Бүгін Алмалы ауданының әкімі М.Ү.Прінбековтің Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін салтанатты қабылдауы өтті
Мерекелік дастархан басында соғыс жылдарындағы қиын қыстау еске алынып, кинофильмдерден үзінді көрсетіліп, ел қаҺармандарына мерекелік концерт қойылды. Ардагерлерге ерліктері үшін алғыс айтылды. Жалпы аудан бойынша 300-ден астам Ұлы Отан соғыс ардагері мен тыл еңбеккерлері бар. Бірі қалмай, түгелі салтанатты жиынға шақырылды.
Жеңіс күні қарсаңында Алмалы ауданының әкімі Прінбеков Марат Үсенұлы ардагерлерді мерекемен құттықтап шықты. Аудан әкімі бірқатар қарияларды үйлеріне барып құттықтап, батылдықтары үшін алғысын айтып, азық-түлік қобдишасын сыйға тарту етті. Жалпы аудан бойынша үш жүзден астам соғыс ардагері мен тыл еңбеккерлері бар. Ешқайсы қараусыз қалған жоқ. Аудан әкімшілігінің өкілдері әрқайсының үйлеріне барып, келе жатқан меркемен құттықтап, алғыстарын білдіріп, сыйлықтарын тарту етті.
Алмалы ауданында «Ұлан» әскери-спорттық ойыны өткізілді
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 маусымындағы «Әскери борыш және әскери қызмет туралы» заңына сәйкес, жастардың әскери – патриоттық тәрбиесін шыңдау және алғашқы әскери дайындық білімін жетілдіру мақсатында 2012 жылдың 9,10 сәуірінде № 136 ЖББМ аумағында Алмалы ауданының үздік взводын анықтау үшін «Ұлан» әскери-спорттық ойынының 1- кезеңі өткізілді. Жарыс финалына Алмалы ауданындағы 29 мектептің ішінен № 15, 16, 18, 67, 135, 136, 167 мектеп командалары өтті.
Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде Алмалы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен жастар арасында кері діни ағымдардың және діни экстремизм мен терроризм идеяларының қабылданбауын қалыптастыруға арналған студенттермен кездесу өтті. Басқосуға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор А.Құрманалиева...
Алматыда «Жеңіс күніне» арналған веложарыс болып өтті
Бүгін «Мәдениет жылы» және «Жеңіс күнін» мерекелеу аясында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен веложарыс болып өтті. Оған осы саланың кәсіби шеберлері, алматылықтар мен қала қонақтары қатысты.
Алматыда Отан қорғаушы күні мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығына арналған шаралар өтуде
Мерекелік шаралар Тәуелсіздік Монументіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, қалалық ардагерлер Кеңесі, Қазақстан Республикасының генералдар Кеңесі, Алматының өңірлік гарнизоны, Ауған соғысының ардагерлері, саяси партиялар мен ҮЕҰ және қалалық жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Алматыда ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі ашылды
Алматы әкімі Ахметжан Есімов жаңа маусымда ашылып отырған Алматы облысы ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілдердің қалалық жәрмеңкесінің жұмысымен танысты. Жәрмеңкеге Талдықорған, Қапшағай,Текелі қалалары мен Алматы облысының 16 ауданы және «Жетісу», «Алматы» ӘКК-лары қатысты.
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.
«Елімізде тұрып жатқан барлық этностардың бірлігінің, ұйымшылдығының арқасында біз елеулі табыстарға қол жеткіздік. Тарихи қысқа мерзімде –20 жылдың ішінде қуатты тәуелсіз ел құрдық, оны бүкіл дүниежүзіне әйгілі мемлекет жасадық. Олардың ұлтына және діни сенімдеріне қарамастан, достық пен сенім, ынтымақтастық пен ауызбірлік біздің отандастарымыздың барлығына тән.
2012 жылдың 29 сәуірінде Алматыда дәстүрлі жәрмеңкелер маусымы ашылады. «Астана» алаңында Алматы облысы тауарөндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде ет, сүт, балық, жеміс-көкөніс өнімдерімен қатар жарма, өсімдік майы, бал, шырындар мен көптеген басқа да өнімдер нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылады.
2012 жылдың 24 сәуірінде сағат 15.00-де Алматы қаласы Орталық стадионының баспасөз-орталығында Қазақстанның Регби Ұлттық Ассоциациясы мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы мен ҚР Регби Ұлттық Ассоциациясы мүшелері БАҚ-қа арнайы баспасөз конференциясын өткізіп, сондай-ақ тілшілер аккредитациясы мен алаңға өту үшін рұқсат қағаздары беріледі.
Шон Карреннің Америкалық Заманауи Би Тобы Алматыда өнер көрсетеді
14 сәуірде сағат 19:00-де Шон Карреннің америкалық заманауи би труппасы Абай атындағы Опера және балет театрында Алматыдағы мәдениет жылының аясында жалғыз концертін өткізеді. Концертке билеттерді Абай атындағы театрдың кассаларынан алуға болады. АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен келетін сегіз адамнан тұратын бишілер тобы «Самұрық» заманауи бишілер театрының бишілеріне және Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы хорегорафия факультетінің, Хореография колледжінің студенттеріне арнап мастер-кластар өткізеді.
2012 жылдың 22 наурыз күні сағат 11.00-ден 15.00 аралығында «Астана» алаңында (Абылай хан даңғылы мен Төле би көшелерінің қиылысы) Алмалы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Наурыз мейрамына арналған «Ұлыстың Ұлы Күні» атты мерекелік бағдарлама өтеді. Мерекелік іс-шара барысында «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі бірқатар күйлер мен туындыларды орындайды.