Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Саясат САЯСАТ



Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2018 жылдың 12 айында атқарған жұмысы туралы есебі


Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің  2018 жылға арналған жұмыс жоспары Алмалы ауданы әкімінің өкімімен бекітілген.  
Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген негізгі функциялардың бірі мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік қызметшілер туралы және Әдеп кодексі туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекілген Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары туралы Ереженің 9 тармағына сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерді және өзге де тұлғаларды қабылдауды жүзеге асырады.
Аудан әкімі аппаратының ғимараттарында, аудан әкімінің ресми интернет ресурстарында, сондай-ақ ғимараттың фойесінде Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ақпарат, оның функционалдық міндеттері және мемлекеттік қызметшілер мен өзге де тұлғаларды қабылдау күндері туралы ақпарат орналастырылған (қабылдау күндері демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін). 
Жыл басынан Әдеп жөніндегі уәкіл 52 мемлекеттік қызметшілер мен өзге де тұлғаларға, оның ішінде 40 мемлекеттік қызметкерге және 12 жеке тұлғаға  консультациялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша 2 өтініш қаралды. 
Әдеп жөніндегі уәкіл тұрақты түрде әдеп нормалары бұзылуының алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейін арттыру мақсатында семинарлар, дәрістер мен  түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жыл басынан құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 15 түсіндіру шаралары, оның ішінде 12 семинар және дәрістер өткізілді.
Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында аппарат қызметшілерінің іс-әрекетіне қатысты жағымсыз жарияланымдар және жеке аккаунттарында фото, бейнематериалдар мен мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін пікірлерді орналастыруды анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен танымал әлеуметтік желілерде тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.
Мониторинг барысында БАҚ-та теріс материалдар, мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін мемлекеттік қызметшілердің фото материалдары анықталған жоқ. Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілермен материалдарды орналастыруға жол бермеудің алдын алуда уақтылы шаралар қабылдап, жеке қабылдаулар өткізіледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру мақсатында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалар алған сыйлықтарды тапсыру бойынша жадынама әзірленді. Жадынамамен аппарат қызметкерлері таныстырылып, таратылды.
2018 жылдың 17 қазанында аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің және "Social Development Center" қоғамдық ұйымының қатысуымен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының және мемлекеттік қызметшілердің әдеп Кодексінің талаптарын түсіндіру бойынша семинар өткізілді. 
2018 жылдың 10 желтоқсанында Әдеп жөніндегі уәкіл әдеп нормаларымен құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептері мен жағдайларына талдау жүргізді (2018 жылдың қаңтар-қараша кезеңі). Талдау нәтижесі бойынша басшылыққа аппарат қызметкерлері арасында құқық бұзушылықтарға жол бермеудің алдын алу мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы ұсыныс енгізді.
Ұжымдағы моральдық-психологиялық климаттың жай-күйіне және қызметтік әдеп нормаларын сақталуына бақылау (мониторинг) жүргізу мақсатында Әдеп жөніндегі уәкіл тұрақты негізде аппарат қызметкерлері арасында  анонимдік сауалнама жүргізіп отырады.  
Әдеп жөніндегі уәкіл 38 (100%) аппарат қызметкерлері арасында анонимдік сауалнама жүргізді. Анонимді сауалнамаларға талдау жүргізу қорытындысы бойынша аппарат қызметкерлері тарапынан қызметтік әдеп нормаларының бұзылуы анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілері күніне орай, аудан әкімі аппаратында оң имиджді және ұжымдағы жағымды климатты қалыптастыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлер аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Аудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі өзіне жүктелген міндеттері бойынша тұрақты негізде уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы және қызметін үйлестіру мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілімен жұмыс жүргізіп отырады. 


Алмалы ауданы әкімі аппаратының
Әдеп жөніндегі уәкілі                                                                           К. Әбілқақова