Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Коммуналдық шаруашылық бөлімі


«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің коммуналдық шаруашылық бөлімі туралы ереже

1. Жалпы нұсқалар

1. Коммуналдық шаруашылық бөлімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жүйелік бөлігі болып табылады.

2. Коммуналдық бөлімі өзінің жұмысын Қазақстан Республикасының Коституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік актілерді және осы Ережені басшылыққа ала отырып атқарады.

3. Бөлімнің жүйесі, қызметкерлердің штаттық саны Алматы қаласы әкімі тарапынан Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген тәртіпте бекітіледі.

4. Коммуналдық шаруашылық бөлімі 4 қызметкерлерден тұрады:

1) Бөлім басшысы;

2) Бас маман;

3) Бас маман;

4) Бас маман;

2. Коммуналдық шаруашылық бөлімінің алдында тұрған негізгі тапсырмалар, қызмет тәртібі, құқықтары мен міндеттері

5. Коммуналдық шаруашылық бөлімінің алдында тұрған аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында энергетика, су, кәріз жүйелерінің жұмыстарын тоқтаусыз жүргізуге арналған жоспарларды, шараларды, нормативтік аткілерді орындау бағытындағы талаптар:

Қызмет тәртібі:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметінің 10. 09. 1997 жылғы № 436 шешімімен бекітілген инженерлік жүйелерді сақтаудың талаптарын орындайтын шараларды қадағалау;

2) аудан көлеміндегі иесіз инженерлік жүйелерді Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беруге арналған шаралардың орындалуын қадағалау;

3) аудан аумағында су, кәріз, газ, жылу, электр, телекоммунакация жүйелеріне жөндеу жүргізу барысында жер қазу жұмыстарына рұқсат сұраған арыздарды қабылдау, ороындауын қадағалау және түбіртектерге қол қою;

4) апаттық жағдайларды тез жөндеу мақсатында жөндеу қызметтерінің жұмысын бақылауда ұстау;

5) МСҚҚ Басқармасының ордері негізінде тозығы жеткен құрылыстардың сындырылуын қадағалау, жеке және заңды тұлғалардың тапсыратын меншікті білдіруші және меншікті айқындайтын құжаттардың негізінде сындыру актілерін дайындау;

6) тұрғын үйлердің күзгі-қысқы маусымға дайындығы жайлы мәселені қарайтын комиссияның отырысын дайындау және өткізу, тұрғындарға берілетін коммуналдық қызметтердің сапасының жоғарылауын қамтамасыз ету (энергия, су-кәріз, газ, жылу) ;

7) үйлерің жертөлелерінің, шатырларының жөндеу жұмыстарын қадағалау, мониторингтен өткізу;

8) су, жылу, газ; кәріз, электр жүйелерінің күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізілуін қадағалау;

9) тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерінің жөндеуден өткізілуін, лифт шаруашылықтарының жағдайын, кіре берістерді және тозығы жеткен үйлердің жағдайын қадағалау;

10) Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық Басқармасымен, Алматы жылу жүйелері мекемесімен; Алматы Су Холдингімпен. Алматы Жарық Компаниясымен, РЭС-1, РЭС-2, Алматыэнергосбыт, Алматытелеком, Алматы газ жүйелері, пәтери иелері кооперативтерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізу.

6. Коммуналдық шаруашылық бөліміне Қазақстан Республикасы заңдары негізінде жүктелген өзге де талаптарды орындайды.

7. Коммуналдық шаруашылық бөлімінің құқықтары мен міндеттері:

1) бөлімге Заңдар мен осы Ереже негізінде жүктелген тапсырмаларды орындау мақстында өзге бөлімдерден ақпараттар және де өзге хабарламалар сұрай алады;

2) бөлімнің міндеттеріне сай аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі және қала әкімінің тапсырмаларын орындау барысында басшылық ететін мекемелерден, қызметтерден және кәсіпорындардан қажетті анықтамалар, ақпараттар ала алады;

3) бөлімнің құзыретіне сай есептер, анықтама және ақпараттар дайындайды;

4) жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарайды, қызметтік хат жазу міндетін орындайды. Тиісті мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды;

5) Қазақстан Республикасының Коституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік актілерді қалтқысыз орындауға және заң талаптарын сақтауға міндетті;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген өзге де құқықтармен пайдаланады және міндеттерді орындайды.

3. Коммуналдық шаруашылық бөлімінің жұмыстарын ұйымдастыру

8. Коммуналдық шаруашылық бөлімі заңдар негізінде және Қазақстан Республикасының Президентінің актілері, өзге де нормативтік актілер негізінде өз алдына қойылған тапсырмаларды атқаруға қажетті құзыретке ие болып табылады.

9. Бөлімді қызметіне Қазақстан Республикасындағы заңдар белгілеген тәртіпте тағайындалатын және жұмыстан босатылатын бөлім басшысы басқарады.

10. Бөлім басшысы бөлімге жалпылама басшылық жасайды және бөлімнің қызметін атқаруына, бөлімге тапсырылған міндеттердің түгел атқарылуына жауап береді.

11. Бөлім басшысы аппарат жетекшісіне бөлімнің штаттық саны және құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді.