Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Көріктендіру бөлімі


«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің көріктендіру бөлімі туралы ереже
 

1.Жалпы нұсқалар

1. Көріктендіру бөлімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жүйелік бөлігі болып табылады.

2. Көріктендіру бөлімі өзінің жұмысын Қазақстан Республикасының Коституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік актілерді және осы Ережені басшылыққа ала отырып атқарады.

3. Бөлімнің жүйесі, қызметкерлердің штаттық саны Алматы қаласы әкімі тарапынан Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген тәртіпте бекітіледі.

4. Көріктендіру бөлімі 5 қызметкерлерден тұрады:
1) Бөлім басшысы;
2) Бас маман;
3) Бас маман;
4) Бас маман;
5) Жетекші маман.

2. Көріктендіру бөлімінің алдында тұрған негізгі тапсырмалар, қызмет тәртібі, құқықтары мен міндеттері


5. Көріктендіру бөлімінің жоспарларды, санитарлық тазалық, көріктендіру, құрылыс және елді мекендерді көгалдандыру, тұрғындарға қалыпты өмір сүруге жағдай жасау салаларындағы жұмыстарды ұйымдастыруы туралы:

 Қызмет тәртібі:
1) «Елді мекендерді жарықтандыру», «Елді мекендердегі санитарлық тазалықты қамтамасыз ету», «Елді мекендерді көріктендіру және көгалдандыру», «Алматы аулалары», «Иесіз жандардың жерленген орындарын күту» бюджеттік бағдарламалар аясында өткізілетін мемлекеттік сатып алу шараларының барысын реттестіреді;

2) «Елді мекендерді жарықтандыру», «Елді мекендердегі санитарлық тазалықты қамтамасыз ету», «Елді мекендерді көріктендіру және көгалдандыру», «Алматы аулалары», балабақшалардың күрделі жөндеу жұмыстары бойынша атқарылып жатқан шаралардың уақытында және сапалы түрде орындалуын ұйымдастырады;

3) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары шеңберінде аудан аумағын жарықтандыру, көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық тазалық салаларындағы мемлекеттік сатып алу сынақтарына қатысушыларға арнап сынаққа қатысу үшін берілетін құжаттарының техникалық сипаттамаларын дайындайды;

4) Келісім-шарттардың орындалу барысын қадағалайды, атқарылып жатқан жұмыстардан кемшіліктер табылған жағдайда кемшілік актілерін түзеді және қызмет көрсетушілерден көрсетілген кемшіліктердің түзетілуін талап етеді. Атқарылған жұмыстар жайлы түзілген актілерге қол қояды және оның түп нұсқасын сақтауға міндетті;

5) Қызмет көрсетушілермен бірлесе отырып, ауданның арық жүйелерінің, жолдарының, жаяу жолдарының жағдайын кемшілік актілер түзу және жобалау-сметалық құжаттарды дайындау мақстында тексереді;

6) Мемлекеттік қабылау комиссияларының жұмыстарына қатысады;

7) Аудан әкімі аппаратының бюджеті түзілу барысында көріктендіру саласындағы жұмыстардың техникалық-эконмикалық қажеттілігін дәлелдейтін ақпараттар дайындайды;

8) МСҚҚ және сәулет, жер қаынастары, жер инспекциясы өкілдерімен бірлесе отырып заңсыз құрылыстың, үй құрылыстарын заңсыз өзгертулердің, жерлерді басып алу жағдайларының алдын алады;

9) Заңды құжаттары жоқ, уақытша орнатылған темір гараждар бойынша түгендеу жұмыстарын жүргізеді;

10) Пәтерлерін әлеуметтік-мәдени және тұрмыс салалары бойынша қызмет көрсететін мекеме жасауға рұқсат алған жеке және заңды тұлғалардың ғимараттарды қайта жасау бойынша атқарып жатқан шараларын қадағалайды;

11) Кәсіпорындармен, білім, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерімен бірлесіп атқарылатын маусымдық (көктемде-күзде) санитарлық тазалық, көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастырады және атқарады;

12) Салынып жатқан, жөндеуден өткізілген нысандардың қолдануға берілуінің ықшамдалынуын, жаңа нысандардың салынуын мониторингтен өткізеді;

13) Қоқыс шығарушы мекемелердің қатқыл тұрмыстық қалдықтардын шығаруын қадағалайды;

14) Бақтар мен саябақтарда көктем-күзде жасыл желпектердің егілуін, онан арғы жерде олардың сақталуы мен күтілуін қамтамасыз етеді;

15)Төтенше жағдайлардың, табиғи апаттардың алын алу және салдарын жою жұмыстарын ұйымдастыады;

6. Көріктендіру бөліміне Қазақстан Республикасы заңдары негізінде жүктелген өзге де талаптарды орындайды.

7. Көріктендіру бөлімінің құқықтары мен міндеттері:

1) бөлімге Заңдар мен осы Ереже негізінде жүктелген тапсырмаларды орындау мақстында өзге бөлімдерден ақпараттар және де өзге хабарламалар сұрай алады;

2) бөлімнің міндеттеріне сай аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі және қала әкімінің тапсырмаларын орындау барысында басшылық ететін мекемелерден, қызметтерден және кәсіпорындардан қажетті анықтамалар, ақпараттар ала алады;

3) бөлімнің құзыретіне сай есептер, анықтама және ақпараттар дайындайды;

4) жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарайды, қызметтік хат жазу міндетін орындайды. Тиісті мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды;

5) Қазақстан Республикасының Коституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік актілерді қалтқысыз орындауға және заң талаптарын сақтауға міндетті;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген өзге де құқытармен пайдаланады және міндеттерді орындайды.

3.Көріктендіру бөлімінің жұмыстарын ұйымдастыру


8. Көріктендіру бөлімі заңдар негізінде және Қазақстан Республикасының Президентінің актілері, өзге де нормативтік актілер негізінде өз алдына қойылған тапсырмаларды атқаруға қажетті құзыретке ие болып табылады.

9.Бөлімді қызметіне Қазақстан Республикасындағы заңдар белгілеген тәртіпте тағайындалатын және жұмыстан босатылатын бөлім басшысы басқарады.

10. Бөлім басшысы бөлімге жалпылама басшылық жасайды және бөлімнің қызметін атқаруына, бөлімге тапсырылған міндеттердің түгел атқарылуына жауап береді.

11. Бөлім басшысы аппарат жетекшісіне бөлімнің штаттық саны және құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді.