Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Алмалы аудан аппаратының 2018 жылғы 1 жартыжылдықта атқарылған жұмыс қорытындылары


Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
28.06.2018 ж. жағдайы бойынша жалпы түскен салық түсімінің көлемі 136,8 млрд. құрады, орындалуы – 99 %.
Республикалық бюджет түсімі 91,8 млрд. тг., құрады,  орындалуы – 97%. Жергілікті бюджет 45 млрд. тг., орындалуы – 103 %.
Қаңтар – қараша айларында өнеркәсіп өнімдерінің физикалық көлемінің индексі – 103,4% құрады немесе 119,8 млрд.теңге, негізгі капиталдағы инвестициялар көлемі 120,8% немесе 85,6 млрд.теңгені құрады, құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемі 109,9% немесе 30  млрд. теңгені құрады. 
«Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасына 5 кәсіпорын қатысуда. 5 жоба – субсидиялау бойынша, жалпы сомасы 2,9 млрд. теңге, субсидиялау сомасы 325,2 млн. теңге құрады.
«Жібек жолы» бағдарламасы аясында 10 кәсіпкер жалпы сомасы 369,5 млн. теңгені құрайтын жеңілдік несиесін алды.
2-ші бесжылдық шеңберінде Алмалы аудынынан 3 мекеме қатысады:
1)«АДЗ» АҚ индустрияландыру картасы бағдарламасына «негізгі өндірісті жаңғырту» жобасы бойынша қатысуға өтінім берді. Инвестиция көлемі 240 млн. тг. құрайды. 
2)«Металл пром» АҚ индустрияландыру картасы бағдарламасына «жаңа желілер құрылысы, негізгі өндірісті жаңғырту» жобасы бойынша қатысуға өтінім берді. Инвестиция көлемі 7млрд. 8 млн. тг. құрайды. Мемлекеттік қолдау барысында Алатау ауданында орналасқан Индустриялық аумақтан жер телімі бөлінген.
3)«Корпорация Сайман» АҚ индустрияландыру картасы бағдарламасына «Жылу өлшеу құралдарын шығаратын зауытты жаңғырту» жобасы бойынша қатысуға өтінім берді. Инвестиция көлемі 83 млн. тг. құрайды. Мемлекеттік қолдау аясында «Инновациялық технология Паркі» арнайы экономикалық аймақтан жер телімі бөлінген. 
Жаңа өндіріс пен кәсіп орын, жаңа жұмыс орындарын құруға ерекше көңіл бөлінеді. 2018 жылдың басынан 1776 жаңа жұмыс орыны құрылған, орындалуы 44,4%. Оның ішінде:  сауда-саттық кәсіпорныдары – 663, көлік және байланыс кәсіпорныдары – 18, білім мекемелері – 51, денсаулық мекемелері – 2, құрылыс кәсіпорныдары – 32 және басқа салаларда – 1010.
2018 жылдың ақпан-маусым айларына сәйкес өнеркәсіп өнімінің шығарылым көлемі 80,1 млрд. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес кезеңіне өнім көлемінің физикалық индексі 101,3% қалыптастырды.
2018 жылдың ақпан-маусым айларына сәйкес ірі және орта инвесторлардың негізгі капитал түріне салынған инвестициялардың барлық қаржыландыру көздері есебінен 29,4 млрд. теңге игерілді. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 78,2 % құрады.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуды 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шарттарын түсіндіру үшін аудан кәсіпкерлерімен кездесулер ұйымдастырылған. Кездесуге «Даму» АҚ мен екінші деңгейлі банк өкілдері қатысты.
Жыл басынан екінші деңгейлі банктер 16 жоба бойынша кредит берілген.
Заңсыз орнатылған жабайы сауда нысандарын анықтау және оларды алу жұмыстарын жүргізу бойынша 2018 жылдың басынан бастап 36 тексеру жұмыстары жүргізіліп, 32 нысан орнынан алынды. Тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде Жібек жолы көш. (Арбат), «Тастақ», «Жұлдыз», «Никольский» (бұрынғы атауы «Ботагөз»), «Кәрім» базарларына қарасты аумақтар қамтылды. 
Алматы қаласы Әкімдігінің 2009 ж. 16 қаңтарынан №1/29 «Алматы қаласының азық-түлік жәрмеңкелері туралы» Ұйғарымымен Жібек жолы көшесінің бойында Желтоқсан көшесі мен Наурызбай батыр көшесінің аралығында Алмалы ауданының ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі әрекет етеді. 
Жәрмеңкеге 70-тен аса Алматы облысының (Қарасай ауданының) шаруашылық қожалықтары мен ауданның кәсіпкерлері қатысады.  Жәрмеңкеде бағалар тұрақты, базардағы бағалардан 10 % кем. Жәрмеңкеге халықтың 35 % қатысады.

Көріктендіру, құрылыс, санитарлық жағдай 
Аудан аумағының санитарлық жағдайын мердігер мекемелердің күшімен қамтамасыз етіледі. Бекітілген кестеге сәйкес күнделікті 186,89 км көше, 212,2 км жаяу жүргіншілер жолы, 173,2 км арық жүйелері тазартылады.
Көктем мезгілінде апта сайын  локалды сенбіліктер өткізіліп, 1080 ш.м қоқыс шығарылады.
Қоқыс жәшіктерінен және басқа да қатты құрмыстық қалдықтарды шығарумен «Тәртіп» АҚ айналысады. Аудан бойынша 274 қоқыс жәшіктері орналасқан, оның ішінде 203 қоқыс алаңдарына жөндеу жұмыстары басталған. Қазіргі уақытта оның 152-нде жөндеу жұмыстары аяқталған.  Онымен қоса 380 дана жаңа қоқыс жәшіктері орнатылды.
«Қоршаусыз қала» жобасы аясында аудан аумағында 25 073 м ұзындықпен 426 дана қоршауларға қайта бұзу жұмыстары жүргізілді.
Сайран өзенінің  шығыс бөлігіне қайта жөндеу жұмыстары аясында 167,0 млн тг қаражатқа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда келесі жұмыстар атқарылған: 500 ш.м құм жағажайға жеткізілген, 1400 дана ағашқа санитарлық кесу, 490 дана ағашқа санитарлық қырқу, 4808 м бордюр орнатылып, спорт және волейбол алаңдарының учаскелері қарастырылып, 2260 м2 асфальт жабындысы төселді.
Сонымен қатар, 281,4 млн тг көлемінде 11 жерасты жаяу жүргіншілер жолына толықтай жөндеу жұмыстары басталды.
Аудан аумағындағы 2018 жылғы көшелердің орташа жөндеу жұмыстары аясында орташа ұзындығы 18,3 км құрайтын 16 мекен-жай бойынша көшелерге орташа жөндеу жұмыстары қарастырылған. Соның ішінде қазіргі таңда 10 мекен-жай бойынша жөндеу жұмыстары аяқталған.
5 мекен-жай бойынша жаяу жүргіншілер жолының қайта жөндеу жұмыстары аяқталды.
7,9 км ұзындықты құрайтын 8 мекен-жай бойынша арық жүйелеріне қайта жөндеу жұмыстары басталды.
Ян Гейл жобасының аясында Абылай хан, Абай, Назарбаев даңғылдарында қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
Кәсіпкерліктің қоғамдық жауапкершілігінің аясында қазіргі таңда Абай даңғылы бойындағы 3 үйге бояу жұмыстары атқарылып, 3 үйге бояу жұмыстары жүргізілу барысында.
Жароқов көшесінің 12, 14 ғимараттарының керегетастарымен бояу жұмыстары аяқталды.
Шәріпов көшесі Құрманғазы көшесінің қиылысында 1 спорт алаңы және Желтоқсан көшесі  111 мекен-жайында балалар ойын алаңы салынды.
Сонымен қатар, Ганди атындағы саябақ аумағында және Панфилов көшесі мен Қарасай батыр көшесінің қиылысында 2 қоғамдық дәретхана орнатылды.

Тұрғын үй қоры мен коммуналдық шаруашылықты жақсарту бойынша жұмыс 
Ауданда 1 409 көпқабатты жеке үйлер орналасқан, оның ішінде 36 үйдің қасбетін жөндеу жұмыстары қажет етеді. 2018 жылдың 1 жартыжылдығында 6 үйдің қасбеті кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі аясында  және 1 үй «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарлмасы бойынша ПИК қаражаты есебінен жөнделген.
Аудан бойынша Алматы қаласының эстетикалық бет-келбетіне сай келмейтін 83 заңсыз гараж бұзылған.
«Аймақтарды дамыту 2020» бағдарламасы жүзеге асыру аясында 61 көпқабатты үйлер тізімі «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» жобасына қатысуға «Тұрғын үй» ЖШС-не тапсырылды.
Аудан бойынша 1400 көппәтерлі үйдің ішінде 1793 жылу тұрақтары (элеваторлық торап) орнатылған.
2018 жылдың 22 маусым жағдайы бойынша 563 үйде 656 жылу есептегіш құралдарымен (мұнан ары ЖЕҚ) қамтамасыз етілген. 142 көппәтерлі үйде  ЖЕҚ орнату үшін техникалық мүмкіндік жоқ. 695 үйде 995 ЖЕҚ орнатылмаған, бірақ ЖШС «АлТС» мекемесіне 100 % тапсырыс берген.
Коммуналдық мекемелермен бірге дебиторлық қарыздарды өтеу бойынша жұмыстар үнемі жүргізіледі. Осыған орай 3 адамнан 2 топ құрылған. Құрамы: 1 дәрежелі инженер, «Алматинские Тепловые сети» ЖШС контролері, коммуналдық жаруашылық бөлімінің қызметкері және ЖӨӨБК аудандық өкілі.
Бюджеттік бағдаолама аясында «Tirek Architecture and Engineering» ЖШС жобалық ұйыммен 60 аулаға ЖСҚ (экспертизамен қоса)  және 40 (экспертизамен қоса) аулаға ЖСҚ әзірленген.
2018 жылдың 22 маусымына 60 ауланың 51-нде жұмыс жүргізіліп жатыр:
- 29 аулада асфальт төсеу жұмыстары аяқталған;
- 17 аулада балалар алаңдары орнатылған;
- 23 аулада сыртқы жарықтандыру тіректері орнатылған. 
«Ескі тұрғын үй» бағдарламасы аясында «Диал Строй» ЖШС мен «ВЕК» ЖШС компаниялары көп функционалды тұрғын үй кешендерін салуға тартылған: 
1.«Asem Nur Plaza» тұрғын үй кешені, «Диал-Строй» ЖШС Толе би мен Әуезов көшелерінің қиылысында.
2.«Elif Towers» тұрғын үй кешені, «Диал-Строй» ЖШС Гоголь мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында. (Мауленов к-сі, №46,50) 
3.«Otau» тұрғын үй кешені, «ВЕК-Инвест Девелопмент» ЖШС Жамбыл көшесі Байзакова  пен Жумалиев көшелерінің арасында.

Әлеуметтік сала, жұмыспен қамту
Аудан әкімі жанындағы арнайы аудандық комитет 17 отырыс өткізді, онда Семей ядролық сынақ полигонындағы  ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың 147 іс-макеті қаралып, 79 азаматқа жеңілдіктер алу құқығын растайтын куәлік берілді.
1941 жылдың 22 маусымы мен  1945 жылдың 9 мамыры аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу бойынша Алмалы ауданы әкімінің жанындағы арнайы комиссиясының 15 отырысында 43 адамның құжаты қарастырылды.
Аудандағы 508 зейнеткерге үйде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Аз қамтылған 45 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып 5,3 млн. теңге төленді, оның  ішінде 181 адам отбасы мүшелерін құрайды.
Мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау мақсатында Алматы қалалық мәслихатының шешімі бойынша «Мүгедек балаларды үйде тәрбелеп, оқытатын отбасыларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу Ережелеріне» сәйкес, нақты 65 адамға 2,2 млн теңге сома төленді. 
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлерінің бірі - тұрғын-үй көмегі. Жыл басынан тұрғын-үй көмегіне тағайындау үшін 639 өтініш түсті (480 адам), оларға тұрғын-үй көмек қызметін көрсету ретінде 8,1 млн. теңге мөлшерінде сома төленді.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету үшін 4,3 млн. Теңге сомасына 84 өтініш түсті.
Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша Жеңіс Күнінің 73 жылдығы мейрамына ҰОС-ның 76 мүгедектері мен қатысушыларына біржолғы 250 000 теңгеден ақшалай әлеуметтік көмек төленді, жалпы төленген сома 19 млн. теңгені құрады. 553 ҰОСҚМ теңестірілген азаматтарға 50 000 теңгеден біржолғы материалдық көмек төленді.
Жеңіс Күніне орай 643 адам көмекпен қамтылды, оларға барлығы 47,3млн. теңге төленді.
«Белсенді ұзақ өмір» Жол картасын іске асыру барысында (Активное долголетие, А.Чехов атындағы Кітапхана базасында қарттар үшін шахмат клубы ашылды. Қазіргі уақытта клубқа күн сайын 30-дан астам адам келеді.  № 4 кітапхана базасында және А.Чехов.кітапханасының базасында аудандағы ардагерлер мен зейнеткерлерге арналған компьютерлік курстар ашылды. Қазіргі уақытта клубқа күн сайын 40-дан астам адам келеді. 
М.Ганди саябағында аудан зейнеткерлерінің қатысуымен күнделікті таңғы және кешкі гимнастика сабақтары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 250-ден астам адам қатысады.
«ATRIUM»  сауда орталығында орналасқан «Classis Fitness centre and Healthclub» спорт клубында «Йога орталығы» ашылды. Қазіргі уақытта 30 адам қатысады.
«Гайатри» йога орталығы мен бірлесіп «Мәншүк пен Әлия» саябағында  қарт адамдарға арналған тегін йога сабақтары ашылды. Қазіргі уақытта 250-ден астам адам қатысады.
Сонымен қатар, Байсейітова мен Құрмағазы көшесінің қыйлысындағы «Workout»  спорттық жаттығу алаңында зейнеткерлерге арналған спорттық-сауықтыру гимнастикасын ашылды. Қазіргі уақытта 100-ден астам адам қатысады.
«Persona Grata» кафесінде «Шығармашылық өмір» атты Алмалы ауданының ардагерлер клубы ашылды. Бұл клубты ашудың басты мақсаты - өлеңдер оқу, ән айту, танысу, кездесу, достар табу, би билеу, аспаздық рецептілермен бөлісу және бос уақытты тиімді өткізіп, демалуға мүмкіндік беретін жайлы кеңістік ұйымдастыру! Клубқа 50-ден астам адам келеді.
Ауданның барлық емханаларында гариотологиялық және геронтологиялық орталықтар ашылған, сондай-ақ егде жастағы адамдар үшін әлеуметтік клубтар (денсаулық бөлмелері) жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 60-тан астам адам қатысады.
Жұмыспен қамтуды ынталандыру бағыттарының бірі отандық еңбек нарығын қорғау болып табылады
Аудан бойынша тіркелген жұмыссыздар саны – 1262 адам. Алматы қаласының даму бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмыстарға - 238 адам. «2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» Республикалық бағдарламасына сәйкес:
- әлеуметтік жұмыс орындары - 77 адам;
- жастар тәжірибесі - 45 адам;
- кәсіптік оқыту - 85 адам;
- тұрақты жұмыс орны - 1054 адам.

Денсаулық сақтау
Қазіргі уақытта Алмалы ауданында 9 республикалық және 17 денсаулық сақтау мекемесі жұмыс істейді, олардың 9-ы амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді.
2018-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» бағдарламасын 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында жүзеге асыру үшін 95-тен астам іс-шаралар өткізілді.
Алмалы ауданындағы денсаулық сақтау саласының статистикалық көрсеткіштері:
- перинаталды қайтыс болу -20;
- шетінеп кеткен балалар – 9;
- анасының қайтыс болуы – 0;
- туберкулезбен тіркелген – 22;
- туберкулезбен тіркелген студенттер – 2;
- балалар арасынан туберкулезбен тіркелген – 1;
- жүрек қан тамырларының ауырулары – 4207;
- гепатит «А» - 7;
- ЖҚТБ-мен тіркелген инфекция – 2;
- онкологиялық аурумен туркелген – 194;
- перзенттердің қайтыс болуы - 0;
- босану саны -2751;
- өлі туылу – 9.

Білім, мәдениет, тілдерді дамыту, спорт
Аудан аумағында жалпы білім беретін 29 мектеп орналасқан. Жалпы саны 30 855 оқушы оқиды (мемлекеттік мектептерде – 28 668 оқушы, жекеменшік мектептерде 2187 оқушы).
2017-2018 жылғы оқу жылында 11 сыныпта 1533 жас түлек оқыды (мем. мектеп – 1247, жеке мектеп – 165, кешкі бөлім - 117). ҰБТ нәтижесі бойынша аудан бойынша орташа 93,7 бал құрады.
Оның ішінде 55 оқушы «Алтын белгі», 77 оқушы «Үздік аттестат» иеленді.
Білім басқармасының бұйрығымен №16 мен №75 орта мектептер қабырғасында психикалық дамуы шектеулі балаларға арналған инклюзивті оқу сыныптары ашылған. 
Ауданда 7916 баланы қамтитын 87 мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жұмыс атқарады, оның ішінде:
- мемлекеттік балабақша – 26, балалар саны – 6086;
- жеке балабақша – 13, балалар саны – 1170;
- жеке шағын орталықтар – 49, балалар саны – 512.
Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша 263 орындық 9 жеке білім  мекемесі жұмыс істейді.
2018 жылдың 1 жартыжылдығында 4 шағын  орталық («Happy&Bright», «FasTracKids»,«Дара baby», «Наби Нур»)  және 1 жеке балабақша («Зайка») ашылған.  
Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында, есірткі және есірткі бизнесімен күресу, салауатты өмір салтын насихаттау бағдарламасын жүсеге асыру аясында 17 мың адам қамтылған 190 іс-шара өткізілді.
Алмалы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, «WorldScen» мекемесі мен «Festieval&Contest» халықаралық мәдени ұйымдармен бірлесе, Сан Марино Республикасының Қазақстан Ресбубликасы құрметті консулдығы қолдауымен 21-24 наурыз аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сан Марино - Алматы» халықаралық байқау өтті. Қазақстан, Ресей, Грузия, Өзбекістан және тағы басқа мемлеттен келген 700-ден астам өкілдер қатысты.
Чауковский атындағы Алматы қаласы музыкалық колледжінде 12 мен 15 сәуір аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында FIESTALONIA ALMATY халықаралық байқау өтті. Байқау ұйымдастырушылары Еуропадағы байқау-фестиваль комитет жүргізуші FIESTALONIA MILENIO, Қазақстан Республикасындағы Испан Корольдігі елшілігінің қолдауымен Алмалы аудан әкімі аппараты, Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі, мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласы білім және мәдениет басқармалары.

Қоғамдық қауіпсіздік
Аудандағы қылмыстық жағдайды талдау бойынша жыл басынан 3161 (2017ж.-3781) қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде 1109 (2017ж.-1316) қоғамдық орындарда,  814 (2017ж.-798) көше бойында. 
Қылмыстарды ашу деңгейі – 39,3% (2017 ж. – 33,9%), осылайша 5,4% көтерілді. 

Мемлекеттік қызмет көрсету
Аудан әкімінің аппаратымен 11 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, оның ішінде 10 АХАТ бөлімімен (азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша). 1 мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру бойынша). 
2018 жылдың 1 жартыжылдығында барлығы 8597 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 5455 – ХҚКО арқылы, 1970 – мемлекеттік орган арқылы, 1172 – электрондық үкімет порталы арқылы. 
Сонымен қатар, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі арқылы 279 спорттық разряд берілді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру
1 жартыжылдықта аудан әкімінің аппаратының жалпы құжатайналымы – 7239  құжатты құрады, оның ішінде 865 жеке тұлғалардың және 144 заңды тұлғалардың өтініштері. 
Оның ішінде Алматы қаласы әкімшілігінен 295 өтініш түскен, оның ішінде: 171 жеке тұлғалардың және 124 заңды тұлғалар.
Сонымен қатар  «Open Almaty» қоғамдық қабылдау мекемесі арқылы жеке тұлғалардан 147 өтініш тіркелді. 
Келіп түскен өтініштердің көпшілігі көріктендіру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының жұмысы және сауда саласына қатысты. Барлық көтерілген сұрақтар қарастырылып, құзірет шеңберінде шешімін тапты немесе өтініш иелеріне білікті, толық жауап берілді.