Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Қаржы-шаруашылық бөлімі


«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаржы-шаруашылық бөлімі жөніндегі ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қаржы-шаруашылық бөлімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Қаржы-шаруашылық бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Қаржы-шаруашылық бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласының әкімі бекітеді.

4. Қаржы-шаруашылық бөлімінде 3 қызметкер:

1. Бөлім басшысы;

2. Бас маман;

3. Бас маман.

2. Қаржы-шаруашылық бөлімінің негізгі қызметі, құқықтары мен міндеттері

5. Қаржы-шаруашылық бөлімінің негізгі мақсаты: аудан әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жузеге асыру.

2) Тарифтеу анықтамасына негізделген және белгіленген штат санының шегінде аппарат қызметкерлерінің штаттық кестесін жоспарлау.

3) Аппарат қызметкерлеріне, әулеметтік және штаттан тыс қызметкерлерге еңбекақыны және материалдық көмекті уақытылы аудару, сонымен қатар әкім аппаратын қажеті кеңсе тауарлары, оргтехникалар және өзге де материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету.

4) Аппарат және құрылымдық бөлімшелерге тиісті қаржылық кезеңіне бюджет жобасын әзірлеу.

6. Қаржы-шаруашылық бөлімінің негізгі мақсаты: бөлінген бюджеттік қаражаттардың кассалық орындалуын ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Функциялары:

1) Алдағы үш жылдық кезеңге болжам көрсеткіштерін әзірлеу.

2) Бюджет қаражаттарының мақсатты және тиімді пайдалануын бақылау.

3) Бөлінген бюджет қаражатының кассалық атқарылуын ұйымдастыру және жүзеге асыру.

4) Нормативтік-құқықтық актілерді және заңнамаларды жүйелі түрде зерделеу.

5) Жергілікті бюджет (МКҚМ) және Республикалық бюджет («Балапан» бағдарламасы) бойынша құрылымдылық бөлімшелерді есепке алу және таңдау.

7. Қаржы-шаруашылық бөлімінің құқықтары мен міндеттері:

1) бөлімге Заңдар мен осы Ереже негізінде жүктелген тапсырмаларды орындау мақстында өзге бөлімдерден ақпараттар және де өзге хабарламалар сұрай алады;

2) бөлімнің міндеттеріне сай аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі және қала әкімінің тапсырмаларын орындау барысында басшылық ететін мекемелерден, қызметтерден және кәсіпорындардан қажетті анықтамалар, ақпараттар ала алады;

3) бөлімнің құзыретіне сай есептер, анықтама және ақпараттар дайындайды;

4) жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарайды, қызметтік хат жазу міндетін орындайды. Тиісті мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды;

5) Қазақстан Республикасының Коституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік актілерді қалтқысыз орындауға және заң талаптарын сақтауға міндетті;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген өзге де құқытармен пайдаланады және міндеттерді орындайды.

3. Қаржы-шаруашылық бөлімінің жұмыстарын ұйымдастыру

8. Қаржы-шаруашылық бөлімі заңдар негізінде және Қазақстан Республикасының Президентінің актілері, өзге де нормативтік актілер негізінде өз алдына қойылған тапсырмаларды атқаруға қажетті құзыретке ие болып табылады.

9. Бөлімді қызметіне Қазақстан Республикасындағы заңдар белгілеген тәртіпте тағайындалатын және жұмыстан босатылатын бөлім басшысы басқарады.

10. Бөлім басшысы бөлімге жалпылама басшылық жасайды және бөлімнің қызметін атқаруына, бөлімге тапсырылған міндеттердің түгел атқарылуына жауап береді.

11. Бөлім басшысы аппарат жетекшісіне бөлімнің штаттық саны және құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді.