Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әкімнің орынбасары


Алмалы ауданы әкімінің орынбасары

Бекжанова Айнұр Серікқызы

Қазақстан Республикасының Заңдарының, Президентінің Жарлықтарының, және Үкіметінің қаулыларының уақытылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Ішкі және жастар саясаты, халықты әлеуметтік қорғау, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және тілдерді дамыту, туризм, спорт және дене шынықтыру мәселелері бойынша Алматы қаласы әкімінің және қалалық Мәслихаттың шешімдерінің, өкімдері мен қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, орындалуын қамтамасыз етеді. Халықты әлеуметтік қорғау, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, денсаулық сақтау, білім беру саласында әкім аппараты бөлімдерінің қызметін үйлестіруді және басшылықты қамтамасыз етеді. Алматы қаласының Ішкі саясат, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Денсаулық сақтау, Мәдениет, Білім беру, Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама, Дене шынықтыру және спорт басқармаларымен, аудандық білім бөлімімен, емдеу-сауықтыру мекемелерімен, Қорғаныс істері басқармасымен, ардагерлер Кеңесімен, мүгедектер қоғамымен, көпбалалы отбасылары Одағымен, діни және гендерлік саясатты жүзеге асыру бойынша қоғамдық мекемелермен, партиялармен, ұлттық-мәдени орталықтармен, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарымен, БАҚ-мен өзара байланысты жүзеге асырады. Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі, атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есебін жүргізу жөнінде, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығына дейін 6 айдан кем мерзім жұмыс істеген тұлғаларға еңбек өтілін белгілеу бойынша арнайы комиссия, Алмалы ауданының қорғаныс істер басқармасы жанындағы әскерге шақыру, эвакуациялық және кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі және олардың құқығын қорғау бойынша ведомствоаралық комиссияларға басшылық етеді. Спортшыларға спорттық разрядттар беру және біліктілік санаттарын беру бойынша жұмыстарды қадағалайды. Құзыры шегінде азаматтардың өтініштерін қарастырады және қабылдау жүргізеді.