Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Азаматтық хал актілердің тіркеу бөлімі


«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының» мемлекеттік мекемесінің Азаматтық хал актілердің тіркеу бөлімінің ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Азаматтық хал актілердің тіркеу бөлімі мемлекеттік мекеменің «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының» құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Азаматтық хал актілердің тіркеу бөлімі өз қызметін ҚР Конституциясына, заңдарға, ҚР Президенті мен Ұкіметінің заңдары мен актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес іске асырады.

3. Азаматтық хал актілердің тіркеу бөлімінің құрлымы мен штат кестесі ҚР заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімімен бекітіледі.

4. Азаматтық хал актілердің тіркеу бөлімі екі қызметекерден тұрады

1. Бөлім басшысы

2. Бас маман

2. Азаматтық хал актілердің тіркеу бөлімінің жалпы мақсаттары мен функциялары, құқықтары мен міндеттері

5. Азаматтық хал актілердің тіркеу бөлімінің міндеті, мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Функциялары:

1) Тегін, әкесінің атын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне толықтырулар, өзгертулер мен түзетулер енгізу.

2) Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне толықтырулар, өзгертулер мен түзетулер енгізу.

3) Азаматтық хал актілерін қайта қалпына келтіру.

4) Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру.

5) Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне толықтырулар, өзгертулер мен түзетулер енгізу.

6) Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне толықтырулар, өзгертулер мен түзетулер енгізу.

7) Тууды тіркеу оның ішінде азаматтық хал актілеріне, оның ішінде азаматтық хал актілеріне толықтырулар, өзгертулер мен түзетулер енгізу.

8) Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне толықтырулар, өзгертулер мен түзетулер енгізу.

9) Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне толықтырулар, өзгертулер мен түзетулер енгізу.

10) Тұрғындар арасында қазіргі уақытта қолданылатын отбасылық заңнамалары бойынша құқықтық жұмыстар өткізу.

6. ҚР заңнамаларына сәйкес азаматтық хал актілердің тіркеу бөліміне жүктелген басқада міндеттерді орындау.

7. Азаматтық хал актілердің тіркеу бөлімінің құқықтары мен міндеттері.

1) Заңмен және осы Ережемен міндеттелген функцияларды орындау үшін басқа құқықтық бөлімшелерден, құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу.

2) Бөлімге міндеттелген сұрақтар бойынша басшылық ететін аудан әкімі орынбасарының, аудан мен қала әкімінің тапсырмасы бойынша, анықтамаларды, хабарламаларды, аналитикалық құжаттарды дайындау үшін

тапсырмаларды орындау барысында барлық мекемелер мен ұйымдардың жұмысын өзара қарым-қатынасын орнату.

3) Бөлімге қатысты сұрақтар бойынша есептер мен ақпараттық құжаттар дайындау.

4) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және қызметтік хат- хабарды орындау, жетекшілік ететін сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау.

5) ҚР Конститутциясы мен заңдарын, Президентінің акітілерін, басқада нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алып заңдылықты орындауды қамтамасыз ету.

6) ҚР қолданыстағы заңнамаларына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді орындау.

3. Азаматтық хал актілердің тіркеу бөлімінің қызметін ұйымдастыру

8. Азаматтық хал актілердің тіркеу бөлімінің негізгі міндеттері мен функцияларды, ҚР заңдарын, Президентінің акітілерін, басқада нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алып орындау.

9. Бөлімді ҚР заңнамасына сәйкес жұмысқа тағайындалатын және жұмыстан босатылатын бөлім басшысы басқарады.

10. бөлім басшысы жалпы басшылықты іске асырады, АХАТ бөліміне міндеттелген мәселерді және өз міндеттерін орындау барысында жеке жауаптылық жүктеледі.

11. Бөлім басшысы аппарат басшысына бөлімінің құрылымымен штаттық кестесі бойынша өзінің ұсынымдарын ұсынады.