Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әкімнің орынбасары


Алмалы ауданы әкімінің орынбасары

Хайруллин Ерден Рашидұлы


Қазақстан Республикасының Заңдарының, Президентінің Жарлықтарының, және Үкіметінің қаулыларының уақытылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Әлеуметтік-экономикалық даму, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, көлік және байланыс, қызмет көрсету саласы мәселелері Алматы қаласы әкімінің және қалалық мәслихаттың шешімдерінің, өкімдері мен қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Шағын бизнесті, өнеркәсіпті, сауда және қызмет көрсетуді дамыту мен қолдау бағдарламаларының орындалуын ұйымдастырады. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлар, бағдарламалар даярлау және іске асыру, жағымды инвестициялық жағдай жасау мәселелеріне жетекшілік етеді, заң бұзушылықтары үшін сауда нысандары қызметін тоқтату бойынша ұсыныс енгізеді. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың индустриялдық-иннновациялық дамуы бағдарламаларының іске асырылуы бойынша аудан кәсіпорындарының қызметіне талдау жүргізеді. Кәсіпкерлік, өнеркәсіп, көлік, байланыс салаларын және бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы бойынша әкім аппараты бөлімдерінің қызметін үйлестіреді және басшылықты жүзеге асырады. Жоғарғы атқарушы органдармен жұмысты үйлестіреді. Құзыры шегінде азаматтардың хаттарын, шағымдарын, өтініштерін қарастырады және қабылдау жүргізеді. Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Жолаушылар көлігі, Автомобиль жолдары, Мемлекеттік кірістер жөніндегі басқармаларымен, Алматы қаласы тұтынушылардың құқығын қорғау департаментімен, тұтынушылар құқықтарын қорғау Одағымен, қалалық және аудандық салық комитеттерімен, Мемлекеттік мүлік бойынша Алматы қалалық аймақтық комитеті, аудандық ІІБ, төтенше жағдайларда сауда мен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтермен, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен, қаржы институттарымен, сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету саласы, көлік және байланыс кәсіпорындарымен, ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарымен жетекшілік ететін мәселелер бойынша өзара байланысты жүзеге асырады. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы» Заңдарының, сонымен қатар қалалық және аудандық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы бағдарламалар талаптарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Алмалы аудандық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша комиссиясына басшылық етеді. Құзыры шегінде азаматтардың өтініштерін қарастырады және қабылдау жүргізеді.