Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімі


«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімі туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

1. Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлім «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласының әкімі бекітеді.

4. Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлім 3 қызметкер:

1)                  Бөлім басшысы;

2)                  Бас маман;

3)                  Бас маманнан тұрады.

 

2. Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімнің негізгі қызметі, құқықтары мен міндеттері

 

5. Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімнің міндеті:кәсіпкерлік қызметті дамыту, халыққа қызмет көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, жоғары тұрған органдардың директивтік құжаттарының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

Функциялары:

1)      кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімнің құзіретіне қатысты мәселелер бойынша қала, аудан әкімінің, жетекшілік ететін әкім орынбасарының өкімдерін, тапсырмаларын орындалуын ұйымдастыру және бақылау;

2)      кәсіпкерлік және өнеркәсіпті қолдау және дамыту бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету;

3)      кәсіпкерлік пен өнеркәсіп саласында жоспарлар, іс-шаралар және нормативті-құқықтық актілерді орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

4)      аудан бойынша барлық кәсіпорындар мен ұйымдармен үнемі ұйымдастырушылық-кеңес берушілік жұмыстар жүргізу.

6. Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімнің міндеті: Жетекшілік ететін өнеркәсіп, көлік, байланыс кәсіпорындарын қолдау және дамыту бойынша ұйымдастыру және үйлестіру шараларын жүргізу;

Функциялары:

1)      бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қала, аудан әкімінің тапсырмаларын орындауға қажетті анықтамалар, ақпараттар, аналитикалық материалдар дайындау үшін барлық жетекшілік ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру және өзара әрекет ету;

2)      кәсіпкерлерге сауда нысандарын, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету саласын ашу мәселелері бойынша олардың қызметіне қатысты консультативтік көмек көрсету және Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму  басқармасымен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету; 

3)      жоғары тұрған органдарға бағдарламалық құжаттар, ұсыныстар дайындау, өнеркәсіп, көлік, байланыс, кәсіпкерлік кәсіпорындарының проблемалық мәселелерін шешуді қолданыстағы заңнамалардың шегінде қарастыру және әрекет ету;

4)      кәсіпкерлік және өндіріс салаларының дамуына қолдау көрсету, олардың жұмысына талдау жүргізу;

5)      сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпрындарының және ұйымдарының қызметтерін үйлестіру;

6)      ұйымдаспаған сауданы жою бойынша аудандық ІІБ, ветеринарлық қызмет, Алматы қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, мемлекеттік кіріс басқармасы және ТЖ жұмысын үйлестіру;

7)      кәсіпкерлік субьектілерімен іргелес аумақтарды көріктендіру және санитарлық тазалау мәселелері бойынша жұмыстар жүргізу;

8)      негізгі экономикалық көрсеткіштердің орындалуына талдау жасау, статистикалық мәліметтерді өңдеу, меншік түріне қарамастан аудандағы кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша талдамалық анықтамалар дайындау;

9)      өнеркәсіп кәсіпорындарының қаржы-экномикалық көрсеткіштерін талдау;

10) азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларда тамақтану және сауда қызметінің жұмысын ұйымдастыру;

7. Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді орындау;

8. Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

1) Заңнамамен және Ережемен жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды басқа құрылымдық бөлімшелерден сұрату және алу;

2) бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қала, аудан әкімінің тапсырмаларын орындауға қажетті анықтамалар, ақпараттар, аналитикалық материалдар дайындау үшін барлық жетекшілік ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру және өзара әрекет ету;

3) бөлім өкілеттігіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық материалдар, есептер дайындау;

4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарастыру, қызметтік корреспонденцияны орындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру;

5) ҚР Конституциясын, Заңдарын, ҚР Президентінің актілерін, ҚР басқа да құқықтық-нормативтік актілерін бұлжытпай сақтай отырып, заңдық принциптерді басшылыққа алу;

6) ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да құқықтар мен міндеттерді іске асыру.

3. Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімнің

қызметін ұйымдастыру

9. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Президентінің актілері, заңнамалық актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес неігзі қызметтер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

10. Бөлімге Қазақстан Республикасының заңнамасы белгіленген тәртіппен қызметке алынатын және одан босатылатын бөлім басшысы басшылық етеді.

11. Бөлім басшысы Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен қызметтерін атқаруы үшін жеке жауапты болады.

12. Бөлім басшысы аппарат басшысына бөлімнің штаттық кестесі мен құрылымы бойынша ұсыныстар береді.