Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі


«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жөніндегі ереже

1. Жалпы ережелер

1. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласының әкімі бекітеді.

4. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 3 қызметкерден тұрады:

1) Бөлім басшысы;

2) Бас маман;

3) Бас маман.

2. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің негізгі қызметі, құқықтары мен міндеттері

5. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің міндеті: білім беру, спорт, мәдениет саласындағы Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, жоғары тұрған органдардың директивтік құжаттарын орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) ауданда мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, қала әкімдігімен өткізілетін мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге қатысу;

2) мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік, орыс, ағылшын жәнге өзге ұлттық тілдерді әрекет етуін және кеңінен қолданылуына жағдай жасау, жұмыс әдісі мен стилін жетілдіру;

3) тарихи-мәдени мұраларды есепке алу, тіркеу, қорғау және пайдалану бойынша атқарылатын жұмыстарда көмектесу;

4) жаз мезігілінде балалр мен жас өспірімдердің бос уақыттарн ұйымдастыруға жәрдемдесу;

5) жедел әскери қызметке шақыру әскер жасындағы жастарды тіркеуді ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен қарым-қатнасты қамтамасыз ету;

6) эвакуациялық комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;

7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру, жетекшілік ету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау;

8) стратегиялық жоспарды, мемлекеттік тілдер саясатын, мемлекеттік, аймақтық және қалалық бағдарламаларды жүзеге асыру;

9) жоғары тұрған ұйымдарға атқарылған жұмыстар туралы есептерді даярлау және қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес бөлімнің іс қағаздарын жүргізу;

10) Алматы қаласының Мәдениет, Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама, Туризм, Дене шынықтыру және спорт басқармаларымен, Алматы қаласының мәслихаты, Алмалы ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен, аудан бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқрамасымен, аудандық білім бөлімімен, мәдениет мекемелері және шығармашылық бірлестіктермен, спорттық ұйымдармен және аула клубтарымен өзара әрекет ету.

6. Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жүктелген басқа да тапсырмаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген ретте орындау.

1) Заңмен жүктелген қажетті тапсырмалар мен функцияларды орындау үшін мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдарынан және меншік түріне қарамастан басқа да ұйымдарданбөлім құзырына қатысты қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрау және алу;

2) Жетекшілік ететін мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелермен, мекемелермен және ұйымдармен өзара байланысты жүзеге асыру;

3) Бөлімнің құзіреттілігіне қарасты ақпараттар бойынша есептерді дайындау;

4) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау және қызметтік корреспонденцияны орындау. Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша азаматтардың қабылдауын жүргізу;

5) Заңдық принциптерді жетекшілікке ала отырып, Қазақстан Республикасының заңдарын және Конституциясын қатаң сақтау, Қазақстан Республикасының Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сай жұмыс жасау;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмыстарын ұйымдастыру

7. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі заңдар негізінде және Қазақстан Республикасының Президентінің актілері, өзге де нормативтік актілер негізінде өз алдына қойылған тапсырмаларды атқаруға қажетті құзыретке ие болып табылады.

8.Бөлімді қызметіне Қазақстан Республикасындағы заңдар белгілеген тәртіпте тағайындалатын және жұмыстан босатылатын бөлім басшысы басқарады.

9. Бөлім басшысы бөлімге жалпылама басшылық жасайды және бөлімнің қызметін атқаруына, бөлімге тапсырылған міндеттердің түгел атқарылуына жауап береді.

10. Бөлім басшысы аппарат жетекшісіне бөлімнің штаттық саны және құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді.