Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әлеуметтік сала бөлімі


«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» Мемелекеттік коммуналдық мекемесінің әлеуметтік сала бөлімінің ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Әлеуметтік сала бөлімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» Мемелекеттік коммуналдық мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Әлеуметтік сала бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Призидент пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңдарын, актілерін, басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады.

3. Әлеуметтік сала бөлімінің құрылымы, штат санын Қазақстан Республикасының заңдамасымен бекітілген тәртіп бойынша Алматы қаласының әкімі бекітіледі.

4. Әлеуметтік сала бөлімінде 3 қызыметкер бар:

1) Бөлім басшысы

2) Бас маман

3) Бас маман

2. Әлеуметтік сала бөлімінің мақсаты,қызметі,құқықтары мен міндеттері

2.1. Әлеуметтік сала бөлімінің мақсаты:

1) Азаматтар мен заңды тұлғаларға Қзақстан Республикасының Конституциясының нормаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлықтарын, қаулылары мен басқа да заң актілерін және қала әкімі мен аудан әкімінің әлеуметтік сала бойынша шешімдерін орындауға көмек көрсету;

Қызметтері:

Әлеуметтік және денсаулық сақтау саласы бойынша жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін қарау. Осы мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау;

Әлеуметтік сала, денсаулық сақтау және гендерлік саясат мәселелері бойынша шаралар өткізу;

Бөлімге жүктелген міндеттер мен бөлім құзырынан тыс мәселелерді шешу үшін аудан әкімі аппаратының басқа бөлімдерімен өзара әрекет жасау.

2.2. Әлеуметтік сала бөлімінің міндеті:

Әлеуметтік және денсаулық сақтау саласы мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың директивті құжаттарын жүзеге асыру жөнінде материалдар дайындау, өз құзіреті аясында олардың орындалуына бақылау жасау.

Қызметтері:

Әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінен, мемелекеттік органдар, кәсіпорындар және басқа да мекемелерден (меншік түріне қарамастан) бөлім құзырына кіретін материалдар, мәліметтер алу;

Жауап беретін мәселелері бойынша жеке тұлғалардан, заңды тұлғалардан түскен өтініштерді, шағымдар және қызметтік хаттарды қарау.

2.3. Әлеуметтік сала бөлімінің міндеті:

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңына сәйкес сот шешімі бойынша іс-әрекетке қабілетсіз, іс- әрекеті шектелген хабарсыз жоғалғандар, өлді деп танылған қәмілетке толған азаматтарды қорғау және көмек көрсету бөлімінің жұмысын үйлестіру.

Қызметтері:

Сот шешімі бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарға қамқоршы тағайындау үшін құжаттар қабылдау.

Қала, аудан әкімінің және аудан әкімі орынбасарының бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша тапсырмалары мен өкімдерін дайындау және орындалуына бақылауды ұйымдастыру.

Сот шешімі бойынша іс- әрекетке қабілетсіз, іс-әрекеті шектелген, хабарсыз жоғалғандар, өлді деп танылған азаматтардың мүлдесін қорғау үшін Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңына сәйкес сот мәжілістеріне қатысу.

2.4. Әлеуметтік сала бөлімінің міндеті:

Қала, аудан әкімі орынбасарының бөлімі құзіретіне кіретін мәселелер бойынша тапсырмаларының орындалуы туралы қажетті анықтама, ақпарат, материалдар дайындау үшін ауданның барлық кәсіпорындары мен мекемелерінің бірлескен жұмысын үйлестіру.

Қызметтері:

Әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінен, мемелекеттік органдар, кәсіпорындар және басқа да мекемелерден (меншік түріне қарамастан) бөлім құзырына кіретін материалдар, мәлеметтер алу;

Жауап беретін мәселелері бойынша жеке тұлғалардан, заңды тұлғалардан түскен өтініштерді, шағымдар және қызыметтік хаттарды қарау;

Қол астына кіретін кәсіпорындар мен мекеме қызметкерлерін мәселені қарап, аудан әкімі мен әкім орынбасарының қарауына ұсыну үшін сәйкес ұсыныстар дайындауға қатыстыру.

2.5. Әлеуметтік сала бөлімінің міндеті:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік сала бөліміне жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Қызметтері:

Әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінен, мемелекеттік органдар, кәсіпорындар және басқа да мекемелерден (меншік түріне қарамастан) бөлім құзырына кіретін материалдар, мәлеметтер алу;

Жауап беретін мәселелері бойынша жеке тұлғалардан, заңды тұлғалардан түскен өтініштерді, шағымдар және қызметтік хаттарды қарау.

2.6. Әлеуметтік сала бөлімінің міндеті:

Семей сынақ полигонындағы ядролық жарылыстар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, оларға куәлік беру комиссиясының жұмысын қамтамассыз ету.

Қызметтері:

Құжаттар қабылдау;

Арнайы комиссиясының шешімін шығару;

Істерді ҚЖТО беру

2.7. Әлеуметтік сала бөлімінің міндеті:

22 маусым 1941 жылдан бастап 9 мамыр 1945 жыл арналған 6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін анықтайтын комиссия жұмысын қамтамасыз ету.

Қызметтері.

Әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінен, мемелекеттік органдар, кәсіпорындар және басқа да мекемелерден ( меншік түріне қарамастан) бөлім құзырына кіретін материалдар, мәлеметтер алу;

Арнайы комиссияның шешімін шығару.

2.8. Әлеуметтік сала бөлімінің міндеті:

Әйелдер ісі және отбасылық - демографиялық саясат комиссиясы. Қызметтері:

Шаралар, акциялар өткізу

Бөлім жұмысының сәйкес бағытындағы мәселелер қаралатын қалалық және аудандық әкімдігінің мәжілістеріне қатысу

2.9. Әлеуметтік сала бөлімінің міндеті:

Жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің жұмысын үйлестіру.

Қызметтері:

Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің жұмысын бақылау

Конституция талаптарын мүлтіксіз сақтап және Қазақстан Республикасыгың заңдарын, Қазақстан Республикасы Призидентінің актілері мен басқа да нормативтік - құқықтық актілерді қатаң сақтап, заңдылық принциптерін басшылыққа алу.

2.10. Әлеуметтік сала бөлімінің міндеті:

Қоғамдық бірлестіктермен жұмысты жүзеге асырады: ардагерлер мен зейнеткерлер Кеңесі, мүгедектер Қоғамы, көп балалы отбасылар Одағы, т. б.

Қызметтері:

Шаралар өткізу

Қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңдамасында қарастырылған басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.