Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Мемлекеттік-құқықтық бөлімі


«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік-құқықтық бөлімі жөніндегі ереже

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік-құқықтық бөлімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Мемлекеттік-құқықтық бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласының әкімі бекітеді.

4. Мемлекеттік-құқықтық бөлімі 3 қызметкер:

1) Бөлім басшысы;

2) Бас маман;

3) Бас маманнан тұрады.

2. Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің негізгі қызметі, құқықтары мен міндеттері

5. Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің міндеті: Аудан әкімі аппаратының барлық бөлімдерімен Алмалы ауданы әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларын әзірлеуде заңдылығын қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, Президентінің актілерімен, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес негізгі міндеттер мен қызметтерді жүзеге асыру.

2) Нормативтік құқықтық актілеріне талдау жүргізу;

3) Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Алмалы ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау және олардың ісі жөніндегі комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету;

4) Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы мәселелер бойынша комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету;

5) Құқықтық білім беру мектебінің жұмысын ұйымдастыру;

6) Аудан аумағындағы құқықтық тәртіпті қорғау, қылмысқа және жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру бойынша құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын және үйлестіруді қамтамасыз ету;

7) Әкімнің қарауына ауданда сыбайлас жемқорлыққа, қылмысқа қарсы күрес және құқықтық тәртіпті нығайту бойынша аудан әкімінің шешімдер мен өкімдер жобаларын енгізеді, осы сала бойынша құқық қорғау органдарының қызметін өзара әрекетін үйлестіреді орындалуын бақылайды.

8) Кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстылықтың алдын алу;

9) Азаматтардың қылмыстық қастандықтан және бұзушылықтан, конституциялық құқықтары мен заңды мүддесін қорғау;

10) Сотқа талап арыздарды дайындауды және сот отырыстарына қатысуды қамтамасыз ету;

11) Алқабилерге үміркерлердің бастапқы және қосалқы тізімін дайындау;

12) Ауданның кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

14) Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған Алматы өңірлік жоспарын жүзеге асыру.

15) 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Алматы өңірлік жоспарын жүзеге асыру.

16) Алматы қаласы әкімдігінің 2012-2014 жылдарға арналған адам саудасына байланысты қылмысқа күрес, оны болдырмау, алдын-алу жоспарын жүзеге асыру.

7. Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің құқығы және міндеттері:

1) Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдарынан және меншік түріне қарамастан басқа да ұйымдардан бөлім құзырына қатысты қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрау және алу.

2) Бөлімнің құзыретіне кіретін, барлық жетелеуші кәсіпорындарды, қажетті аудан үшін анықтамалық мекемелер мен қызметтердің, ақпараттық, қала әкімінің тапсырмалары бойынша аналитикалық материалдарды орындау, сондай-ақ аудан мен бағыттаушы аудан әкімі орынбасарының тапсырмалары бойынша мәселелерді коррдинациялау және әрекеттесу.

3) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты материалдар, есептемелерді дайындау.

4) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру және қызметтік хат-хабарларды орындау. Бөлімнің құзырына қатысты азаматтарды қабылдау.

5) Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерін және өзге де Қазақстан Республикасы Президенттінің актілерін, Қазақстан заңдарын қатаң сақтай отырып және Конституцияны мүлтіксіз сақтай отырып, заңдылықтың қағидаларымен жетекшілік ету.

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған, басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекетік-құқықтық бөлімінің ұйымдастыру қызметі

8. Бөлім өз міндеттері мен функциялық қызметтерін іске асыру кезінде заңнамалық актілері мен Қазақстан Республикасының Президентінің актілеріне сейкес қажетті өкілеттікке ие.

9. Қазақстан Республикасының қызметке қабылдау және босату заңнамасына сәйкес, бөлім басшысы бөлімге басшылық етеді.

10. Бөлім басшысы бөлімге жалпы басшылық етеді және бөлімге талап етілген міндеттерімен функцияларын жүзеге асыру барысында дербес жауапты.

11. Бөлім басшысы аппарат басшысына бөлім құрылымы мен шататтық кестеге ұсыныс ұсынады.