Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Саясат САЯСАТ



«Ұлт жоспары - Н.Назарбаевтың бесинституционалдық реформасынжүзегеасырудың 100 қадамын» практикалық іске асыру


Өткен жылдың 11 наурызында өткен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезінде, Мемлекет басшысы – Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетті нығайту және әлемнің  дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену үшін Қазақстан Республикасында бес институционалдық реформасынын іске асыруды бастағаны туралы жариялады. 
Кейінрек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы бес институционалдық реформасынын іске асырудың –«Ұлт жоспары –бесинституционалдық реформасынжүзегеасырудың 100 қадамы»қадамдарын белгіледі.
2016 жылдың 1 қаңтарында «Бесинституционалдық реформасынжүзегеасырудың 100 қадамы» Ұлт жоспарының практикалық кезеңі басталды. 
Сөйтіп, уақыттың кішкентай аралығында жекелеген қадамдарды іске асыруға бағытталған бірнеше заңнамалық актілер қабылданып, қолданысқа енгізілді.
Толығымен алғанда барлық тараптардан Ұлт жоспарын іске асыру бойынша кең қолдау көрсетілді.
Бірінші реформа Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға, конкурс арқылы және меритократия қағадаларында  мемлекеттік қызметкерлердің жаңа кадрлық корпусын құрастыруға бағытталған.
Мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі министрлік құрастырылған, ал оның құрылымында – Жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша ұлттық бюро бар.
Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстағы және тұрмыстағы іс- әрекеттер стандарттары регламенттелген мемлекеттік қызметтің жаңа Әдеп кодексі әзірленді.
Екінші реформа азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдардың қатаң орындалуына және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған Қазақстанның сот және құқық қорғау жүйесінің тәуелсіздігі болып табылады.
Оның заңнамалық қамтамасыз ету жоспарында жаңа Азаматтық процестік кодексі және жаңа «Жоғарғы сот кеңесі туралы» Заңы қабылданды. «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңына, Қылмыстық процестік кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қажетті өзгертулер енгізілді.
Алдымен, жаңартылған заңнама қоғамның сот жүйесіне сенімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Заң жүзінде судьялардың кандидаттарын таңдаудың қатаң механизмі және олардың біліктілік талаптары қарастырылды.
Осыған байланысты Жоғарғы сот кеңесі түбегейлі қайта құрастырылды. Сот реформасының маңызды аспектісі – бес сатылысот жүйесінен үш бөлімді сот жүйесіне асуысу болып табылады. 
Сонымен бірге, жеке сот орындаушыларының институтын дамыту мақсатында заңнама актілеріне біршама өзгертулер енгізілді, олар бойынша лицензияларды алуға құқығы бар тұлғалардың шеңбері кеңейтілді, сонымен қатар заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге қатысты атқарушы құжаттарын ЖСО-ның ерекше құзіретіне беру қарастырылды.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қауымдастықтарға есеп беретін жергілікті полиция қызметтері құрылды. Жергілікті полиция қызметінің өкілеттілігі: қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол-бақылау қызметі, ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеушілік мәселелері қарастырады.
Пенитенциярлық жүйені дамыту өзекті болып табылады. Бұл жұмыс мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі шеңберінде жүргізілуі тиіс.
Белгіленген шараларды және амалдарды іске асыру азаматтар, сондай-ақ шетел инвесторлары тарапынан ұлттық сот және құқық қорғау жүйелеріне сенімділікті ұлғайтады және еліміздегі бизнес-климатты толығымен жақсартады.
Халықаралық еңбек ұйымының еңбек стандарттарына негізделген Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексі қабылданды. 
Еңбек шартының талаптарын өзгерту рәсімдері заңнама жүзінде жайдақталды, еңбек ұжымдарының өзін-өзі басқару жүйелерін енгізу бойынша, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы ұжымдық келіссөздер механизімі бойынша шаралар қарастырылды.
Тұтас алғанда жаңа әлеуметтік саясаттың маңызды аспектісі адами потенциалын дамытудағы инвестициялардың жүйелі ұлғаюымен байланысты.
Маңызды өзгертулер Мәдениет саясатының концепциясына, тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. 
Жекелеген Әрекеттер жоспарын іске асыру шеңберіндегі мемлекет пен БКБ арасындағы әрекеттесудің маңызы зор.
Транспарентті және есеп беретін мемлекетті құру мақсатында «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылды.
Бұл жаңа құрылымда бұрын қызмет көрсеткен «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы», «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы» біріктірілген. 
Азаматтар тек осы мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдеріне жүгіне алады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгертулер мен толықтырулар қабылданды.
Мемлекеттік органдарына соңғы нәтижеге қол жеткізу үшін бюджеттік қаражатты шұғыл қайта бөлу құқығы берілді.
Мемлекет транспарентігінің және есеп беруінің негізгі критерилерінің бірі тұрғындардың ақпаратқа қолжетімділігі болып табылады.
2016 жылдың басынан бастап азаматтардың және заңды тұлғалардың  өтініштері бойынша мемлекеттік органдардың және ұйымдардың, мемлекеттік құпия және заңмен қорғалатын өзге құпияларды есепке қоспағанда, барлық ақпараттарына қолжетімділік қамтамасыз етілген.
2016 жылдан бастап орталық және жергілікті мемлекеттік органдарында автономдық, дербестік, жариялылық принциптерінде қоғамдық кеңестер құрылды және қызмет көрсетіп жүрген кеңестер қайтадан құрылды. 
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес бұл институт қоғамдық бақылаудың жаңа тиімді құралдарын алды.
Кеңестердің шешімдері кепілдемелік сипатта болады, бірақ мемлекеттік органдарына оларды қарастыру міндетті болып табылады.
Толығымен алғанда индустриалдық реформалады іске асыру біздің мемлекетімізге айқындықты және транспаренттікті қамтамасыз етеді, тиімді мемлекеттік аппаратты, бәсекелесуге қабілеттіэкономиканы, сондай-ақ жағымды инвестициялық климатты құру мүмкіндігін береді.

Алматы қ. Алмалы ауданы бойынша Әділет басқармасының басшысы Құсайынов Кемаль Қайсарұлы