнасының сайтына 35 өтініш, сондай-ақ "Whatsapp" мессенджері арқылы 27 сұрақ түсті. Барлық сұрақтар бойынша жауаптар берілді.
2019 жылы Алматы қаласының әкімі Б. Ә. Сағынтаевтың Алмалы ауданының тұрғындарымен екі кездесуі өткізіліп, 1045 тұрғын қатысып, 210 мәселе көтерілді. Кездесулер қортындысы бойынша азаматтардың өтініштерін қарауда «Жол картасы» құрастырылды.
2019 жылғы 07 желтоқсанында Алмалы ауданы әкімінің аудан тұрғындармен Алматы қаласы басқармалары мен аудандық қызмет басшыларының қатысуымен кездесуі өткізілді. Кездесу барысында 26 адам сөз сөйлеп, 91 сұрақ көтерілді. Барлық сұрақтар бойынша жауаптар берілді.
Түскен өтініштерді талдау нәтижесі тұрғындардың өтініштерінің көпшілігі көріктендіру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының жұмысы, әлеуметтік және сауда салалары мәселелеріне қатысты екендігін көрсетті. Барлық өтініштер қарастырылып, құзірет шеңберінде шешіліп немесе білікті және толық жауап берілді.

Тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін, пікірлерін жинауға арналған арнайы жәшіктер орнатылған орындардың мекен-жайлары: 
1. Алматы қаласы, Тұрғыт Озалы көшесі, 45, - Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназия;
2. Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 151, «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ»  ҰАҚ «Concordia»  студенттік театры;
3. Алматы қаласы, Жароков көшесі, 18 - М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп;
4. Алматы қаласы, Мұратбаев  көшесі, 200, - Абылай хан атындағыҚазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті; 
5. Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 97 - М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы;   

Алматы қаласы Алмалыауданының әкімі Б.Н.Торғаевтың
2020 жылы өткізілетін халықпен есептік кездесулерінің
жүйелік кестесі
(27 қаңтар – 08 ақпан 2020 жыл) 
 

Өткізуорныжәнекүні

Қаңтар

27.01.2020 ж.

30.01.2020 ж.

01.02.2020 ж.

05.02.2020 ж.

08.02.2020 ж.

Дүйсенбі

бейсенбі

сенбі

сәрсенбі

сенбі

Мекеме

 

 

 

 

 

 

 

«Ш.Смаханұлыатындағы

№62 гимназия» КММ

 

 

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ»  ҰАҚ

«Concordia»  студенттік

театры

«М.Әуезов

атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп» КММ

 

«Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ

«М. Тынышбаев атындағы Көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ

 

 

 

Мекен-жайы

 

 

 

 

 

 


Тұғыт Озалы көшесі, 45,

Райымбек даңғылының қиылысы

 

 

Бөгенбай батыр көшесі, 151, Масанчи көшесінің қиылысы

 

 

 

Жароков көшесі, 18,  Жамбыл көшесінің қиылысы

 

 

 

Мұратбаев көшесі, 200 Құрманғазы   көшесінің қиылысы

 

 

 

 

Шевченко көшесі, 97, Масанчи көшесінің қиылысы

 

 

 

Уақыты

 

сағат12.00

 

 

сағ. 10.00

 

 

сағ.12.00

 

 

сағ. 12.00

 

 

сағ. 11.00

 

 

 

Азаматтарды

жеке қабылдау:

сағат 11.00–де және кездесу соңында

 

Азаматтарды

жеке  қабылдау:

сағат 09.00–де  және кездесу соңында

 

Азаматтарды

жеке  қабылдау:

сағат 11.00-де және кездесу соңында

 

Азаматтарды

жеке  қабылдау:

сағат 11.00-де және кездесу соңында

 

Азаматтарды

жеке қабылдау:

сағат 10.00-де және кездесу соңында


Ескертпе: кездесу басталғанға дейін 1 сағат бұрын және кездесу аяқталғаннан кейін азаматтарды қабылдау ұйымдастырылады.