Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 01 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 сәуірде № 1464 болып тіркелді


Алматы қаласы Алмалы ауданы 
әкімі аппаратының "Б" корпусы 
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің 
қызметін бағалаудың әдістемесін 
бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 33 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына сәйкес, ШЕШТІ:
1.Қоса беріліп отырған Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
2."Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" (2017 жылдың 29 наурызында Алматы қаласының Әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1357 болып тіркелген, 2017 жылғы 01 сәуірде № 38 (5387) "Алматы ақшамы" және 2017 жылғы 01 сәуірде № 37 (13193) "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған), Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 02 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3.Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4.Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппарат басшысы К.К. Әбілқақоваға жүктелсін.
5.Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі                                                               Ж. Естенов