Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі


БЕКІТІЛДІ
Алматы қаласы Алмалы ауданы
әкімінің 2016 жылғы « 25 » сәуір
№ 56 өкімі 


«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппараты» 
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 
құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі 
жөніндегі ереже

1. Жалпы ережелер
1. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 
2. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 
3. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласының әкімі бекітеді. 
4. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі 5 қызметкерден тұрады: 
1) Бөлімбасшысы; 
2) Бас маман; 
3) Бас маман; 
4) Бас маман;
5) Бас маман;

2. Құжаттамалық қамсыздандыру бөлімінің 
негізгі міндеттері, қызметі, құқықтары мен міндеттері
5. Құжаттамалық қамсыздандыру бөлімінің міндеттері: Құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыруды, жүргізу мен жетілдіруді, құжаттармен жұмыс істеуде қазіргі заманғы техникалық құралдарды қолдануды, әкім аппаратындағы құжаттармен жұмыс істеуге әдістемелік басшылық жасау мен белгіленген тәртіптің сақталуын бақылауды басқаруды жүзеге асыру; 
Қызметі: 
1) әкім аппаратының жұмыс жоспарын және оның орындалуы жөнінде мәлімет дайындау; 
2) аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобасын дайындауға қатысу; 
3) аудан әкімінің халықпен есептік кездесулерін ұйымдастыру; 
4) әкім аппаратының бөлімшелерінде құжаттардың өтуін, кіріс, шығыс және және ішкі құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы тіркелуін, жөнелтуді мен жеткізуді қамтамасыз ету және бақылау; 
5) әкім аппаратының қызметкерлеріне қызметтік куәліктерді дайындауды және беруді ұйымдастыру; 
6) аудан әкімінің аппарат,жоспарлық және басқа жиналыстарын ұйымдастыру, хаттамал жүргізуді, тапсырмалардың орындалуын бақылаудыжүзеге асыру; 
7) бекітілген кестеге сәйкес аудан әкім мен оның орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру; 
8) аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін тіркеу, қажет болған жағдайда қалалық БАҚ жариялау; 
9) баспа-бланктік өнімдерді есепке алу, пайдалану, сақтау және жою; 
10) мемлекеттік құпияларды қорғауды, құпия іс жүргізуді және құпиялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
11) электрондық құжатайналым бойынша есептер тапсыру; 
12) аудан әкімінің құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапаттау мәселесі бойынша құжаттарды дайындауды және келістірудің қамтамасыз ету. 
13) референдумдар, Қазақстан республикасы Президентінің, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының, қалалық мәслихат депутаттарының сайлауына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, сайлау комиссияларына өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруына көмек көрсету, Алматы қалалық сайлау комиссиясымен өзара әрекет ету. 
6. Құжаттамалық қамсыздандыру бөлімінің міндеттері: әкім аппаратының Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызылған, ұдайы және уақытша сақталатын, іс жүргізілуі аяқталған құжаттарын топтастыру, әкім аппаратында жүргізілетін істердің қалыптастырылуы мен рәсімделуін бақылауды жүзеге асыру.
 
Құжаттамалық қамсыздандыру бөлімінің қызметі: 
1) жиынтық істер номенклатурасын құрастырады, істерді жедел сақтауды және оларды заңда белгіленген мерзімде ведомстволық мұрағатқа өткізгенге дейін пайдалануды қамтамасыз етеді;  
2) мекеменің мұрағатына құжаттарды уақытша өткізетін уақытта құжаттардың құндылығын сараптауда құрылымдық бөлімдерге әдістемелік көмек көрсету; 
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызылған құжаттарды мемлекеттік сақтау үшін Алматы қ. ОММ-на мемлекеттік сақтау үшін дайындайды және тапсырады. 
7. Құжаттамалық қамсыздандыру бөлімінің міндеттері: бөлімнің құзіреті шегінде жүктелген міндеттерге сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғауды, құпия іс жүргізуді және құпиялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

Құжаттамалық қамсыздандыру бөлімінің қызметі: 
1) ақпаратты қорғауды, объектішілік және рұқсат беру тәртібін, құпия іс жүргізуді және құпиялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету; 
8. Құжаттамалық қамсыздандыру бөлімінің құқықтары мен міндеттері:
1) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпараттар мен бөлімнің құзырына жатқызылған материалдарды сұрауға және алуға; 
2) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде құжаттама жасауды және құжаттаманы басқаруды ұйымдастыру бойынша тексерулер жүргізуге және тексеру қорытындыларын басшылыққа шара қолдану үшін жеткізуге; 
3) басшылыққа заңдардың және ережелердің белгіленген талаптарын бұзған қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізуге; 
4) жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарының, сонымен қатар барлық қызметтік хат-хабарлардың Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ші Заңмен бекітілген мерзімде орындалуын бақылауды жүзеге асыру; 
5) іс жүргізу бойынша нұсқаулық талаптарын бұзып тапсырылған құжаттарды орындаушыларға қайтаруға;
6); аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан аудан әкімінің, орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмаларын орындау бойынша мәліметтерді уақытылы тапсыруы жөніндк талап етуге; 
7) Еңбек және орындаушылық тәртібін сақтауға, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияларды сақтауға және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңында айқындалған міндеттерді орындау. 

3. Құжаттамалық қамсыздандыру бөлімінің жұмыстарын ұйымдастыру 
9. Коммуналдық шаруашылық бөлімі заңдар негізінде және Қазақстан Республикасының Президентінің актілері, өзге де нормативтік актілер негізінде өз алдына қойылған тапсырмаларды атқаруға қажетті құзыретке ие болып табылады. 
10. Бөлімді қызметіне Қазақстан Республикасындағы заңдар белгілеген тәртіпте тағайындалатын және жұмыстан босатылатын бөлім басшысы басқарады. 
11. Бөлім басшысы бөлімге жалпылама басшылық жасайды және бөлімнің қызметін атқаруына, бөлімге тапсырылған міндеттердің түгел атқарылуына жауап береді. 
12. Бөлім басшысы аудан әкіміне бөлімнің штаттық саны және құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді.